2_Қазақ тілі_3 сынып_ _Мазмұндама жазу_ПРЕЗЕНТАЦИЯ


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

8-бөлім. «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»

Сабақ тақырыбы:

№ 7 сабақ. Мазмұндама жазу

Әзірлеген: Абдрасилова Г.Л.

Сабақтың мақсаты

3.2.5.1 берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

3.3.3.1 өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Бағалау критерийлері

-жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді,

-тыңдаған материал негізінде жоспар бойынша мазмұндама жазады;

-қателерді тауып, түзетеді.

«Кім тапқыр?» ойыны

Ержүрек қыз

Сержант Мәншүк Мәметованың өтінішін бригада газетінде жариялаңдар, - деді комиссар. Өтінішінде Мәншүк пулемётші болып, зұлым* жауды жайратқысы* келетінін айтыпты. «Өзім өлсем де, Отаным аман болса екен!» деп жазыпты.

Бір мың тоғыз жүз қырық үшінші жылы біздің атқыштар бригадасы жауды батысқа қарай тықсырып* келе жатты. Бір мезгілде жау қарсы шабуылға шықты. Жау шабуылы жақындай берді. Жараланған Мәншүк фашистердің дабырлаған үнін естіп, есін жиып алды. Жексұрын жауға өшіккен ол жанына батқанына қарамай, бірден пулемётіне ұмтылды. Оғы бұршақтай жауды. Кекті қыз жау солдаттарын баудай түсірді. Фашистер тым-тырақай кейін қашты. Енді біздің жауынгерлер шабуылға шықты.

Тамаша ерлігі үшін қазақ халқының қаһарман қызына Кеңес Одағының Батыры деген құрметті атақ берілді.

Мазмұндама жазуға үйрету қадамдары

1. Оқушылардың мәтінді түсініп оқуы.

2. Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға оқушылардың жауап беруі.

3. Жазылуы қиын сөздерді тақтаға жазып қою.

4. Мәтін мазмұнын оқушылардың айтуы.

5. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің жоспарын құру.

6. Оқушылардың мәтін мазмұны бойынша мазмұндама жазуы.

Сөздердің мағынасын аш

Зұлым, жайратқысы, тықсырып

Жоспар:

1.Мәншүктің өтініші.

2.Жаудың қарсы шабуылы.

3.Мәншүктің батыл қадамы.

4.Құрметті атақ.

Рефлексия

-Бүгінгі сабақта қандай қызықты мәлімет алдым?

 Үйге тапсырма:

Дереккөздерді пайдаланып, басқа мемлекеттер мен Қазақстанда Мәншүк Мәметованың ескерткіші орнатылған қалалар, оның есімімен аталған көше аттары туралы ақпарат іздестіру, жинақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу