3 сынып_ 7 бөлім Су тіршілік көзі
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
1.Бөлім: 7 Су - тіршілік көзі Сабақ: 7
Сабақ тақырыбы: Нұсқаулық жазу
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, т.б.) құру/компьютерде теру
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
Сабақ мақсаттары: -сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады,
-мұғалімнің қолдауымен жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;
Құндылықты дарыту; Табиғат құбылыстарын білу және суды қолдану ережелерін сақтауға тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс; Дүниетану
Ресурстар:
Қосыша материалдар:
- таныстырылым
- дидактикалық материалдар
2.Қауіпсіздік және денсаулық сақтау нұсқаулығы, оқушыларға психологиялық жағымды ахуалды қалай ұйымдасырылады:
Топтық және оқу құралдарын қолдануда техника қауіпсіздігін сақтау
3. Әдіс-тәсілдерді ұйымдастырудың егжей-тегжейлі нұсқаулығы
Миға шабуыл (Ұ.Ж )«Әріптер пирамидасы»
Мақсаты:. Берілген әріп арқылы екі жақтан сөздер ойлап табу арқылы оқушының сөз қоры мен ойлану дағдыларын анықтауға болады.
Қолданылуы: Бір әріп арқылы бірнеше сөздерді ойлап табу.
3.1.4.1 ( Ж.Ж) 1-тапсырма «Сөзден –сөйлем, сөйлемнен –мәтін» әдісі
Мақсаты: Шашылған түрлі сөздердің ішінен бір-біріне мағыналық жағынан сәйкес келетін сөз тіркестерін анықтап, сөйлемдер құрастырады. Сөйлемдерді байланыстыра отырып, мәтін құрастыра алатындарын анықтауға тиімді әдіс.
Қолданылуы: Берілген сөз тіркестерін қолданып мәтін құрастыру. Толық нұсқасымен салыстырады.
3.3.4.1 2-тапсырма (МК,Ө) «Көрсет және әңгімеле» әдісі
Мақсаты: Әр оқушы өз жауабын жазуға мүмкіндігі болады. Және өзінің жазған нұсқаулығын таныстыру арқылы, тиым сөздерді әңгімелеп береді. Оқушылардың айтылым дағдысы мен ойлау дағдыларын байқауға тиімді әдіс болып табылады.
Қолданылуы: Тыйым сөздерді пайдаланып, «Суды дұрыс пайдалан!» нұсқаулығын толықтыру. Жазған тиым сөз туралы әңгімеле.
3.3.6.1 3-тапсырма (Ж.Ж) Көркем жазу
Мақсаты: Әріптерді, сөздерді, сөйлемдерді талапқа сай жаза білу және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыруға ұолайлы әдіс.
Қолданылуы: Мақалдардың мағынасын айту.Мақалдарды көркем жазу.
5. Саралау;
«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі
- Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады
«Бағалау» тәсілі
- Оқушылар үнемі бағаланып отырады, оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін
«Қарқын» тәсілі
- Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді
6. Қалыптастырушы бағалауға ұсыныстар;
Қ.Б: жұптар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалау
Қ.Б: мадақтау арқылы бағалау
Қ.Б: смайликтер арқылы
Бағалау критерий:
- Мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып нұсқаулық құрастырады
- Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбей жазады
- Тірек сөздер пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды
Кері байланыс: «Плюс, минус, қызықты»
Мақсаты: Өтілген тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін қолдануға болады. Және өзін-өзі бағалауға қолданылады.
Қолданылуы:
Плюс | Минус | Қызықты |
Сабақта барлығы ұнады: сабақ мазмұны, жұмыс | Ұнамады, түсініксіз, болып қалды | Барлық деректер мен әдістер қызықты |
7. Қосымша сілтемелер:
1. Оқу жоспары Қазақ тілі Т1 3 сынып 2018-2019 жж
2.Оқулық Қазақ тілі «Атамұра» баспасы
3. Оқу бағдарламасы Қазақ тілі Т1
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?