3-сынып 7-бөлім Су-тіршілік көзі №9-сабақ қмж
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар 7-бөлім: Су-тіршілік көзі 9-сабақ Күні: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні : Жанаева Н.Н. | |||||||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Мазмұндама жазу | |||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету 3.3.3.1 өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар:
Оқушылардың көбі:
Оқушылардың кейбірі:
өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазады | |||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||
Сөздік қор | Мазмұндама жазуға бағытталған сөз тіркестері мен сөздер. | |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Судың пайдасын білуге, үнемдеуге, су қоймаларын таза ұстауға тәрбиелеу. | |||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану, дүниетану. | |||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мәтін түрлерін, нұсқаулық жазуды біледі. | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-5 мин | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. https://www.youtube.com/watch?v=wbTLmr1KL34 Роликтің үзіндісін қарау. 00.00-01мин 08сек. Аралығын қарау. Мақсаты судың адам денсаулығына пайдасын білу. Талқылауға арналған сұрақтар:
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Мұғалімнің сабақтың тақырыбын айту, мақсатымен таныстыруы. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты тыңдалған мәтін бойынша тірек сөздерді жазу, тыңдалған мәтін бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазамыз. | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 35 мин | Негізгі бөлім Ассоциация құру арқылы судың қасиеттері мен қайда болатынын, нені құрайтынын қайталау. Су↓Қар, мұз, бу, тұман, шық, теңіз, мұхит, көл 1-тапсырма: 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру (МК,Ұ) Тыңдалым. Мәтінді тыңдайды. Су – тіршілік көзі Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80-95 пайызы судан тұрады. Жануарлар мен адам денесінде де су көп. Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады. Су жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста болады. Теңіз бен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауып, қайта суға айналады. Сусыз тамақ піспейді. Сусыз тазалық та болмайды. Су жолымен жүк тасиды. Судың күшінен электр қуатын да алады. Су - біздің байлығымыз. (Т,Ж) «Сөздер сөйлейді» әдісі арқылы тыңдалған мәтіннен тірек сөздер мен сөз тіркестерді құру. Топтар сөз тіркестерін «Галлерея» әдісі арқылы танысып, толықтыру керек болса толықтырады. Сөздер мен сөз тіркестері: 80-95 пайызы, жануарлар мен адам, шыдау, тынымсыз айналыс, теңіз бен мұхиттар, бу, бұлт, жаңбыр, қар, электр қуаты. «Ыстық орындық» әдісі. (Орындыққа отырған оқушы су болады, ал қалған оқушылар тыңдалған мәтін мазмұны бойынша сұрақ қояды.) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. ( Оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру) Сұрақтар қойып, жауап беру, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінуге көмектеседі.
(ҚБ) Дескриптор
Сергіту сәті https://wav-library.net/water Табиғаттағы судың дауысын тыңдай отырып, теңіздің дауысына толқын көрсету, жаңбырдың дауысына саусақтарын партаға соғу, күн күркірегенде секіру т.б Жаңбыр сіркіреді. (саусақтарын партаға соғады) Күн күркіреді. (қос аяқпен секіреді) Жаңбыр құйды. (бір орында жүгіреді) Теңіз тулады. (қолдарын жоғары созып тербеледі) 3.3.3.1 өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу. 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету (Т,Ө)Мәтін тұтасымен оқушыларға таратылады. Оқушылар топта әр бөлікті қиып, бөліктерге ат қояды. Дайын жоспар кестесіне жапсыру. Жоспар:
Оқушылар құрастырған жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын жазады. Тапсырма «Еркін жазу» әдісі бойынша жүргізіледі.
Дескриптор: - мәтінге жоспар құрастырады; - мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады; -әр бөлімді азат жолдан бастап жазады; - сөйлемдердің құрылымын сақтайды; - кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу үзбей және біркелкі жазады. Жазылған мазмұндамаларды мұғалімге тапсырады. Тексеру мен қатемен жұмыс келесі сабақта жалғасын табады. | Қима қағаздар, кесте Дәптермен жұмыс | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия.
Үй жұмысы: «Су не үшін қажет?» тақырыбында кластер құру.Құстарға тамаққаСу өндіріскежануарғақұстарға өсімдікке | |||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||
Топтық тапсырмаларды дифференциация бойынша беремін. белсенділігіне, ойлауына, қызығушылығына, икемділігіне қарай қолдау көрсетемін. Мотивациясы төмен оқушыларға мәтін бөліктері бөлінген қима қағаздар таратып беремін. Талантты , дарынды оқушылармен жұмысты жандандырамын. Қабілетті балаларға мәтін бойынша жабық, ашық сұрақтар қоюға бағыт беремін. Жоспар құрып, мазмұндама жазады. | Топтық жұмыс барысында берілген мәтіннің мазмұны негізінде сөздер тізбегін құрады, негізгі бөлімдерін анықтап, жоспар құра алады. Жоспарды пайдаланып мазмұндама жазады. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. Сергіту сәті | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?