1_Қазақ тілі_3 сынып_8-бөлім_ _Мазмұндама жазу_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім. «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»

Күні: 4 тоқсан

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Модератор: Абдрасилова Гулсим Лесбековна

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

№7сабақ. Мазмұндама жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.5.1 берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

3.3.3.1 өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

-жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;

-тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, үлгі бойынша мазмұндама жазады;

-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.

Оқушылардың көбі:

-жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;

-тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, тірек сөздерді қолданып мазмұндама жазады;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді.

Оқушылардың кейбірі:

-жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді,

-тыңдаған материал бойынша жоспар құрады, мазмұндама жазады;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.

Бағалау критерийлері

-жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді,

-тыңдаған материал негізінде жоспар бойынша мазмұндама жазады;

-қателерді тауып, түзетеді.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Сөздер, сөйлемдердің байланысы, мәтін, мәтін құрылымы

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Мәншүктің отбасы жайлы не айта аласың? Ол мәліметті неге сүйеніп анықтадың?

Құндылықтарды дарыту

Отан қорғауға, ата-бабаларымыздың өмірінен үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөз құрамы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

(Т, Ұ) Сызбамен жұмыс

«Кім тапқыр?» ойынын ойнату.

Оқушылардан сызбада кім туралы айтылғанын сұрау.

Презентация

Слайд 2

Слайд 3

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

6-34 минут

Негізгі бөлім

3.2.5.1 (МК, Ұ) Жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу.

Мәншүк Мәметова туралы бейнематериал көреді.

Сұрақтар қойылады:

-Бейнематериал кім туралы?

-Мәншүк туралы қандай жаңа мәлімет алдың?

-Мәншүктің отбасы жайлы не айта аласың? Ол мәліметті неге сүйеніп анықтадың?

(МК, Ұ) Мәтінді оқу.

Ержүрек қыз

Сержант Мәншүк Мәметованың өтінішін бригада газетінде жариялаңдар, - деді комиссар. Өтінішінде Мәншүк пулемётші болып, зұлым* жауды жайратқысы* келетінін айтыпты. «Өзім өлсем де, Отаным аман болса екен!» деп жазыпты. Бір мың тоғыз жүз қырық үшінші жылы біздің атқыштар бригадасы жауды батысқа қарай тықсырып* келе жатты. Бір мезгілде жау қарсы шабуылға шықты. Жау шабуылы жақындай берді. Жараланған Мәншүк фашистердің дабырлаған үнін естіп, есін жиып алды. Жексұрын жауға өшіккен ол жанына батқанына қарамай, бірден пулемётіне ұмтылды. Оғы бұршақтай жауды. Кекті қыз жау солдаттарын баудай түсірді. Фашистер тым-тырақай кейін қашты. Енді біздің жауынгерлер шабуылға шықты. Тамаша ерлігі үшін қазақ халқының қаһарман қызына Кеңес Одағының Батыры деген құрметті атақ берілді.

Оқушылардың назары жұлдызшамен берілген сөздерге аударылады: зұлым, жайратқысы, тықсырып.

-Бұл сөздердің мағынасын түсінесің бе?

-Синонимдерін атай аласың ба?

Оқушылар ойларын айтқан соң, түсіндірме сөздіктен жұлдызшамен берілген сөздердің мағынасы анықталып, оқушылардың ойларымен қаншалықты сәйкес және дұрыс екендігі тексеріледі.

3.3.3.1 (Ө, Ж, Қ) Мазмұндама жазу.

Мазмұндама жазуға үйрету қадамдары көрсетіледі:

1. Оқушылардың мәтінді түсініп оқуы.

2. Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға оқушылардың жауап беруі.

3. Жазылуы қиын сөздерді тақтаға жазып қою.

4. Мәтін мазмұнын оқушылардың айтуы.

5. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің жоспарын құру.

6. Оқушылардың мәтін мазмұны бойынша мазмұндама жазуы.

Оқылған мәтін бойынша бірлесіп жоспар құрылады.

Жоспар:

1.Мәншүктің өтініші.

2.Жаудың қарсы шабуылы.

3.Мәншүктің батыл қадамы.

4.Құрметті атақ.

Орындалған жұмыстар негізінде оқушылар мазмұндаманы жазады.

Бағалау дескрипторы негізінде жай қарындашпен әркім өз жұбының жұмысын тексеріп, бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

әтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жүйелі жазады;

-мәтіндегі мәліметтерді, негізгі ойды сақтап жазады;

-қатесіз жазады.

Саралау

Оқушылар мазмұндама бойынша жіберген қате түрлеріне байланысты топқа бірігеді. Тапсырманы қатесіз орындағандар бөлек топ құрайды. Оларға өз бетінше орындауға тапсырма беріледі. Мысалы, бейнематериалды тамашалау барысында алған әсеріңді сипаттап жаз.

Қате жіберген оқушылардың қателері талданып, түзету жұмыстары жүргізіледі.

https://youtu.be/5Fqx89H-XVw

Мәншүк Мәметова

Қосымша №2

Слайд 6

Қосымша №3

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия

-Бүгінгі сабақта қандай қызықты мәлімет алдым?

Үйге тапсырма: Дереккөздерді пайдаланып, басқа мемлекеттер мен Қазақстанда Мәншүк Мәметованың ескерткіші орнатылған қалалар, оның есімімен аталған көше аттары туралы ақпарат іздестіру, жинақтау.

Слайд 8

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар мазмұндама бойынша жіберген қате түрлеріне байланысты топқа бірігеді. Тапсырманы қатесіз орындағандар бөлек топ құрайды. Оларға өз бетінше орындауға тапсырма беріледі.

Қате жіберген оқушылардың қателері талданып, түзету жұмыстары жүргізіледі.

Топтық жұмыстың нәтижелері өзара бағалау арқылы бағаланады.

Партада дұрыс отырулары қадағаланады, көзге арналған жаттығулар жасаталады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу