С.Аронұлы "Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы". Қазақ әдебиеті, 7 сынып, презентация.


«Шаттық шеңбері»

«Бес қадам» ойыны бойынша әрбір 4-оқушы ортаға шығып, тапсырмаларды орындайды. Рет саны бойынша таңдалған 5 оқушы 5 қадам аттап, төмендегі тапсырманы орындауы керек:

Сүйінбай атаған тарихи тұлғалардан 5 адамның есімін ата.

Сүйінбай ақынның бойындағы 5 қасиетті ата.

Қатағанның жіберген 5 қатесін ата.

Сүйінбайды жеңіске жеткізген 5 артықшылықты ата.

Айтыстан кейінгі Сүйінбай ақынның өмірінде болған 5 өзгерісті ата.

Сабақ тақырыбы:

3-бөлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл

С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»

Оқу мақсаттары:

3-бөлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл

С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»

А/И4. Шығармашылық жұмыс

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

Бағалау критерийлері:

айтыстағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан сипаттап әрі әсерлі баяндап, дамытып жазады.

Дескрипторлар:

Айтыстың өту барысы мен ондағы оқиға желісіне өз көзқарасы тұрғысынан өзгеріс енгізіп жазады;

көркемдегіш құралдардыкемінде 2-3 түрін қолданып, оқиғаның өтетін орнын сипаттайды;

айтыскер ақындардың сырт бейнесін, портретін сипаттайды;

көрермен қауымның айтысты тыңдау барысындағы қабылдау эмоциясын егжей-тегжейлі, әрекеттері мен сөздерін сипаттап жазады.

Айтыстан кейінгі сәтті әсерлі баяндап жеткізеді.

Мақсатты талқылау кезеңіне қатысты сұрақ:

Тапсырма:

Оқушылар топта айтыс бойынша қойылым қоюға дайындалады, рөлдерін бөліп алады. 8 минут дайындалып, жұмыстарын әр топ 2 минуттан сахналайды.

Айтыстан үзіндіні сахналап, лирикалық кейіпкерлер бейнесін дауыс ырғақтарын келтіріп сахналаңдар.

Рефлексия

Эмоция, болжам

Алынған ақпарат

Мүмкіндіктер мен идеялар

Шуақты оптимизм

Пессимистік көзқарас

Үдеріске шолу, шешім

Топтардың сахналық қойылымына «6 қалпақ» әдісімен баға бер.

2-тапсырма:

Сүйінбай ақынның айтысы бойынша кемінде 3-4 шумақ үзінді таңдап ал.

Өлең жолдарындағы бунақты (дауыс соқпасын) ескере отырып, нақышына келтіріп мәнерлеп оқы.

Таңдап алған үзіндіңді жаттап көр, жұпта айтып, жаттық.

Жаттаған үзіндіңді топта айтып көр.

Топта өлеңді жатқа айтқандардың төмендегі критерийлерге сәйкесін таңдап алып, сыныпта ортада оқуға ұсыныңыздар.

Рефлексия

Эмоция, болжам

Алынған ақпарат

Мүмкіндіктер мен идеялар

Шуақты оптимизм

Пессимистік көзқарас

Үдеріске шолу, шешім

Жатқа айту тапсырмасын орындау шеберліктеріңе «6 қалпақ» әдісімен баға бер.

Кері байланыс:

Қай тапсырма түрін талапқа сай орындай алдыңыздар?

Қай тапсырма түрі қиындық туғызды?

Бағалау. Оқушылар бағалау парағы арқылы өзін-өзі және өзара бағалайды.

Рефлексия

«Бес саусақ» стр.

Сұқ саусақ – ескерту

Бас бармақ – ұнаған жағы

Қалған саусақтар - сабақ туралы өзінің жеке пікірі.

Үйге тапсырма

Қазіргі ақындар айтысы бойынша бейнебаян көріп, айтыстағы көтерілген мәселелер туралы қысқаша мәлімдеме жаз.

[attachment=28104:s_aronly-5-saba.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу