1_Қазақ тілі_3 сынып_ _Қауіпсіздік нұсқаулығын жазу_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім. «Демалыс мәдениеті. Мерекелер» Күні: 4 тоқсан | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Модератор: Абдрасилова Гулсим Лесбековна | |||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | № 11 сабақ. Қауіпсіздік нұсқаулығын жазу | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау; 3.3.4.1* мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құру/компьютерде теру. | |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Бағалау критерийлері | -сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады; -нұсқаулық құрап жазады. | |||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология мен тірек сөздер: Денсаулықты сақтау, өзін өзі күту т.б. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: Адам өмірінде «Өмір қауіпсіздік ережелерін» білудің маңыздылығы қандай? | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бірлесіп жұмыс жасауға, өз өмірін түрлі жағдайларда қорғауға тәрбиелеу | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін өзі тану, дүниетану | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін, сөз таптарын біледі | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 0-5 минут | (Т, Ұ) Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардан түрлі төтенше жағдайларда қолданылатын 101, 102, 103, 104, 105, 112 телефон нөмірлері жазылған карточкалар таратылып беріледі. Қай нөмір қандай жағдайда қолданылатынын, оларды білудің адам өмірінде қаншалықты маңызды екендігі сұралады. 101 - Өрт сөндіру 102 – Полиция 103 - Жедел жәрдем 104 – Төтенше жағдайларда (газ) 105 - Темір жол ақпараттық орны 112 - Төтенше жағдайларда құтқару Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. | Қосымша №1 Слайд 2 Слайд 3 | ||||||||
Сабақтың ортасы 6-34 минут | Негізгі бөлім 3.1.2.1 (МК, Ө; Ұ) Мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжау. «Пазл құра» тапсырмасын орындайды. Қиылған суреттерді берілген бір ұғымға, тақырыбына байланысты біріктіреді. Сұрақтар: 1. Пазл суреттерінде нелер бейнеленген? 2. Ол заттардың арасында қандай байланыс бар? 3. Олар неліктен бір топтамада беріліп тұр? 4. Оларды қандай тақырып біріктіреді? (Өмір қауіпсіздігі) 5. Біріктірілген заттарды қауіпсіздік шараларын сақтауға байланысты орналастыр. (Техника қауіпсіздігі, жолда жүру қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, суда жүзу қауіпсіздігі) (Ө, Ұ) Оқушылар «Өмір қауіпсіздігі негіздері» мәтінін тыңдайды. Мазмұнын түсінген, түсінбегендері анықталады. Қажет жағдайда зерек оқушыларға қайта мазмұны айтқызылады. Мәтін ішіндегі түсініксіз сөздер талданып, сөздік жұмысы ұйымдастырылады. Тыңдаған мәтін аясында алдында жасаған болжамдарын салыстырып тексереді. Адам өмірінде «Өмір қауіпсіздік ережелерін» білудің маңыздылығын талқылайды, ортақ пікір айтады. Өмір қауіпсіздігі негіздері Адам өмірі – оның ең қымбат нәрсесі, байлығы. Адам қандай жағдай болмасын өмірін сақтап қалуы тиіс. Көп жағдайларда адамның өзінің және жақындарының өмірін сақтап қалуы қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсете білу, сақтана білу т.с.с… Өмір қауіпсіздік негіздерін әрбір адам білуі тиіс. Төтенше жағдайларда қажетті нәрсені өз уақытында, әрі дұрыс жасауы денсаулыққа және өмірге қаншалықты маңызды екенін түсінуі керек. Өмір қауіпсіздік ережелерін үнемі жадымызда ұстап, өз өмірімізді қорғай білуіміз керек. Сондықтан да қауіпсіздік әліппесін білу және оны дұрыс қолдану әркімнің міндеті. Сергіту сәті! 3.3.4.1 (Ө, Ұ, Қ) Өмір қауіпсіздігі нұсқаулығын жазу. Оқушылар жазғы демалыс кезінде өзінің және жақындарының өмір қауіпсіздігін сақтауға байланысты нұсқаулық жазады. Дескрипторлар негізінде өзін өзі бағалайды. -нұсқаулықты жазу талаптарына сәйкес құрастырады; -каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады. | http://ped.kz/images/photos/medium/article2560.jpg Жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі Қосымша №3 Қосымша №4 | ||||||||
Сабақтың соңы 35-40 минут | Рефлексия Оқушылар сұрақтарға жауап береді: -Сабақта қандай жетістіктерің болды? -Қандай тұстарды жетілдіру қажет? Үйге тапсырма: «Өмір қауіпсіздігі ережелері» тақырыбында постер құру және қорғау. | Слайд 7 | ||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Қабілеті жоғары оқушыларға өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік жасалады. Зерек оқушылардың қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беруіне жағдай жасалады. | Ауызша кері байланыс комментарий арқылы беріледі. Жазылымды өзіндік бағалайды. | Сергіту сәті, көзге арналған жаттығулар қолданылады. Дұрыс отырулары қадағаланады. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? | ||||||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?