С.Аронұлы "Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы". Қазақ әдебиеті, 7 сынып, дидактикалық материал.


Оқу мақсаты:

3-бөлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл

Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс

7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту.

 Сабақ мақсаты

Айтыстағы лирикалық кейіпкер бейнесін дауыс ырғағы арқылы таныта отырып, үзінділерді жатқа айтады.

 Бағалау критерийлері

Айтыстағы лирикалық кейіпкер бейнелерін дауыс ырғағы арқылы шынайы жеткізіп, үзінділерді жатқа айтады.

 Дескрипторлар

  • Айтыстан үзіндіні сахналап, лирикалық кейіпкерлер бейнесін дауыс ырғақтарын келтіріп сахналайды;
  • Айтыс бойынша үзінді таңдап алады;
  • Өлең жолдарындағы бунақты (дауыс соқпасын) ескере отырып, нақышына келтіріп мәнерлеп оқиды;
  • Сүйінбай ақынның айтысынан кемінде 3-4 шумақ үзіндіні жаттап, жұбына айтып, дайындалады;
  • Үзіндіні дауыс мәнерін келтіріп, жатқа айтады.

1-тапсырма:

Оқушылар топта айтыс бойынша қойылым қоюға дайындалады, рөлдерін бөліп алады. 8 минут дайындалып, жұмыстарын әр топ 2 минуттан сахналайды.

  • Айтыстан үзіндіні сахналап, лирикалық кейіпкерлер бейнесін дауыс ырғақтарын келтіріп сахналаңдар.

2-тапсырма:

  • Сүйінбай ақынның айтысы бойынша кемінде 3-4 шумақ үзінді таңдап ал.
  • Өлең жолдарындағы бунақты (дауыс соқпасын) ескере отырып, нақышына келтіріп мәнерлеп оқы.
  • Таңдап алған үзіндіңді жаттап көр, жұпта айтып, жаттық.
  • Жаттаған үзіндіңді топта айтып көр.
  • Топта өлеңді жатқа айтқандардың төмендегі критерийлерге сәйкесін таңдап алып, сыныпта ортада оқуға ұсыныңыздар.

Үзіндіні дауыс мәнерін келтіріп, жатқа айтады.

[attachment=28109:alyptastyrushy-baalau-bojynsha-tapsyrmalar-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу