«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.


Тапсырма1. 3 мин.

Оқушылар «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңін оқып таныс.

Өлеңдегі мағынасы ауыр сөздерді теріп, сөздікпен жұмыс жүргіз.

Мағынасы ауыр сөз

түсіндірмесі

Көрсе қызар

Алты бақан алауыз

Шолақпен серкесіп

Қу нәпсі

Айбаттайды, ғайбаттайды

Кеселді пысық

Тапсырма 3. Топта берілген тапсырманы орында.

Кубизм стратегиясы

1-топ. Суретте. Өлеңдегі ақын сынаған кейіпкердің үйдегі тұрмысын және сырттағы әрекетін суретте. Ассоциация түрінде ұсынып, постер құрастырыңыздар.

2- топ. Салыстыр. Абайдың «Болыс болдым, мінекей» өлеңімен салыстырыңыздар. Шығармаларда қандай үндестік бар? Екі шығарманың үзінділерін қолдана отырып монолог, өлең, ой толғау түрінде дамытып көріңіз.

3- топ. Зертте. Ақын сынаған елдің жайының осындай деңгейге жетуіне заманауи көзқарас тұрғысынан зерттеу жұмысын жүргізіңіздер. Шығармадағы мәселелер қаншалықты өзекті? Қаншалықты шынайы? Тарихи оқиғалармен байланысты ма? Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, қаншалықты шындыққа жанасады? Тапсырманы мақала түрінде ұсыныңыздар.

4- топ. Байланыстыр. Өлеңдегі өздеріңізге ұнаған тармақтарды алып, заман пысығының сол кезеңдегі сипаттарының бүгінгі көрінісімен байланыстырыңыз.

5- топ. Дәлелде. Сол кезеңдегі заман пысығының қалыптасуының факторларын дәлелдей отырып, сол пысықтардың атынан жаңа заман тұлғаларына хат жазыңыздар.

6- топ. Талда. Өлеңдегі сол кезеңдегі жағымсыз мінез-құлық көрінісін топтастыр. Авторлық қолданыстағы «сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсе қызар, жалмауыз, пысық, кеселді пысық, қу, антұрған» атауларын талдап, өмір шындығын сыни көзқараста танытуына пікір білдіріп мақала жазыңыздар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу