3 сынып_ 7 бөлім Су тіршілік көзі слайд


Қазақ тілі

3- сынып

Бөлімі: 7. Су - тіршілік көзі

№7- сабақ

(Оқу жоспары Қазақ тілі 2018-2019 жж)

Тақырыбы: Нұсқаулық жазу

Әзірлеген: Каниева Н.А.

Бағалау критерийлері

Мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып нұсқаулық құрастырады

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбей жазады

Тірек сөздер пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды

Шаттық шеңбер

Бақыт деген-

Осы шаттық шеңбері

Қол ұстасып

Тұрайықшы , кел бері.

Бақыт деген-

Көрмей қалса сағынып,

Мені іздейтін

Адал жүрек сендегі.

Миға шабуыл (Ұ.)

(Ұ.Ж )«Әріптер пирамидасы» 

Бір әріп арқылы бірнеше сөздерді ойлап табу

1-тапсырма «Сөзден –сөйлем, сөйлемнен –мәтін» әдісі

Берілген сөз тіркестерін қолданып мәтін құрастыру.Толық нұсқасымен салыстыру.

Су – тіршілік көзі

Керекті сөз тіркестері: үштен бір бөлігі, мұхиттар, өзен, көл, су алып жатыр, жер асты сулар, су , бұлт, тұман, бу, жаңбыр түрінде, болады, айсбергтер мен мұздықтар, су болып есептеледі, бүкіл жан иесі, сусыз тіршілік, жоқ, сусыз өмір, сүре алмайды.

2-тапсырма (МК,Ө) «Көрсет және әңгімеле» әдісі

Тыйым сөздерді пайдаланып, «Суды дұрыс пайдалан!» нұсқаулығын толықтыру. Жазған тиым сөз туралы әңгімеле.

«Суды дұрыс пайдалан!»

Суды бекер ... .

Түнде су алуға ... .

Суды ... .

Бұлақты ... .

Ағынды суға кір ... .

Судың бетін ашық ... .

Лас су төккен жерді ... .

Түнде су ... .

Су ішкен құдығыңа ... .

Суды ысырап етпе, ... .

3-тапсырма (Ж.Ж) Көркем жазу

Мақалдардың мағынасын айту.Мақалдарды көркем жазу

Ағын су арнасын табады. 

Ағын су бал татыр, 

Ақ шабағы май татыр. 

Ағын су жолын табады, 

Ақ адам оңын табады. 

 

Бұлақ көрсең көзін аш. 

 

Су бергеннің сауабы бар, 

Су төккеннің жауабы бар. 

Сусыз өмір жоқ, 

Отсыз темір жоқ.

Рефлексия «Плюс, минус, қызықты»

Үй тапсырмасы:«Судың пайдасы» туралы әңгіме жазу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу