Қышқылдар мен сілтілер. Индикаторлар. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал. 2 - сабақ.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Осы оқу мақсатын меңгеру екі сағатқа жоспарланған. Өткен сабақта қарастырылған индикаторлардың түсінің өзгерісін қайталап өтіп, оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын анықтауға бағыттаңыз.

 Оқушыларды тірі және өлі табиғаттағы қышқылдық, сілтілік және бейтарап орталарды ажырата білу қабілеттерін дамыту үшін зертханалық жұмыс ұйымдастырыңыз. Әмбебап индикаторымен қатар, табиғи индикаторлардың көмегімен ортаны анықтатыңыз, ол үшін оқушыларды табиғи индикаторды дайындау әдісімен іс жүзінде таныстырыңыз. Күнделікті тұрмыста қолданылатын заттардың орталарын (кока-кола, қымыз, минералды су, ас содасы, кір сабын, әк суы, «асқазан ұнтағы», сусабын және т.б.) анықтаған дұрыс. Ұсынылған заттарды қолда бар заттармен алмастыруға болады. Экспериментті орындау барысында қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөліңіз. Қауіп-қатерді анықтап, оны сенімді басқаратыныңызға көз жеткізіңіз. Ыстық сумен жұмыс барысында стандартты сақтық шараларын орындаңыз. Зертханалық жұмысты орындағаннан кейін оқушылардың жұмысына кері байланыс беріңіз.

 Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған. Сабақ соңында бастапқы оқу мақсатына, бағалау критерийіне қайтадан оралып, оқу мақсатын меңгергендіктері туралы әңгімелесіңіз. Сабақ барысында қабілеті төмен оқушыларға мұғалім немесе жұпта, топта жұмыс істеу барысында қабілеті жоғары оқушылар тарапынан қолдау көрсетіледі. Жұмысты бастамас бұрын оқушылармен дескрипторды талдап алған жөн. Қалыптастырушы бағалау сабақ бойына өткізіледі.

 Тиімді сілтеме:

 http://www.education.com/science-fair/article/lemonade-science/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу