Әлемді өзгерткен өнертабыстар. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ. 2 нұсқа.
1-мәтін:
Қазақстан Республикасының Патент заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес өнiмге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнiң штаммына, өсiмдiктер немесе хайуанаттар клеткаларының көбеюiне), әдiске (материалдық объектiмен iс-әрекеттi материалдық құралдардың көмегiмен жүзеге асыру процесiне), сондай-ақ белгiлi өнiмдi немесе әдiстi жаңа мақсатта немесе жаңа өнiмдi белгiлi бiр мақсатта қолдануға жататын кез келген саладағы техникалық шешiмдер өнертабыс ретiнде қорғалады.
Егер жаңа, өнертабыстық деңгейге жеткен әрi өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, өнертабысқа құқықтық қорғау берiлудi.
Қазақстан Республикасының Патент заңының 6-бабының 3-тармағына сәйкес мыналар:
- жаңалықтар, ғылыми теориялар және математикалық әдiстер;
- шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдiстерi;
- шартты белгiлер, кестелер, ережелер;
- ақыл-ой операцияларын орындау, ойындарды жүргiзу ережелерi мен әдiстерi;
- есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердiң өзi;
- ғимараттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсiлдерi;
- бұйымдардың тек сыртқы түрiне қатысты ұсыныстар;
- қоғамдық тәртіпке, iзгiлiк пен мораль қағидаттарына қайшы келетiн ұсыныстар өнертабыстар деп танылмайтындығына назар аудару қажет.
Өнертабысқа құқық Қазақстан Республикасы Патент заңына сәйкес жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша берілетін патентпен қорғалады.
Өнертабысқа патент өтiнiмге ресми сараптама және мәнi бойынша сараптама жүргiзiлгеннен кейiн берiледi.
Өнертабысқа патенттерді беру туралы өтінімдердің сараптамасын сараптама жасау ұйымы болып табылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүргізеді.
Патент өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және айрықша құқықты куәландырады.
Өнертабысқа патент өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы қолданылады.Көрсетілген мерзім бес жыл шегеріле отырып, өнертабысқа патент беруге өтінім берілген күннен бастап өнертабысты қолдануға алғаш рұқсат алынған күнге дейінгі өткен уақытқа ұзартылады.
2-мәтін:
Алматылық өнертапқыш Сайын Сазанбаев велосипедтің қол жетегін ойлап тапты.
Бұл құрылғы велосипедшінің күш-қуатын 30 пайызға дейін арттырып, барлық дене мүшелерін жаттықтырады. Оның құпиясы аяқпен қатар қолдың бұлшық еттерін де іске қосуда.
Саин Сазанбаевтың ойлап тапқан жаңалығы, бір қарағанда, скандинавиялық жүріске ұқсайды. Бірақ басты ерекшелігі, оның әдісі велосипедте қолданылады. Инженер ғалымның айтуынша, велосипедшінің аяқтары қозғалғанымен, денесінің жоғары бөлігі қимылсыз тұрады. Ал таяқтарды педальға бекітіп қойса, екі қолмен алма-кезек жұмыс істеп, қосымша күшті аяққа беруге болады.
Саин Сазанбаев, өнертапқыш:
- Адам екі қолымен істейді жұмысты. Бұлшық еттері, денесінің жоғары жағы толығымен жұмыс істейді. Жаттығу адам денесін алып жатыр. Аяқтары да, қолдары да, денесі де қимылдайды.
Бұл мәселені өзге де өнертапқыштар шешуге тырысқан. Бірақ олардың құрылғылары қауіпті әрі ауыр болған. Ал Сазанбаевтың тәсілінде қолданылатын таяқшалардың салмағы 700 грамнан аспайды. Өнертапқыштың жаңалығын алғаш болып фитнес-жаттықтырушылар сынап көрді.
Әсем Махамбетова, фитнес-жаттықтырушы:
- Өте жақсы ойлап табылған нәрсе екен. Әлі де кішкене жетілдіру керек сияқты. Кішкене дизайнын ойлап табу керек сияқты. Себебі бізге мұнда көптеген адамдар келеді. Сондықтан да кішкене жетілдіріп жіберсе, адамдар өзінің денсаулығын түзеуге жақсы мүмкіндік алады деп ойлаймын.
Өнертапқыш бұл жаңалығын Qazaq Biking деп атаған. Бүгінде Әділет министрлігінен 3 патент алған. Болашақта ел арасында насихаттап, өзінің жобасын коммерцияландыруды көздеп отыр.
Авторлары: Ұлан Нарынбек, Нұрдәулет ЖақсыбаевИсточник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/235553-almatyly-nertap-ysh-velosipedshini-k-sh-uatyn-30-pajyz-a-arttyratyn-ryl-y-ojlap-tapty
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру