2_Қазақ тілі_3 сынып_Тоқсан бойынша жиынтық бағалау_Демалыс мәдениеті. Мерекелер


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

8-бөлім. «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»

Сабақ тақырыбы: №15. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау

Әзірлеген: Абдрасилова Г.Л.

Жиынтық бағалау мақсаты

Бүгінгі сабақ тоқсан бойынша өткен оқу мақсаттарына қол жеткізуімізді тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталады.

Тексерілетін оқу мақсаттар:

- Берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

- Тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану

- Негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау

Тапсырманы орындау ұзақтығы 15-20 минут. Жалпы балл саны – 7.

Тәртіп ережелерін еске түсірейік!

Нұсқаулықты мұқият тыңдау

ЖБ-ды бастамас бұрын түсінбеген сұрағын қойып алу.

Өзара көмек сұрамау

Дұрыс емес жауап белгіленсе, қарындашпен сызып көрсету

1-тапсырма әңгіме құрау

Жазғы демалыс

https://st4.depositphotos.com/5425740/20838/v/1600/depositphotos_208381990-stock-illustration-summer-illustration-playing-kids.jpg

Жоспар

Алақай, жаз келді!

Қызықты ойын.

Қорытынды

Тірек сөздер:

саябақ, ойын, жарысу, шынығу, оқу.

2. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Менің атамсоғыс ардагері. Ол соғыс кезінде елін, жерін қорғады. Атамның ерлігі үшін көп орден мен медаль берді.

Жеңіс күні отбасымызбен алаңға шықтық. Алаңда мерекелік шеру болды. Атам медальдары мен ордендерін тақты. Барлық адамдар атамды мерекемен құттықтады, алғыс айтты. Мен атама: «Орден мен медальдарыңды неге күнде тақпайсың?», – дедім. Ол күлді. «Менің орденім мен медалімсенсің», – деді.

1) Неліктен атасы немересін ордень мен медалдарына теңеді деп ойлайсың?

2) Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 1 сұрақ құрастырып жаз және жауап бер.

3) Мәтінге ат қой.

4) Мәтіннің негізгі ойын анықта

3-тапсырма

1) Берілген сөздерді кестеге жіктеп жаз: тәртіпті, жастық, суар, биші, ақылды, үтікте.

2) Бас сөзінен екі түбірлес сөз жаса. Түбірлес сөзді қатыстырып, бір сөйлем құрастырып жаз.

Орындалған жұмысты тапсыруға 5 минут қалды

Өзін-өзі бағалау.

Бүгінгі тапсырмалар түсініксіз, орындау маған қиын болды.

Бүгінгі тапсырмалар түсінікті, кейбірін орындау маған қиын болды.

Бүгінгі тапсырмалар түсінікті, орындау маған оңай болды.

Үйге тапсырма:

«Жазғы демалысты ұйымдастыру» жоба әзірлеуге дайындалу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу