1_Қазақ тілі_3 сынып_ Қауіпсіздік нұсқаулығын жазу_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім. «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»

Күні: 4 тоқсан

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Модератор: Абдрасилова Гулсим Лесбековна

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

10 сабақ. Қауіпсіздік нұсқаулығын жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

3.3.4.1* мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құру/компьютерде теру;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

-тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;

-сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;

-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.

Оқушылардың көбі:

-тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;

-сызбада берілген мәліметтер негізінде қарапайым нұсқаулық құрап жазады;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді.

Оқушылардың кейбірі:

-тыңдаған материалынан тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;

-сызбада берілген мәліметтер негізінде толықтыра отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.

Бағалау критерийлері

-тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және жауап береді;

-нұсқаулық құрап жазады;

-қатені табады және түзетеді.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Өмір қауіпсіздігі, нұсқаулық, сақтық шаралары т.б.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

-Неліктен қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды?

-Адамға ең қымбат не? Не себепті?

Құндылықтарды дарыту

Өзін-өзі күтуге, жағдайларда өзін-өзі қорғауға үйрету

Пәнаралық байланыстар

Өзін өзі тану, дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөз, сөйлем туралы меңгерген білімдеріне негізделеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

(Т, Ұ) Ой қозғау.

Балаларға жыл мезгілдеріне байланысты жұмбақтар жасыру.

Гүл - гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезең? (Көктем)

Жапырақты бояды,

Атырапты бояды.

Бояп - бояп барлығын

Сап - сары ғып қояды.

Бұл қай кезде болады? (Күз)

Суда мұз бар,

Жерде қар бар.

Боран борап соғады,

Бұл қай мезгіл болады? (Қыс)

Аптап ыстық келді деп,

Шаттанады бар бала.

Суға түсіп, шомылып

Күнге күйіп мәз болады.

Айтыңдаршы, кәнеки,

Жыл мезгілін, балалар? (Жаз)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін құрастыру.

Қосымша 1

Слайд 2

Слайд 3

Сабақтың ортасы

6-34 минут

Негізгі бөлім

3.1.1.1 (МК, Ө, Т) Тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру.

(МК) Оқушылардан қандай жыл мезгілдерін ұнатынын сұрау. Жаз мезгілін ұнатындарды анықтап, не себепті жазды жақсы көретіндіктерін сұрау. Жаз айлары туралы, жазды қалай өткізетіндіктерін, қандай жоспарлары барын анықтау.

(Ұ, Ө, Ж) «Қауіпсіздік әліппесі» бейнеролигін тамашалау.

Бейнероликті көріп тыңдамас бұрын нұсқаулық беріледі:

-бейнероликті мұқият көріп тыңдау;

-тыңдау барысында 4 тірек сөз жазып алу.

-бейнеролик мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру, сол сұрақтарға жауап беру.

Бейнероликті қайта қарап, тақырыпқа қатысты тірек сөздер тізбегін жасау. Жұпта ақылдаса отырып, тірек сөздермен сөз тіркестерін құрап жазу. Құраған тірек сөздерді қатыстырып, төрт-бес сұраулы сөйлем құрастыру. Сыныпта құраған сұрақтарын қою.

Қолдауды қажет ететін топ оқушыларға алдын ала жазылған тірек сөздер мен сұрақтар тақтадан көрсетіліп, оқушылардың нұсқаларымен салыстырылады.

Тірек сөздер: Ең қымбат, өмір, қауіп-қатер, қауіпсіздік, жол қауіпсіздігі, бағдаршам, жаяу жүргіншілер, ауру, зиянды микробтар, денсаулық қауіпсіздігі, қол жуу, жуып жеу, сіріңке, өрт, өрт қауіпсіздігі, сел, су тасқыны, жер сілкінісі, сақтық шаралары, үлкендерді тыңдау т.б.

Әр жұптың құрастырған ашық және жабық сұрақтарына келесі жұптар кезегімен жауап береді (кеңесуге уақыт беріледі). Жауап бере алмаған жағдайда келесі жұп жауап беру мүмкіндігіне ие болады. Сұрақтың жауабы жұмыстың аяғында бейнеролик қайта тыңдалынып барып табылады.

-Бейнеролик қандай тақырыпқа негізделген?

-Қандай қауіпсіздік шаралары туралы айтылған?

-Неліктен қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды?

-Адамның ең қымбат нәрсесі? Неліктен?

-Жол қаіпсіздігін сақтамау қандай қауіп-қатерге әкеліп соқтырады?

-Жаяу жүргіншілер жолын қаншалықты пайдаланасың?

-Денсаулық қауіпсіздік шараларын қалай сақтайсың?

-Сіріңкемен ойнау қаншалықты қауіпті?

-Сел жүргенде, жер сілкінісінде қалай сақтануды білесің бе?

-Жеке бастың тазалығын ұстаған және ұстамайтын адамдар қаншалықты ауырады. Мысал келтіре аласың ба? Салыстыр.

Сергіту сәті!

3.3.4.1 (Ұ, Т, Қ) «Өмір қауіпсіздігі» нұсқаулығын жазу.

Оқушыларға нұсқаулық сөзінің мағынасы туралы қайталап айтылып, естеріне түсіріледі. Нұсқаулық – әлденені орындау, жүзеге асыру жолы мен тәртібі.

Бейнероликті қайта қарау. Материал мазмұны бойынша қауіпсіздік ережелерінің түрлеріне қарай топтастыру:

Жол қауіпсіздігі;

Денсаулық қауіпсіздігі;

Су қауіпсіздігі;

Өрт қауіпсіздігі.

Қауіпсіздік түрлері бойынша оқушылардың топтасуы. Әр топтың өз атауына сәйкес «Өмір қауіпсіздік» нұсқаулықтарын құрастыру

Ескерту: Нұсқаулық жазу ережесін еске түсіру. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге құрастыру. Топта оқушылар өзара бағалауы мен кері байланысын ұйымдастыру.

Нұсқаулықты құрастыруда болымды және болымсыз етістіктерді қолдану керектігі айтылады.

https://www.youtube.com/watch?v=5sLJO6RBTE0

Қауіпсіздік әліппесі

1-50-9-40 минут аралығы

Қосымша 1

Слайд 6

Слайд 7

Сабақтың соңы

35-40 минут

(Ө, Қ) Өзіндік бағалау

-Мен не үйрендім?

-Мен үшін не қиын болды?

-Мен енді нені үйренуім керек?

Үйге тапсырма: Жазғы демалыста суға шомылу нұсқаулығын жазу.

Слайд 8

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қолдауды қажет ететін оқушыларға нұсқаулық жазуда болымды және болымсыз етістіктерді дұрыс қолдануда бағыт-бағдар беріледі.

Қабілеті жоғары оқушыларға өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік жасалады.

Өзіндік, өзара және топтық және жеке бақылау жасау арқылы бағаланады.

Сергіту сәті қолданылады. Жазу барысында партада дұрыс отырулары қадағаланады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?

[attachment=29333:1_aza-tili_3-synyp_8-blim_demalys-mdenieti_-merekeler_10saba_auipsizdik-nsaulyyn-zhazu_mzh_ag.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу