Киелі сахна. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Қысқа мерзім жоспары

7-сабақ

Бөлім тақырыбы:

Театр өнері мен мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты -жөні:

Сынып: 8

Сабаққа қатысушылар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Киелі сахна

Оқу мақсаттары

О 8.2.4.1 - тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

  • ғылыми және публицистикалық стиль түрлерін анықтап, құрылымын салыстырады

 Бағалау критерийі

Ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндерді тілдік қолданыста анықтау

 Тілдік мақсат

Пәннің лексикасы мен терминологиясы: академиялық драма театр, өрісі тар болу, жүрегіңді селт еткізер шынайылық, салиқалы, типтік образ т.б.

Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс:

-Меніңше, сенің айтқаның дұрыс, дегенмен.....

- әрине...

-сайып келгенде...

-автор айтқандай..., ғылымның арқасында ..., мәтінде «.....» берілген, т.б.

Құндылықтарды

дарыту

 

Бұл сабақ оқушыларды театр мәдениетін сақтауға, өнер иелерін құрметтеуғк бағыттайды.

 Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет

 Бастапқы білім

Оқушылар ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін, құрылымын салыстыра талдауды игерген.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Қорлар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту:

Оқушыларға тірек сөздер мен сөз оралымдары беріледі. Оқушылар осы сөздерді басшылыққа алып, кідірместен жұбымен әңгімелеседі.

Қажетті сөздер: сахна киесі, сахнада өзін – өзі ұстау, көңілді би, қошемет көрсету, халықтың ризашылығы, ілтипат, театр т.б.

Интербелсенді тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, қажетті сөздер жазылған парақша

Сабақ ортасы

1-тапсырма.

Алдымен, оқушыларға Сығай Әшірбектің «Ой төрінде - театр» естелік кітабынан үзіндіні оқу тапсырылады.

2-тапсырма.

1.Алдымен, оқушылар публицистикалық стиль мен ғылыми стильдің ерекшелігі туралы білімдерін кеңейтеді:

Мысалы,

Публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б, ал ауызша түріне шешендік сөздер, елбасының, қоғам қайраткерлерінің көпшілік алдында сөйлеген ресми сөздері жатады.

Ғылыми стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады.

2.Мұғалім оқушыларға публицистикалық стиль мен ғылыми стильдің ерекшелігін ажырату тапсырмасын береді.

Оқушылар шағын топтарда жұмыс жасап, екі стильдің ерекшелігі туралы постер әзірлейді. Сынып алдында әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Әр топ өзге топты тыңдай отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады. Осылайша екі стильдің айырмашылығн теориялық тұрғыдан білгеннен кейін, әр топқа екі стиль түрінде жазылған мәтіндер таратылады.Оқушылар екі мәтіннің құрылымын салыстыра талдап, топтық бағалау жүргізеді.

3. Оқушылар екі мәтінді салыстырып, публицистикалық және ғылыми стильдің

құрылымдық ерекшелігін анықтап, төмендегі кестені толтырады

Бағалау критерийі:

Бағалау критерийі

Дескриптор

Білім алушы:

Балл

Ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндерді тілдік қолданыста анықтау

Мәтіндерді салысытырып, стиль ерекшелігін түсінеді

4

Әдеби тіл нормаларын орынды қолданады орынды қолданады

3

Дифференциация:

Барлық оқушылар қабілетті болады:

  • Диалогте ғылыми терминді орынды қолданады;

Көптеген оқушылар қабілетті болады:

  • ақпараттық мәтіннен қажетті мәліметті тауып, таалдайды;
  • Кейбір оқушылар қабілетті болады:

стиль түрлерін анықтап, тілдік құралдарын талдайды

Сығай Әшірбек «Ой төрінде - театр»

Алматы 2008ж

http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1179446&simple=true#

Сабақтың соңы

Сынып қабырғасына оқылым барысында айқындалған мәселеге қатысты 3 түрлі тұжырым ұсынады. Мысалы, «Қазіргі уақытта шын талантын мойындатып жүрген өнер адамдары да бар, «атың шықпаса жер өрте» деп танылғандар да жетерлік. Барлығының басын тоғыстырып тұрған, ол – киелі сахна. Өнер адамының басты мақсаты сахнаға шығып өнер көрсету ғана емес, киелі сахна мәдениетін сақтай білуі де керек» т.б.Пайда болған жаңа топ бұл тұжырымды неліктен таңдағанын талқылап, өз ойларын білдіреді. Әр топтан бір оқушы спикер ретінде топ пікірін қорғайды, қарсы топтың пікірін тыңдайды. Өз көзқрасын дәлелдейді.

https://massaget.kz/blogs/15971

/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу