С.Аронұлы "Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы". Қазақ әдебиеті, 7 сынып, дидактикалық материал.


Символ (грекше symbolon — танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу)

  • лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді;
  • өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.

Символ көркем бейне мен ұғымның аралығында екеуінің де қызметін атқара алады. Алайда символ ұғымнан гөрі астарлы мағынаға бай. Символдың символикалық формасы сақтала отырып, ишаралайтын нәрсесімен салыстыра тану барысында көпқырлылығы ашылады, бұл оның ерекшелігі болып табылады.

Синекдоха  метонимияға жақын, өйткені синекдоха да екі ұғымның іргелестігі арқылы жасалады. Синекдохада бір ұғымды екінші ұғымға ауыстырғанда: бірі — үлкен, екіншісі — кіші; бірі — жалпы, екіншісі — жалқы; бірі — бүтін, екіншісі — бөлшек болуы қажет. Әрине, үлкені — кішінің орнына қолданылғанда, мағынасы тараяды да, кішісі — үлкенінің, орнына қолданылса, мағынасы зораяды, кеңиді. Мысалы, Жүз бас қой, Жиырма тұяқ мал, Көп қол жұмысты өндіріп жібереді т. б. Осылар сияқты бөлшектің мағынасын білдіретін сөздер бүтін орнына жұмсалса, синекдоха болады. 

Эпифора - өлең тармақтарының соңында бір сөздің тіркесінің бірнеше қайталанып келуі. Бұл қажетті бір ойға, құбылысқа ерекше назар аударып, сөз әсерін арттыру үшін қолданылады. Қазақ өлеңінде эпифора сөздің кезекті қайталау үлгісіне жатады. Мысалы, Ақтан Керейұлының мына өлеңінен эпифораны айқын көреміз. "Қыз бала көркем көрінер Беттегі нұрлы қанменен... Еділ көркем көрінер Жағалай біткен талменен..." деген сөз тіркесін қайталау термелеп бірнеше нәрсені тізбектеу үшін қажет болған.[1]

Анафора (қатысты дейксис) - сөйлеудің эр параллельді элементінің бастапқы сөзін қайталаудан құралатын сөйлеу пішіні (орысша Клянусь я первым днем творенья, Клянусь его последним днем. Клянусь позором преступления...).[1]

  • Лексикалых анафора- сөзді немесе сөздерді қайталауға негізделген анафора (орысша He непрасно дули ветры, He напрасно шла гроза).[2]
  • Синтаксистік анафора - бір грамматикалық құрылымды кайталауга негізделген анафора (орысша Я стою у высоких дверей. Я слежу за работой твоей).
  • Фонетикалық анафора - дыбысты не дыбыс тіркестерін қайталауға негізделген анафора (орысша Грозой снесенные мосты. Гроба с размытого кладбища...).
  • Анафорлық - алдында айтылғанға түсінік беретін сөз немесе сөздер (орысша Вы просите песен, их нет у меняКурсивное начертание).

Мәтін:

Айтыстағы Сүйінбайдың өлеңінен үзінді

Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік,

Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік.

Атақты ас жиынды құттықтауға,

Бауырлас қырғыз елі,  саған келдік.

Жүйріктер қосылмаған қою шаңға,

Қосылар қыран бүркіт, қашқан аңға.

Хан Жантай, Қара Бәйтік, Әтекеңе,

Келіп ек амандаса Орманханға.

  

Қол жайып, құран оқып өткендерге,

Әруағын атаң, қырғыз, келдім жоқтай.

Алдына қалың қырғыз келгеннен соң,

Жарай ма қайтып кету көңіл айтпай?!

Қырағы аспандағы ақиықпын,

Құмары басылмайтын борандатпай.

 

Қатаған сөзден жаңылып,

Өзінен өзі қағынды.

Қызып тұрған темірге,

Өзі келіп қарылды.

Наркескенге жолықтың,

Шашамын судай қаныңды.

Болаттан соққан қылышпын,

Алтындатқан сабымды.

Тоқсан баулы Қоңыраттың.

Тоқсан екі ұлы бар,

Білуші ме едің, Қатаған,

Кім екенін Қыпшақтың?

Естіп пе едің, Таманың,

Көкбөрісі даланың.

Жабылып атқа қонғанда,

Көзіңнің жасын төгуден,

Ашылмас сенің қабағың.

Тіліңді шайнап, қан құсып,

Астында тастың жатарсың.

Әй, Қатаған, Қатаған,

Күнің қандай болады?

Қазақты жинап алғанда.

Қанеки бетке, қарашы,                                                                   

         Толып жатқан көп қазақ,

         Көк пенен жердің арасы.

         Көппін деген қазақтан,

         Қатағанның жоқ санасы.

Манаптары қырғыздың,

Қатағанды ақын деп,

Алып келдің ұялмай,

Қатаған ақын сөйлсе,

Күлесің езу жия алмай.

Енді міне отырсың,

Орыныңнан тұра алмай.

Мына отырған Қатаған,

Қайта-қайта мақтанып,

Жантайдың шенін қоймайды.

Аңға шыққан тазыға,

Оғанда қарғы байлайды.

Еменнен күшті ағашпын

Майысса да сынбайтын.

Алдаспанға жолықтың,

Басыңды кеспей тынбайтын.

Топ бастаған бұлбұлмын,

Сөз бастаған жүйрікпін,

Судан шыққан сүйрікпін,

Бәйгеден озған дүлділмін

Шығарма Қатаған үніңді,

Есіңе сақта бүгінгі,

Қанатың сынған күніңді.

Жардағы өскен жапалақ,

Бұралқы иттей абалап,

Келтірме менің жынымды.

Қырғыз, Қазақ қосылып,

Енді топқа кіргізбе,

Ақын деп мақтап мұныңды?! -  деп тоқтағанда батыр Жантай:

- Сүйінбай ботам! Сен жеңдің. Қатаған жеңілді. Көппін деп мақтанғаны басына сор болды. Аттың түгіндей қазақтан қырғыз қашан көп болып еді? Қазақтың алауыз халық екенін айта алмады, - деп ашуланған Жантай екпіндеген Қатағанға сөз бермей, кейін серпіп тастады. Айтысты қортындылған Қара Бәйтік:

        -Өзіңдей қазақтың жүйрік, алғыр ақынына қандай силық жасасақта жарасады. Ерлігіңді, еркелігіңді қырғыз халқы көтеріп алады. Жеңген жүлдеңе не таңдайсың? Соны өлеңмен жеткізші, Сүйінжан! - дейді екі елдің айтысын басқарып отырған Қара Бәйтік.

 

Айт десеңіз, айтайын,

Мырзалығыңды байқайын.

Ер тоқымы алтыннан,

Бір ат мінгіз арғымақ.

Керегесі күмістен,

Босағасы асыл тас,

Бір ақ отау үй бергіз.

Алтын қынап қылыш бер,

Білегіме ілерге.

Он жеті жасар бір қыз бер,

Онымен ойнап күлерге.

Он бес атан түйе бер,

Жүгімді артып жүрерге.

Бір қос жылқы берерсің,

Еліме айдап барарға.

Қос жамбас алтын берерсің,

Сандығыма саларға.

Айтысты жеңген Сүйінбай,

Кем берсең бұдан алар ма?!

Келістіріп сөйлесе,

Жақсылардан сөз қалар.

Суырылған жүйрік болмаса,

Топқа түсіп не табар?

Ақ, қараны шешетін,

Көріп тұрған Алла бар! - дейді Сүйінбай.

 

[attachment=28113:didaktikaly-materialdar.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу