Киелі сахна. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 7 сабақ.


Киелі сахна

Оқу мақсаты:

О8.2.4.1 - тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

ғылыми және публицистикалық стиль түрлерін анықтап, құрылымын салыстырады

Диалог пен жазба жұмыстарында төмендегі тілдік қолданысты пайдалан:

-Меніңше, сенің айтқаның дұрыс, дегенмен.....

- әрине...

-сайып келгенде...

-автор айтқандай..., ғылымның арқасында ..., мәтінде «.....» берілген, т.б.

Төменде берілген тірек сөздер мен сөз оралымдарын басшылыққа алып, кідірместен жұбыңмен әңгімелес

 

Қажетті сөздер: сахна киесі, сахнада өзін – өзі ұстау, көңілді би, қошемет көрсету, халықтың ризашылығы, ілтипат, театр т.б.

«Сәтсіз қойылымдағы сәтті роль»

Кезінде М.Әуезов атындағы академиялық драма театры сахнасында режиссер Н.Тұтовтың «Жуастан жуан» қойылымының премьерасы болып өтті.Бірақ оның ғұмыры ұзақ болған жоқ.Шығармашылық өрісі тар болды.Дегенмен, сахна төрінде ойнап жүрген актерлердің ішінде жүрегіңді селт еткізер шынайылығымен көзге түскен Әсия роліндегі Қазақстан республикасының еңбек сіңірген артисі Ғазиза Әбдінәбиевна әбден есте қалыпты...

Мәтінмен жұмыс

Ойлан. Талда. Қолдан

Публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б, ал ауызша түріне шешендік сөздер, елбасының, қоғам қайраткерлерінің көпшілік алдында сөйлеген ресми сөздері жатады.

 

Ғылыми стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады.

Екі мәтінді салыстыр және публицистикалық және ғылыми стильдің құрылымдық ерекшелігін анықтап, төмендегі кестені толтыр

Бағалау критерийі

Тұжырымға өз пікіріңді білдір

«Қазіргі уақытта шын талантын мойындатып жүрген өнер адамдары да бар, «атың шықпаса жер өрте» деп танылғандар да жетерлік. Барлығының басын тоғыстырып тұрған, ол – киелі сахна. Өнер адамының басты мақсаты сахнаға шығып өнер көрсету ғана емес, киелі сахна мәдениетін сақтай білуі де керек»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу