С.Аронұлы "Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы". Қазақ әдебиеті, 7 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы:
3-бөлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл
С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»
Оқу мақсаттары:
Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы
7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.
Бағалау критерийлері:
Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік көзқарас тұрғыдан талдайды.
Өз көзқарасын білдіріп, тұжырым ұсынады.
Дескрипторлар:
кемінде 4-5 түсініксіз сөздің мәнін ашады;
кемінде 8 сөздің қолданысына байланысты тұлғалық болмысқа талдау жасайды;
нақты мысалдар арқылы тұлғалық болмысты саралап, гуманистік тұрғыдан баға береді;
өз көзқарасын білдіріп, тұжырым шығарады.
Мақсатты талқылау кезеңіне қатысты сұрақ:
«Әдеби шығармадағы тұлғалық болмыс» дегенді қалай түсінесіздер?
Прозалық туындыда тұлға кім болуы мүмкін? (кейіпкер)
Поэзиялық туындыда, яғни өлеңде кімнің тұлғалық болмысын тани аламыз? (ақынның, лирикалық кейіпкердің)
Ал осы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау дегенді қалай түсінесіздер?
Гуманизм дегеніміз не? (Ізгілік)
Оқушылардың жауабы тыңдалып, түсініктеме беріледі.
Ой шақыру
«Айтыс өнеріндегі тұлғалық болмыс » деген ұғымды қалай түсінесіздер? Топта талқылап, ойларыңызды «Топтастыру» сызбасына түсіріңіздер.
Теориялық кезең
Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялықПоэзия жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс XIX ғасырда ерекше дамыған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: ШөжеШөже (мұндай бет жоқ), БалтаБалта, ОрынбайОрынбай, КемпірбайКемпірбай (мұндай бет жоқ), ТезекбайТезекбай (мұндай бет жоқ), СүйінбайСүйінбай, ТүбекТүбек, ОмарқұлОмарқұл (мұндай бет жоқ), ТәбияТәбия (мұндай бет жоқ), МұратМұрат, СүгірСүгір, ЖаскілеңЖаскілең, Бала ОмарБала Омар (мұндай бет жоқ), БіржанБіржан, СараСара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. XIX ғасырдың орта шендерінен бастап қазақ айтысының орталығы Жетісуға ауады. Онда айтыс өнері өрен жүйріктерінің қуатты шоғыры қалыптасады. Солардың арасында Сүйінбайдың орны ерекше болған. Ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов оны «айтыс өнерінің алтын діңгегі» – деп аса жоғары бағалады. Сүйінбай – ірі айтыс ақыны. Ол ақындықты айтыстан бастап, талантының өлең сайысына бейімділігін байқатады.
Тапсырма:
Айтысты тыңдаңыз. 3 минут http://video.nur.kz/view=t4jyzk4s
Айтыс өнерінен қандай әсер алдыңыз?
Жұпта ойларыңызбен бөлісіп, сөйлеңіздер
Тапсырма:
1. Айтыстан алынған үзіндіні мәнерлеп оқыңыз.
2.Түсінік сөздердің білдіретін мағыналарын ашып жазыңыз.
3. Айтыстағы екі ақынның сөз қолданыстары арқылы тұлғалық болмысына гуманистік тұрғыдан талдау жасаңыз. Кестемен жұмыс істеу арқылы ақындарға мінездеме беріңіз.
Кері байланыс:
Қай тапсырма түрін талапқа сай орындай алдыңыздар?
Қай тапсырма түрі қиындық туғызды?
Бағалау. Оқушылар бағалау парағы арқылы өзін-өзі және өзара бағалайды.
2-оқу мақсаты бойынша өлеңнен үзінді жаттауға 8 минут уақыт беріледі. Жұпта, топта жаттағандарын айтып, өзара бағалайды.
Бағалау. Оқушылар бағалау парағы арқылы өзін-өзі және өзара бағалайды.
Рефлексия
3-2-1
Сабақта алған
3 маңызды ақпарат
Қиындық келтірген 2 мәселе
Сабақта ұнаған 1 аспект
Үйге тапсырма
Сүйінбай мен Қатағанның айтысын тыңдап, айтыста аты аталған тарихи тұлғалар туралы деректерді оқып ке. http://video.nur.kz/view=t4jyzk4s
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?