«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2-сабақ.


Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті

Бөлім: «Өлең сөздің патшасы»

Сабақ: 2

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты:

«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

10.3.4.1. шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу

 Сабақ мақсаты:

Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазады.

 Құндылықтарды игерту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбектене білуге баулу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

 АКТ-ны қолдану дағдылары:

Таныстырылыммен танысады.

 Пәнаралық байланыс

Тарих

 Дескрипторлар

  • Ұсынылған екі туындыны салыстырады;
  • Өз ойын жүйелі жеткізеді;
  • Кемінде 3 дәлелден келтіреді;
  • Өзіне тән ерекшелігін айқындайды.

 Тілдік міндеттер

Пәнге байланысты сөздер және терминдер:

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім

«Сегіз аяқ» және «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңдерімен танысты.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Дереккөздері

Басы

Қызығушылықты ояту 3 мин

Адамның

Табан суреттері

Ортасы

Мағынаны тану сатысы

1 тапсырма. Әдеби сын туралы мәтінмен таныс.

Оқығаныңды жұпта талқылап, әдеби сын ұғымына түсінік жаз.

Сын – көркем әдебиеттің, әдебиеттану ғылымының, одан қалды бүкіл әдеби процесстің жол басшысы. Ол күллі әдебиеттің, оның ғылымының ішкі мүмкіндіктерін, не бар, не жоғын, күш-қуатын саралап біле отырып, алдағы асуларға бастайды. Сынның басты мақсаты - көркем шығарманы талдау, бағалау. Сын дегеніміз - белгілі әдеби шығарманың жетістіктері мен кемшіліктері хақындағы пікірлер. Cын атқарар маңызды міндеттің бірі - үгітшілік, насихатшылық . Ол әдебиетте туындап жатқан жаңалықтарды дер кезінде оқырман қауымға үгіттеп, жақсы дүниелерді оқуға ұсынып отырады. Сын әдебиет емес, ал әдебиет сынның зерттеу объектісі. Сол себепті ол әр кезде әдебиеттің шынайы жанашыры бола білді. ”Сын күдікке жақын” деп жазады В.Г.Белинский. Сында артық-кем пікірлер айтылуы мүмкін. Мүмкін ғана емес, аса қажет. Әдеби сында ерсілі-қарсылы, қайшылықты ойлардың айтылуы заңды құбылыс. Белгілі бір мәселе төңірегінде пікірлесулерді өрбіту мақсатымен өзіне “оқ жаудыру” үшін әдейі қиғаш жазылған сын мақалалары да жарық көруі күмәнсіз. Әдебиетіміздің дамуы жайлы түрліше пікірлердің айтылып, ол төңіректе таластар туып жатуы сынның да жемісті жoлда екенінің белгісі. Сын мұраты – көркем туынды, не әдеби процесс хақында алғашқы пікір білдіру. Сын – сан сипатты аса күрделі сала. Оны апарып тек мынаған жатады деп, тар көлемге тығып қоюға болмайды. ”Әдебиет сынмен көркейеді. Бәйгеге қосатын атты жаратып, құйрық-жалын сүзіп жіберсе, көрікті болып, жұтынып шығады. Әдебиетке де сондай күтім, сондай сын керек. Әсіресе, әдебиетті сынау біз сықылды жұртқа керек, өйткені, бізде әлі жөнді әдебиет жоқ, бар болса балапан, буыны бекіп, бұғанасы қатқан жоқ, әдебиетті тәрбиелей, мәпелей білсек, біздің де ақындарымыз, жазушыларымыз санатқа қосылады” Осыдан жетпіс жыл бұрын Ж.Аймауытов айтқан бұл сөздер күні бүгін айтылғандай. С.Сәдуақасов та ” Қазақ әдебиетіне толық сын керек. Сынағаннан әдебиет ақсамайды, қайта сынның жоқтығынан әдебиетті тот басады. Жазушының қайрағы сыншы,” – деп жазған екен. Сонымен, сынға ұшырамаған жазушы өспейді. Сын – қаламгердің қанатын қатайтып, шығармаларын шыңдайтын үлкен шығармашылық сабақ. Сын аулына соқпай кеткен қалам иесінің шығармашылық қазанының бір қайнауы жетпей жататындай. А.С.Пушкиннің: ”Сын-ғылым. Сын өнер мен әдебиеттің туындыларындағы сұлулық пен кемшіліктерді ашып отыратын ғылым” –деуінің өзі де бұл пікірдің қаншалықты тереңде жататынын аңғартса керек.

2-тапсырма Ж/ЖЖ.

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңін оқы.

«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңімен салыстыр.

Қайыры жоқ бай шықты.Сауып ішер сүті жоқ,Мініп көрер күші жоқ,Ақша деген мал шықты.Жарлы - кедей жоқ десек,Қорлықпенен күн өтер.Таңда махшар күн туса,Таразыны аударарЖаһаннам деген дозақта.Шайтан болар жолдасы,Құбыласын білмей құл,Сонда тартар жазасын.Кешірмейді құдайымБес намаздың қазасын.Құрт-құмырсқа жиылып,Сонда алады мазасын.Жаһаннамның белгісі —Жалғанға болар расың.Мұқым қылмай құдайымОл залымның тау басып.Сақта құдай солардан,Сол себепті қорқамын!Байлар ұрлық қылады,Көзіне малы көрінбей,Билер жейді параныСақтап қойған сүрін.Заманың сенің құбылдыТекеметтің түріндей.Ойлағаны жамандық,Жарадан аққан іркіл.Жеті жұрт кеткен қожадан,Сен тұрмайсың бүлінбей.Қазақ ұлы жиылып,Құдайыңа сыйынып,Қондыгерге хат жазып,Кешіктірмей дат жазып,Өлместің де қамын қыл,Басың сотқа ілінбей.

Көркем шығарма

Абай Құнанбайұлы

«Сабырсыз, арсыз, еріншек»

Шортанбай Қанайұлы «Зар заман»

Заман көрінісі

Көтерілген мәселелер

Мәселенің шешімі

Өзіне тән ерекшелігі

3-тапсырма ЖЖ.

Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындымен салыстырып, әдеби сын жазады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстырады;

Өз ойын жүйелеп, әдеби сын жазады.

Ұсынылған екі туындыны салыстырады;

Өз ойын жүйелі жеткізеді;

Кемінде дәлел келтіреді.

Өзіне тән ерекшелігін анықтайды

Өз қалауларымен автор орындығында оқу ұсынылады.

(Кез келген оқушылар өз жазғандарын сынып алдында оқиды.)

3 мин.

Рефлексия

2 мин

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу