Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы

10 сынып , қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:

Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

А/И 1.Әдеби шығарманың композиция

сы

Сабақ мақсаты:

10.А/И1. Әдеби шығарманың композициясын

уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау

Құндылықтарды игерту:

- өмір бойы білім алу;

- ашықтық;,құрмет,адалдық,жауапкершілік;

Пәнаралық байланыс:

Тарих ,психология

Дерек көздері

Слайд ,бейнематериал көрсетіледі

Бағалау критерийлері:

Шығарманың композициялық құрылымын талдайды;

Шығармадағы оқиғаларды мекеніне, уақытына қарай жүйелей алады.

Тілдік мақсаттар:

Тақырып бойынша өз ойларын сауатты және дәлелді жеткізе білуге даярлау, зерттеу қабілеттерін дамыту

Пән лексикасы және терминология: уақыт пен кеңістік мәселесі;

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: таңдау, іріктеу, салыстыру, анықтау, баяндау;

Осыған дейін меңгерілген білім

Ж.Аймауытов шығармашылығы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі

(Оқушылар назарын сабаққа аударамын, сабақ мақсатымен, тақырыбымен таныстырамын , топқа бөлінеді)

Марқакөл, Орыстар, Ақбілек, Ескендір болып топқа бөлінеді.

Қызығушылықты ояту

https://www.youtube.com/watch?v=HplW8NV3Y5c

(Бейнематериал қосылып тұрады?)

Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Ақбілек» романы Ж.Аймауытовтың шоқтығы биік шығармасы. Ол сол кездегі қазақ прозасы романының асқан биігі іспеттес. Бұл роман Алтай аймағына,дәлірек айтқанда Күршім мен Марқакөл аудандарын жалғастырған Қалғұты бойына сапарға шыққанда жазылған. 

Ой шақыру

  • Шығармадағы оқиғалар Қазақстанның қай өңірінде болған ?
  • Қазақстанның осы өңірі туралы тарихтан, географиядан не білеміз?

https://www.youtube.com/watch?v=HplW8NV3Y5c

15 минут +10 минут

Сабақтың соңы

5 минут

Мағынаны тану

Тірек сөздер арқылы шығарма желісін еске түсіреміз: 1.Ақбілектің анасының оққа ұшуы 2.Мұқаш 3.Мамырбайдың баласы 4.Қасықтай қанымды қи! 5.Алды қараңғы түн. 6.Аман қалды 7.Өмір тасқыны 

Оқушылар жауабы тыңдалады.

Берілетін тапсырмалар:

Мұғалімнің сөзі:

Шығармадағы оқиғалар әр жерде өрбіп отырған. Жазушы өз шығармасында оқиға өтетін белгілі бір кеңістікті жасайды. Ол кеңістіктің ауқымы кеңейіп, оқиғадан да тыс көп дүниелерді қамтуы мүмкін. Авантюралық, саяхаттық немесе фантастикалық, модернистік романдарда оқиға жерден тыс басқа әлемдерде өтуі мүмкін. Сонымен қатар оқиға бір бөлменің ішінде ғана немесе бір күн, бір сағат ішінде өтуі де мүмкін. Кеңістіктің «географиялық орта»  ретінде нақты, реалды түрі болады. Мысалы тарихи романдардағы кеңістік. Ол ойдан шығарылған, фантастикалық сипатта болуы мүмкін.

Шығармадағы көркемдік қызмет атқаратын уақыт пен кеңістіктің бірлігін «хронотоп» деп атайды. Оқиғалар орын алатын мекен мен мезгілді біздің әдебиетшілер «мекеншақ» (Б.Майтанов) деп те атап жүр.

  • тапсырма

Шығармадағы кеңістік пен уақытты анықтау үшін композициялық құрылымына талдау жасайық.

Шығарманың  композициялық  құрылысы.

(әр оқушы өз бетінше жұмыс жасайды.)

Шығарманың  басталуы:

 Мамырбай ауылына  бандының  шабуылы

Шығарманың  шиеленісі:

Ақбілекті  бандының  алып кетуіне  Мұқаш себепші болды

Шарықтау  шегі:

 Ақ әскер  жансауғалап  қашып, Ақбілекті  қосқа тастап кетті

Шешімі:

Ақбілектің  жан-дүниесі

(Мұғалімнің жауабымен салыстырылады)

2 -тапсырма

Топтық жұмыс :

Оқушылар оқиғалардың өткен орны мен уақытын анықтау үшін топта жұмыс істейді.Топ мүшелері оқиғалардың өткен орнын, уақытын кейіпкерлер әрекетімен байланыстырып, талдайды.

І топ (Марқакөл - Шығарманың  басталуы

ІІ топ (Орыстар) - Шығарманың шиеленісі

ІІІ топ (Ақбілек) – Шығарманың шарықтау шегі

ІV топ (Ескендір) – Шешімі

Топтық жұмыстар сынып алдында қорғалады.

Бағалау критерийіне сай оқушылар жұмысы бағаланады.

Дескриптор:

Шығарманың композициялық құрылымын анықтайды:

  • Шығарманың басталуын, шиеленісін, шарықтау шегін, шешімін табады.
  • Оқиғалардың өткен орнын, мезгілін анықтайды.
  • Кейіпкерлер әрекетін оқиға орны мен мезгілімен байланыстырып айтады.

ІІІ. Ойтолғаныс

“Ақбілектің заманында мен өмір сүрсем” қалай болар еді?

Оқушылардың ойымен сабақ қортындыланады.

https://kk.wikipedia.org/wiki/

http://www.rusnauka.com/35_FPN_2014/Philologia/1_179828.doc.htm

Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы

Алматы.

«Атамұра»-2003ж

Кері байланыс

3 минут

«3 Қ»

Мен үшін қызық болды..................................

Мен үшін қиын болды.....................................

Мен үшін қажет болды...................................

Үйге тапсырма:

Д.Исабеков «Тіршілік» повесінің қысқаша мазмұнымен танысу

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлан

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу