Ауа неден құралады? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау
Жаратылыстану пәні 3 сынып
4 тарау 3 сабақ
Сабақ тақырыбы: Ауа неден құралады?
Ұйымдастыру. Кесте толтыру.
дене | зат |
балға | |
шыны | |
доп | |
ағаш | |
қалам |
Заттар мен денелерге мысалдар келтіру арқылы оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгеріп, түсінгендерін білуге болады. Мысалдарды оқушылардың өздері ойластырып жазу үшін бос кестені толтыртуға да болады.
Сәйкестендіру.
Оқушылар газ тәрізді, қатты, сұйық заттардың атауын сәйкес суреттермен сәйкестендіреді және өз шешімдерін дәлелдейді.
Жұмбақ жасыру.
Ауа туралы жұмбақ жасырып, ауа сөзіне ассоциация жасау. Ауа қандай күйде болатынын сұрай отырып сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Айырмашылығын тап
Екі ғаламшардың суретін салыстыру арқылы Жерде ғана тіршілік бар екенін айтып, себебін айтқызып, балалардың болжамы тыңдалады.
Ауа құрамы.
Ауа құрамының диаграммасын көрсету арқылы ауаның құрамындағы заттармен таныстыру. Оның құрамында көп және ең аз заттарды анықтау.
От пен ауа. Ауаның жануды күшейтетінін еске түсіре отырып, қай кезде от жақсы жанатыны, қай кезде жанбайтыны жайлы оқушылардың ойын тыңдау.
Зертте. Балауыз шам қаншалықты ұзақ жанады?
Оттың жануына ауа қажет деген болжамды дәлелдеу.
Алдын-ала экспериментке қажет құралдар дайындалады. Әр қадамды зерттеушінің күнделігіне жазылып отырылады. Суретін салуға болады. Қорытындысы кестеге толтырылады. Өрт қауіпсіздігі жайлы нұсқау беріледі.
Эксперимент: Балауыз шамдарды жағу.
Екі балауыз шамның үстіне бір уақытта бір литрлік және үш литрлік құтыларды қойып, біреуін ашық қалдырылады. Қай балауыз шам ұзақ тұрады, неліктен деген сұраққа жауап
айтылады.
Қажет құралдар | |
Эксперимент болжамы | |
Эксперимент нәтижесі | |
Қорытынды | |
Эксперименттен алған әсерім |
Ойлан. Қай жердің ауасы таза екенін анықтап, өз таңдауларын жасайды, ауаны тазарту немесе ластамау жолдарын айтады.
Рефлексия
- Бүгін сен қандай оқушы болдың?
- Бүгінгі сабақтан қандай қорытынды шығардың?
- Не оңай болды?
- Не қиын болды?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?