Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10Т1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

Ж. Аймауытов. «Ақбілек» романы

Оқу бағдарламасына сілтеме

10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау;

Оқу мақсаттары

Оқушылардың барлығы көркемдеуіш құралдарын табады

Оқушылардың көбі көркемдеуіш құралдарының қызметін талдайды

Оқушылардың кейбірі көркемдеуіш құралдарға терең талдау жүргізеді, өзіндік пікір мен қорытынды шығарады.

Бағалау критерийі

  • Көркемдеуіш құралдарының қызметіне талдау жасайды

НЗМ құндылық

Топта, жұпта жұмыс жасай білу; өз білімін жетілдіріп отыру;тілге деген құрметін арттыру; өзге елдің мәдениетін құрметтеу

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: теңсіздік, революция, жаңа заман, бейімделу, оқу, қала өмірі, психологизм т.с.с

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер:

Менің ойымша....; себебі......; Оны мен былай дәлелдеймін..... Қрыта келе,......

Алдыңғы білім

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін оқушылармен бірге талқылау

Қызығушылықты ояту:

С

«Сұрақтар жауыны» әдісі

Сұрақтарға жауап беру барысында ойланбаңыз, кідірмеңіз. Бірден ойға келгенін жазып отырыңыз.

Ескерту. Жауаптарыңызда көркемдеуіш құралдар болуы тиіс.

Мысалы, айдай сұлу анаммен.1. Орманда біреумен келе жатқаныңызды елестетіңіз, ол кім болуы мүмкін? 2. Орманда келе жатып, жаныңызда бір жануар жүргенін байқадыңыз. Ол қандай жануар? 3. Көздеріңіз түйісті, енді не болады? 4. Әлі орманда келе жатырсыз. Арманыңыздағы үй тұрған бір жерге келдіңіз. Үйдің көлемі қандай? 5. Арманыңыздағы үйдің сыртында қоршау бар ма? 6. Үйге кірдіңіз. Ас үйге бара жатырсыз. Үстелдің үстінде және жан-жағында не бар? 7. Үйден артқы есік арқылы шықтыңыз. Шөптің үстіне кесе жатыр. Ол неден жасалған? 8. Оны көріп, не істер едіңіз?

Сұрақ:Көркемдеуіш құралдарын қолданып жауап беру қиындық тудырды ма?

Күнделікті өмірде көркемдеуіш құралдарын қаншалықты қолданасыз?

Көркемдеуіш құралдарын не үшін қолданамыз?

Сабақтың ортасы

30 мин

Мағынаны ажырату

Т.

1-топ.

Ел қайда? Бұл қайда? Әкесі, ауылы не күйде? Ақбілек туралы олар не ойлап жатыр десейші?.. Сорлы қызымды өлтіріп тастады ма, әлде не қылды?.. деп, әкесі не ғып жаны шыдап отыр екен?.. Күйеуі келмек еді, түндегі қуған, оққа ұшқан әлде сол емес пе екен? Тірі қалып, құдай жазып, көретін күн болса, күйеуіне не бетімен жолықпақ!.. Ойпырмай! Мұндай да сорлы, мұндай да масқара болған қазақта әйел бар деймісің? Бұл қорлықты кім көрді дейсің. Осының бәріне шыдап, не ғып өлмей, тірі отыр?..

  • Айшықтаудың қай түрі берілген?
  • Айшықтаудың үзіндідегі қолданысына талдау жасаңыз. ( не үшін қолданғанына түсінік беріңіз.)

2-топ

Мұқаш ақырын: «Мен» деді де, атын қораға кіргізіп, қадаға байлап, үйіне кірді. Бір кезі соқыр, жалғыз әйнекті, тапалтақ, кішкене үйінің дымыққан, күлімсілеу, терсымақ иісі мұрнына жып-жылы тиді. Жаман текемет үстіндегі қызыл шыт көрпеден монтиған қолдары шығып, домаланып, томпиған үш жасар Медеудің көкшіл танауы делдиіп, аузы ашылып, езуі қожалақтанып, шот маңдайы тоқырайып, жылтырап жатқаны да жарастықты көрінді. Баласын иіскейін деп оқтанды да, ойына бірдеме түсіп кеткендей, тоқтай қалды. Күнәға батпаған періштедей сәбиге жаман қолын, арам демін, арам ернін тигізуге батылы бармады.

  • Қарамен берілген сөздер троптың қай түрі екенін ажыратыңыз
  • Мәтіндегі қолданысына, мәтіндегі рөліне түсінік беріңіз.

3-топ.

— Тұрдың ба, сәулем?— деп, Алтынай оң қолымен қолтығына қысып, маңдайынан сүйді. Медеужан бақыраштағы қызара бөртіп келе жатқан, ортасы тесік жалпақай бауырсағына қарап:

— Апа, жалпағым... деп, ұрты салбырап, маңқиып аузын ашты.

— Иә, күнім, сенің жалпағың,— деп, апасы ши өткізіп, жалпағын қолына ұстатты.

Томпиған, маубас Медеу отқа борбайын қақтай, шүмегейі салбырап, жүресінен отырып, шидің екі басынан ұстап, аузын ыржитып, бетін тыржитып, ыстық бауырсақтың шетінен тістей бастады.

  • Қарамен берілген сөздер қандай көркемдеуіш қралдары екенін анықтаңыз.
  • Мәтіндегі рөліне талдау жасаңыз.

4-топ.

Қызыл көз, қасқыр жүз, қаблан азу, қара түнді Алтай аңғарынан үркіткелі, қорғасын аспанға алтын айдар Күнекей сұлуын өрмелеткелі, күншығыс ұжмағы қызыл қақпасын ашқанда, Ақбілек артына алақ-алақ етіп жолға шықты.Аспанның күн жақ туырлығы ақшыл тартып, тау бастары алтын жалатқандай күлімдеп келеді.

  • Табиғатты суреттеуде қандай тәсілді қолданады?
  • Қарамен берілген сөздер көркемдеуіш құралының қай түрі?
  • Мәтіндегі рөліне талдау жасаңыз?

Бағалау критерийі:

  • Көркемдеуіш құралдарын анықтайды
  • Мәтіндегі рөліне талдау жасайды

Топаралық бағалау. «Дауыс беру» әдісі арқылы бағалау жүргізеді.

Әр топқа түсті стикерлер беріледі, сол арқылы дауыс береді. Мысалы, 1-топ оқушыларына қызыл түсті стикер берілсе, 2-топқа көк түсті стикер беріледі. Топтар ақылдаса келе қай топқа дауыс беретіндерін шешеді. Әр топ бір ғана топқа дауыс беруге құқылы.

Кері байланыс. Кері байланысты мұғалім береді.

Не жақсы болды?

Нені жетілдіру керек?

Кім белсенді болды?

Кімге белсенділікті арттыру керек?

Кім көп ақпарат берді?

Кімге қосымша көмек керек?

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.

  • Сізге мақсат түсінікті болды ма?
  • Тапсырманы орындау сізге қиындық тудырды ма? Неге?
  • Сіз бұл мақсатты жетілдіру үшін не істей аласыз?
  • Осы мақсат бойынша тапсырманың қандай болғанын қалайсыз?

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Оларға: шендестіру, қайталау, паралеллизм, риторикалық сұрақ - жауап, дауыс ырғағы т.б жатады. Сөз айшықтары адамның сөйлеу шеберлігін, зерделілігін, тіл байлығын көрсетеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу