С.Аронұлы "Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы". Қазақ әдебиеті, 7 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы:

3-бөлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл

С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»

Оқу мақсаттары:

3-бөлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл

С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»

А/И3. Көркем шығарманың тілі

7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.

Бағалау критерийлері:

Айтыстың көркемдік ерекшелігін талдайды, тілдік құралдардың автор ойын жеткізудегі орнын анықтайды.

Дескрипторлар:

екі ақынның айтыстың көркемдік қолданыстарына қарай символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ кемінде 3 түрлі қолданысты анықтайды;

көркемдік қолданыстың автор ойын жеткізудегі орнын анықтайды ;

өз көзқарасын білдіріп,1 сөйлеммен тұжырым шығарады.

Мақсатты талқылау кезеңіне қатысты сұрақ:

Символ дегеніміз не?

Синекдоханың метонимиядан айырмашылығы қандай?

Қайталаудың қандай түрлері бар.

Символ, синекдоха туралы түсінік:

Символ (грекшеГрек тілі symbolon — танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу)

лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді;

өнерде, философиядаФилософия нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.

Символ көркем бейне мен ұғымның аралығында екеуінің де қызметін атқара алады. Алайда символ ұғымнан гөрі астарлы мағынаға бай. Символдың символикалық формасы сақтала отырып, ишаралайтын нәрсесімен салыстыра тану барысында көпқырлылығы ашылады, бұл оның ерекшелігі болып табылады.

Синекдоха  метонимияғаМетонимия жақын, өйткені синекдоха да екі ұғымның іргелестігі арқылы жасалады. Синекдохада бір ұғымды екінші ұғымға ауыстырғанда: бірі — үлкен, екіншісі — кіші; бірі — жалпы, екіншісі — жалқы; бірі — бүтін, екіншісі — бөлшек болуы қажет. Әрине, үлкені — кішінің орнына қолданылғанда, мағынасы тараяды да, кішісі — үлкенінің, орнына қолданылса, мағынасы зораяды, кеңиді. Мысалы, Жүз бас қой, Жиырма тұяқ мал, Көп қол жұмысты өндіріп жібереді т. б. Осылар сияқты бөлшектің мағынасын білдіретін сөздер бүтін орнына жұмсалса, синекдоха болады. 

Тапсырма:

Сүйінбай ақынның айтысынан алынған үзіндідегі көркемдік қолданыстарды тауып, кестені толтыр.

Мәтін:

СҮЙІНБАЙ МЕН ҚАТАҒАННЫҢ АЙТЫСЫ

 

Кері байланыс:

Қай тапсырма түрін талапқа сай орындай алдыңыздар?

Қай тапсырма түрі қиындық туғызды?

Бағалау. Оқушылар бағалау парағы арқылы өзін-өзі және өзара бағалайды.

Рефлексия

3-2-1

Сабақта алған

3 маңызды ақпарат

Қиындық келтірген 2 мәселе

Сабақта ұнаған 1 аспект

Үйге тапсырма

Сүйінбай мен Қатағанның айтысының көркемдік қолданысына талдау жаса. Айтысты тыңда.

http://video.nur.kz/view=t4jyzk4s

[attachment=28112:s_aronly-3-saba.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу