Қазақ тілі мен әдебиеті_1 сынып_4-бөлім_ Бізді қоршаған әлем_Ауа рай туралы жазамын_ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім: Бізді қоршаған әлем | Мектеп: ФМБ-дағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні : Сагинова Г.Т. | ||
Сынып: 1 В | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Ауа райы туралы өлең жазамын. Ъ белгісі | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқубағдарламасы на сілтеме) | 1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу 1.3.7.1 мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету 1.2.9.2 дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну және дұрыс оқу | ||
Сабақ мақсаттары | Барлығы біледі: Мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай тиісті сөздерді таңдап жазады Көпшілігі: Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбыстардың айтылу ерекшелігін ескере отырып, сөзді дұрыс жазады Кейбіреуі: Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді | ||
Бағалау критерийлері
|
| ||
Сөздік қор | Жыл мезгілдері, табиғат құбылыстарын, ай аттарын пайдаланады. | ||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық. | ||
Пәнаралықбайланыстар | Дүниетану, математика | ||
Алдыңғы меңгерілген білім | Ауа райын сипаттауға қатысты сөздерді біледі. | ||
Сабақбарысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Дереккөздер | |
Сабақтың басы 2 минут 2 мин | (Ұ)Психологиялық ахуал -Қане балалар шеңбер құрып тұрайық.Бойымызды, денемізді оятайық.Сәлем көздер, оянайықСәлем құлақтар оянайықСәлем қолдар оянайықСәлем аяқтар оянайық- Балалар ұйқыдан оянғанда даладан нені көресіңдер?- Күнді, күннің нұрын көреміз.- Күннің нұрын көргенде қалай қуанасыңдар?- Алақай! - деп қуанамыз.- Далаға шыққанда жоғарыдан нені көреміз?- Жоғарыдан аспанды, бұлтты, күнді көреміз.- Төменнен нені көреміз?- Ағашты, үйді, жерді көреміз.-Ендеше балалар біз аспанға, жерге, күнге жылы лебізімізбен сәлемдесейік.Қайырлы таң, көк аспан!Қайырлы таң, алтын күн!Қайырлы таң, асыл жер!Қайырлы таң, достарым!Достарымды көргендеҚуана қарсы аламын.Сәлем, сәлем, сәлем!(Ұ)Диалог құру «Сен маған, мен саған» Екі оқушы ортаға шығып, бір-бірімен әңгімелеседі Ауа райы жайлы сұрақтар қояды. -Балалар не жайлы әңгімелесті? -Балалар,қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы не жайлы болмақ? /Оқушылардың жауаптарын тыңдау/ | Интерактивті тақта Суреттер | |
Сабақ ортасы 2 мин
2 мин
2 мин
2 мин
5мин
8 мин
10 мин
3 мин | (Ұ) Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Жұмбақ жасыру: Пойызда жоқ, Подъезде бар. Сөзде жоқ, Съезде бар. Ъ белгісімен және оның қызметімен таныстыру. Видеожазбадан ъ белгісіне қатысты суреттер көрсету, сөздерді қайталату. Ъ белгісі жайлы білімдерін бекіту үшін бағандағы сөздермен жұмыс жасатып, «ъ» белгісі бар сөздерді оқытып жаттықтыру: объектив, разъезд, съезд, подъезд. Ъ белгісін және қатысты сөздерді дәптерде жазу Сергіту сәті: Музыка қойылып, балалар әртүрлі қимылдар жасайды (Ұ, МК) Оқушылардың көмегімен «Бірлесіп жазу» әдісін қолдана отырып, қарлы күн туралы өлең жазуды көрсету. Лексиканы қолдануды үйрету. Сөздер мен сөз тіркестерін біріктіріп, қарапайым өлең нұсқасын жазу. «Бірлесіп жазу» әдісін қолдану:
(Ө,Қ) Берілген құрылымға сәйкес оқушыларға ауа райы туралы өлең жазуды тапсыру. Далада қар …............., Ақ мамыққа .................... Мұз ......................., қатады .............................. боп жатады. Далада қар борайды, Ақ мамыққа орайды Мұз болады, қатады Жып-жылтыр боп жатады. Жазу барысында суретке сүйенуге ұсыныс беру. Дұрыс айтып, дұрыс ұйқастырғандарды мадақтау. (Т) Оқушылар жазған өлеңдерінің қателерін түзетуге, қызықтырақ етіп жазуға, сипаттамаларында нақты детальдарды қолдануларына көмектесу үшін «Бағытталған жазу» әдісін қолдану:
Қабілеті жоғары оқушыларға басқа да ауа райының түрлеріне арнап өлең жазуды ұсыну. Жазылған өлеңдерді тақтаға ілуді ұсынып, оқушыларға дауыстап оқуға мүмкіндік беру. Оқушылардың:
| Ъ белгісіне қатысты видеожазба Жазу дәптері Жұмыс дәптері Өлеңдер жазылған карточкалар, жыл мезгілдерінің суреттері, | |
Сабақтың соңы 3 мин | Рефлексия:Сабақ соңында оқушылар басбармақты таңдау бойынша түсініктері қандай деңгейде екенін көрсетеді, ой бөліседі. | Басбармақ суреттері | |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Оқушылар қиналған жағдайда көмек көрсетіп қолдау. Қабілеті жоғары оқушыларға басқа да ауа райының түрлеріне арнап өлең жазуды ұсыну. | Оқушылардың сөз, сөйлем құрастыру қабілеттерін бақылау арқылы бағалау. Мадақтау сөздер, смайликтер беру арқылы бағалау. | Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?