Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: қазақ әдебиеті

Мектеп: ЖББМ. ҚГБ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

  • Бөлім

Прозадағы көркем ой

Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы

Оқу бағдарламасына сілтеме

Көркем шығарманың тілі.

А/И 10.2.3.1. Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау.

Оқу мақсаттары

Барлық оқушылар: көркем шығарманың тілін түсінеді;

Оқушылардың көбісі: көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын ажыратады;

Оқушылардың кейбірі: айшықтау амалдарының қызметін талдап, шығармашылық танытады.

Бағалау критерийі

  • көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын ажырата алады;
  • айшықтау амалдарының қызметін түсіндіріп айта алады;
  • топтың түсімен байланыстырып, түйінді ой айта алады.

Құндылықтар

Сөз өнерін ұлттық құндылық тұрғысынан дәріптеу

Тілдік мақсаттар

ақ саусақ, ақ білек, бидай өңді, бармағынан бал тамған, қол аяғы балғадай, қой көзді, тепсе темір үзетін, жүрегінің түгі бар, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған, шаш ал десең бас алады, бір елі ауызға - екі елі қақпақ, отыз тістен шыққан сөз отыз руға тарайды.

Алдыңғы білім

Прозадағы көркем ой.

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Оқушылармен амандасу.

Қызығушылықты ояту: ЖЖ

Әртүрлі тіркестерді беру арқылы ой қозғау:

ақ саусақ, ақ білек, бидай өңді, бармағынан бал тамған, қол аяғы балғадай, қой көзді, тепсе темір үзетін, жүрегінің түгі бар, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған, шаш ал десең бас алады, бір елі ауызға - екі елі қақпақ, отыз тістен шыққан сөз отыз руға тарайды.

Қандай сөздер, қандай тіркестер екенін анықтау.

(тұрақты тіркес, мақал-мәтел т.б.)

Оқушыларды жасыл, қызыл, қара, сары түсті карточкалар арқылы 4 топқа бөлу.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, критерийлермен және күтілетін нәтижелермен таныстыру.

Сабақтың ортасы

25 минут

Тапсырма ТЖ

Оқушыларға «Ақбілек» романының 1-бөлімінен үзінділер беріледі.

  • «Жасыл» топ

Алтай, Күршім жерлерінің табиғатын суреттеуде автор көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қандай мақсатта қолданған?

  • «Қызыл» топ

Автор Ақбілектің портретін сомдауда көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қалай қолданған?

  • «Қара» топ

Автор үш орыстың әрекетін сипаттауда көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қалай қолданған?

  • «Сары» топ

Ақбілектің анасының қиналысын сипаттаудағы автордың тілдік шеберлігіне талдау жасаңыздар.

Сұрақ:

  • Осы үзіндіде қандай мәселе көтеріліп отыр? Өзіңіздің тобыңыздың түсімен байланыстырып, түйінді ой айтыңыз.

(3-4 сөйлем)

БАҒАЛАУ:

Бағалау критерийі

Тап-сыр-ма №

Дескриптор

Оқушы

Балл

көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын ажырата алады;

1

ТЖ

троптың түрлерін біледі;

фигураның түрлерін ажыратады;

2

2

айшықтау амалдарының қызметін түсіндіріп айта алады;

құбылту мен айшықтаудың түрлеріне талдау жасай алды;

сөз саптауы талапқа сай;

2

2

топтың түсімен байланыстырып, түйінді ой айта алады.

топтың түсімен байланыстырып, шығармашылық танытты;

түйінді ой айта алады.

2

2

Барлығы

12

https://kitap.kz/audiobooks/aqbilek

Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы

ТРОП

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D1%80%D0%BE%D0%BF

Троптың түрлері

https://lektsii.com/1-51554.html

ФИГУРАНЫҢ ТҮРЛЕРІ

https://prezi.com/-7uec4esiq4y/presentation/

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Бүгінгі сабаққа дейін не білетінмін?

Бүгінгі сабақтан не білдім?

Болашақта не білгім келеді?

Үйге тапсырма:

«Ақбілек» романының басқа бөлімдерін оқи отырып, романдағы кейіпкерлер образын сомдаудағы автордың тілдік шеберлігіне талдау жасап келу.

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында құндылықтарды дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз.

Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу