3-сынып 7-бөлім Су - тіршілік көзі қмж
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар 7-бөлім: Су-тіршілік көзі Күні: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні : Жанаева Н.Н. | |||||||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | №10-сабақ. Мазмұндаманы тексеру. | |||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін) өз көзқарасын білдіру 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері мен анықтамалығы арқылы түзету 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар:
Оқушылардың көбі:
Оқушылардың кейбірі:
тыңдаған материалдар бойынша жоспар құрады, мазмұндама жазады | |||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Бейнежазба мазмұны бойынша пікір білдіруін. Айтылған өзгенің пікіріне көзқарасын. Каллиграфиялық нормаларды сақтауын; Жіберілген қатені тауып, түзетуін.- тыңдаған мәтіні бойынша жоспар құрады. | |||||||||||||||||||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология мен тірек сөздер: мәтін түрлері, жағалау, су қоймасы, көл, өзен, қамыс, суару, сусындау, жануарлар, құстар.Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: - Су қоймаларының түрлері? - Бейнежазбадағы су қоймасының қандай түрі деп ойлайсың? - Су қоймасынан қандай тіршілік иелері су ішті? - Су қоймасының суы қандай? | |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Судың пайдасын білуге, үнемдеуге, су қоймаларын таза ұстауға тәрбиелеу. | |||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану, дүниетану. | |||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Әңгімелей алады. Мәтін түрлерін біледі. Нұсқаулық, мазмұндама жазады, тексереді. | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-5 мин | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі Жұмбақ Дәмі де жоқ, түсі де жоқ, Пайдаланбас кісі жоқ. Бұл не? (Су) Мақсат оқушылардың ой белсенділігін дамыту, өз әрекетін бақылауды, зейінін тұрақтандыру. Сабақтың тақырыбына көшу. Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады. | Жұмбақ | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 35 мин Сергіту кезеңі | Негізгі бөлім Оқушылар қима қағаздарды таңдап топтарға бөлінеді. (Бұлақ, өзен, көл, теңіз ) Әр топтан өз атауларына түсініктеме беруін сұрау. Мысалы: Бұлақ – жер асты суы 3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін) өз көзқарасын білдіру https://www.youtube.com/watch?v=Rvq2ankKBmg. (МК, Ұ) Су қоймасы туралы бейнежазбаны тамашалау. Ұзақтығы 1мин 27сек.. (Т) Талқылау сұрақтары. -Су қоймаларының түрлері? -Бейнежазбадағы су қоймасы қандай? -Су қоймасынан қандай тіршілік иелері су ішті? -Су қоймасының суы қандай? -Су қоймаларының су ортаюы мүмкін бе? -Су қоймаларында қандай жануарлар мекендейді? т.б. «ПОПС формуласы» арқылы өз жауаптарын айта алады. Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....» Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...» Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....» Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...» Дескриптор: - Бейнежазба бойынша берілген сұрақтарға өз ойын айтады. - Өзгенің пікіріне келіседі немесе келіспейді. - Келіспеу себебін айтады. Сергіту кезеңі: «Біз де» ойынын ойнау. Ойынды мұғалім бастап береді әрі қарай әр топтан бір оқушы шығып ойынды жалғастырады. Ойын су қойма атауларына байланысты топ атаулары бойынша құрастырылады. (Бұлақ, өзен, көл, теңіз ) «Біз де» Ойынның шарты: Әңгімені зейін сала тыңдап, бұрыс пікірге қосылмау керек. Келесі топ атаулары да осылай ойын мазмұны сөйлемдері мен сөздерін өзгертумен жалғасады. Мысалы: «Өзен» тобы бастайды. 1.Мен өзенге бардым. «Біз де!»2. Онда үйрек ұстап алдым. «Біз де!»3. Үйректің жартысын итім жеп қойды. «Біз де!» Осыны айтып қалған оқушылар ойыннан шығады. Келесі «бұлақ, көл, теңіз» топтары сөйлемдері мен сөздерін өзгертіп жүргізеді. Ойынның мақсаты оқушылар сергіп қана қоймай өз танымдары мен шапшаңдықтары, зейін, ықыластарын, сөз қорларын дамытады. «Тексерейік» айдары бойынша жұмыс. 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері мен анықтамалығы арқылы түзету. (МК, Ө) Мұғалім алдыңғы сабақта жазған мазмұндама жұмыстарын оқушыларға тапсырады. Оқушылар өз жұмыстарын қайта қарайды. Мұғалімнің ұсынысымен танысады. Шартты белгілер көмегімен қателерін тауып, сөздіктер мен анықтамаларға сүйене отырып түзетеді. Қатемен жұмыс жүргізіледі. Белгілер кестесі тақтаға ілінеді.
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету (Ө) Қатемен жұмыс. Қателерін тауып түзеткеннен кейін жазу каллиграфиясын сақтай отырып, қате кеткен сөзді жазады сызықша арқылы қатесіз түрін жазады. Осылай қатемен жұмыс орындалады. Мысалы: табиғатағы – табиғаттағы, өнемі – үнемі, біздін – біздің т.б. Саралау: Ынтасы жоғары оқушылар қателерін түзеп болғаннан кейін олар өз қателерін қалай тауып, түзеткендерін түсіндіреді. Ынтасы төмен оқушылардың қатесін түзетіп жазуларына көмектеседі.Дескриптор: Каллиграфиялық нормаларды сақтайды. Жіберілген қатені тауып, түзетеді. Қатемен жұмыс жасайды. | Қима қағаздар слайд https://www.youtube.com/watch?v=Rvq2ankKBmg. Дәптермен жұмыс | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия «Бес саусақ». Сұрақтарға жауап жазу арқылы сабақтағы өз іс-әрекетіңе кері байланыс жаса. Оқушыларға берілген бес саусаққа кестеге сүйене отырып өз жауаптарын жазады.
Үйге тапсырма: Есіл өзенінің ұзындығы мен тереңдігін біліп, жазып келу. | |||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||
Топтық тапсырмаларды дифференциация бойынша беремін. белсенділігіне, ойлауына, қызығушылығына, икемділігіне қарай қолдау көрсетемін. Мотивациясы төмен оқушыларға көмекке мазмұндамада қолданған сөз тіркестері мен тірек сөздерге қарап қателерін түзетуге ықпал жасаймын. Талантты, дарынды оқушылармен жұмысты жандандырамын. Қабілетті оқушылар жедел түрде қателерін тауып, түзетеді. Сонымен қатар ынтасы төмен оқушыларға көмектеседі. | Топтық жұмыс барысында көрген бейне материал бойынша талқылау сұрақтарына «ПОПС» әдісімен өз пікірлері мен өзгенің пікіріне қосылу, қосылмау себептерін айта алады. Жазылған мазмұндамаларын «Қателер» кестесіндегі белгілер бойынша тексеріп, түзетеді. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. Сергіту сәті « Біз де» ойыны. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
[]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?