С.Аронұлы "Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы". Қазақ әдебиеті, 7 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы:

3-бөлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл

С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»

Оқу мақсаттары:

3-бөлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл

С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»

Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс

7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту.

Бағалау критерийлері:

Айтыстағы лирикалық кейіпкер бейнелерін дауыс ырғағы арқылы шынайы жеткізіп, үзінділерді жатқа айтады.

Дескрипторлар:

Айтыстан үзіндіні сахналап, лирикалық кейіпкерлер бейнесін дауыс ырғақтарын келтіріп сахналайды;

Айтыс бойынша үзінді таңдап алады;

Өлең жолдарындағы бунақты (дауыс соқпасын) ескере отырып, нақышына келтіріп мәнерлеп оқиды;

Сүйінбай ақынның айтысынан кемінде 3-4 шумақ үзіндіні жаттап, жұбына айтып, дайындалады;

Үзіндіні дауыс мәнерін келтіріп, жатқа айтады.

Мақсатты талқылау кезеңіне қатысты сұрақ:

Кейіпкер бейнесін дауыс ырғағы арқылы танытуға бола ма?

Дауыс ырғағын келтіруде қандай өлең өлшемдерін ескеру керек? (бунақ, ұйқас)

Бунақ дегеніміз не?

11 буынды өлеңде неше бунақ бар? (3 бунақ, яғни 3 дауыс соқпасы, кідіріс)

Сүйінбайдың лирикалық кейіпкерін таныту үшін қандай дауыс ырғағы қажет деп ойлайсың?

Ақын үніне тән ырғақ қандай?

Ықтимал жауап:

Айбынды, намысшыл, сенімді, өткір т.б.

Тапсырма:

Оқушылар топта айтыс бойынша қойылым қоюға дайындалады, рөлдерін бөліп алады. 8 минут дайындалып, жұмыстарын әр топ 2 минуттан сахналайды.

Айтыстан үзіндіні сахналап, лирикалық кейіпкерлер бейнесін дауыс ырғақтарын келтіріп сахналаңдар.

Рефлексия

Эмоция, болжам

Алынған ақпарат

Мүмкіндіктер мен идеялар

Шуақты оптимизм

Пессимистік көзқарас

Үдеріске шолу, шешім

Топтардың сахналық қойылымына «6 қалпақ» әдісімен баға бер.

2-тапсырма:

Сүйінбай ақынның айтысы бойынша кемінде 3-4 шумақ үзінді таңдап ал.

Өлең жолдарындағы бунақты (дауыс соқпасын) ескере отырып, нақышына келтіріп мәнерлеп оқы.

Таңдап алған үзіндіңді жаттап көр, жұпта айтып, жаттық.

Жаттаған үзіндіңді топта айтып көр.

Топта өлеңді жатқа айтқандардың төмендегі критерийлерге сәйкесін таңдап алып, сыныпта ортада оқуға ұсыныңыздар.

Рефлексия

Эмоция, болжам

Алынған ақпарат

Мүмкіндіктер мен идеялар

Шуақты оптимизм

Пессимистік көзқарас

Үдеріске шолу, шешім

Жатқа айту тапсырмасын орындау шеберліктеріңе «6 қалпақ» әдісімен баға бер.

Кері байланыс:

Қай тапсырма түрін талапқа сай орындай алдыңыздар?

Қай тапсырма түрі қиындық туғызды?

Бағалау. Оқушылар бағалау парағы арқылы өзін-өзі және өзара бағалайды.

Рефлексия

«Бес саусақ» стр.

Сұқ саусақ – ескерту

Бас бармақ – ұнаған жағы

Қалған саусақтар - сабақ туралы өзінің жеке пікірі.

Үйге тапсырма

Қазіргі ақындар айтысы бойынша бейнебаян көріп, айтыстағы көтерілген мәселелер туралы қысқаша мәлімдеме жаз.

[attachment=28108:s_aronly-4-saba.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу