2_Қазақ тілі_3 сынып_ _Демалыс мәдениеті. №14-сабақ. Бөлім бойынша жиынтық бағалау


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

8-бөлім. «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»

Сабақ тақырыбы: №14. Бөлім бойынша жиынтық бағалау

Әзірлеген: Абдрасилова Г.Л.

«Ішкі және сыртқы шеңбер»

Үй тапсырмасы «Жазғы демалыс күнделіктерін» жазу туралы идеялармен бөлісу

Жиынтық бағалау мақсаты

Бүгінгі сабақ тоқсан бойынша өткен оқу мақсаттарына қол жеткізуімізді тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталады.

Тексерілетін оқу мақсаттар:

- Берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

- Тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану

- Негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау

Тапсырманы орындау ұзақтығы 15-20 минут. Жалпы балл саны – 7.

Тәртіп ережелерін еске түсірейік!

Нұсқаулықты мұқият тыңдау

ЖБ-ды бастамас бұрын түсінбеген сұрағын қойып алу.

Өзара көмек сұрамау

Дұрыс емес жауап белгіленсе, қарындашпен сызып көрсету

1-тапсырма

Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.

БОЗЖЫРА ШАТҚАЛЫ

Қазақстандағы көрікті жерлердің біріБозжыра. Ол Үстірттегі Бекет ата мешітіне барар жолда, Маңғыстау облысы аумағында орналасқан. Шатқал деп терең, түбі тар, құлама немесе тік беткейлі және көпшілік бөлігі жартасты болып келетін аңғарды айтады. Маңғыстаудағы ерекше таудың бейнесін Қазақстанның 1000 теңгелік банкнотынан да көруге болады. Кез келген альпинист пен саяхатшы бұл өлкені көруге асығады. Себебі өлкенің көз тартарлық сұлулығы мен қайталанбас көрінісі ерекше.

Бірнеше миллион жылдар бойы тау түзілімдерінің бұзылуынан пайда болған төрткілдер күн шұғыласымен ерекше көрінеді. Бұл шатқал осындай өзгерістердің нәтижесінде пайда болған екен. Бозжыраның басты ерекшелігі – ол биіктігі 200 метрге дейін жететін әктас шыңдардан құралған.

«Қазақстан географиясы» кітабынан

2-тапсырма

Мәтіннен 1 негізгі және 1 туынды зат есімді тауып жаз.

 

Негізгі зат есім: ________________________

Туынды зат есім: ________________________

Орындалған жұмысты тапсыруға 5 минут қалды

Үйге тапсырма:

«Жазғы демалысты ұйымдастыру» жоба әзірлеуге дайындалу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу