Қазақ тілі және әдебиеті 2 сынып 5-бөлім Дені саудың – жаны сау Денсаулық, спорт туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар оқимын САБАҚ ЖОСПАРЫ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: Дені саудың – жаны сау

Күні:

Сынып:

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні :

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Денсаулық, спорт туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар оқимын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

2.3.5.1 мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар/санамақтар құрастыру

Сабақ мақсаттары

Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтін мазмұнын болжау және үлгі бойынша шағын өлең немесе ертегі құрастыру дағдыларын қалыптастыру

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтін мазмұнын болжай алса;
  • Үлгі бойынша шағын өлең немесе ертегі құрастыра білсе.

 Тілдік мақсаттар

«Алдымен», «содан соң», «сосын», «ақырында»

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық.

 Пәнаралық байланыстар

Дене шынықтыру, ғылымға кіріспе, дүниетану пәнімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Қызығушылықты ұйымдастыру

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылар шаттық шеңберін құрады.

Мұғалім оқушыларға сөздер таратып береді.

«Денім сау болсын десең...» тақырыбында қолдарындағы тірек сөздерді пайдалана отырып, мәтін құрау керетігі туралы айтылады.

Тірек сөздер: спорт, денсаулық, таңғы жаттығу, денсаулыққа пайдалы, дұрыс тамақтану, дәрумендер, дұрыс ұйқы, тіс тазалығы, киімнің тазалығы, шаш күтімі, тазалық, бөлменің таза болуы, ұқыпты болу, таза ауада серуендеу, тамақтанар алдында қол жуу, тамақтан соң қол жуу, сыныптың таза болуы, «Дені саудың жаны сау».

- балалар, біз қазір не істедік?

- не туралы мәтін құрастырдық?

- ендеше бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ, қалай ойлайсыздар?

/спорт, денсаулық туралы/

Сабақтың тақырыбымен мақсатымен таныстыру.

Қима қағаздар

Слайд

Сабақ басы

3 мин

2 мин

7 мин

3 мин

15 мин

2 мин

(Ұ) Ойын: «Сиқырлы доп»

Ойын шарты: допты лақтыру арқылы сұрақ қою және жауап беру.

  • Мәтін дегеніміз не?
  • Шығармалар қандай жанр түрлеріне бөлінеді?
  • Жұмбақ дегеніміз не?
  • Мақал дегеніміз не?
  • Ертегінің басқа жанрлардан ерекшелігі қандай?
  • Аңыз дегеніміз не?
  • Қандай ертегі түрлерін білесіз?

«Басбармақ» әдісі бойынша өздерін бағалайды.

(Ө,Қ) Кестемен жұмыс.

Оқушыларға кесте таратылып беріледі.

Тапсырма: шығарманың жанр түрлерін сәйкестендіру.

«Дені саудың- жаны жау»

Ерте, ерте, ертеде...

Бұдан кір қорқады,

Судан бұл қорқады

Спорт адам денсаулығының негізі. Спортпен шұғылданған адам әрқашан көңілді, сергек жүреді. Шаршаудан, ашуланудан аулақ болады.

Ертегі

Мәтін

Мақал

Жаңылтпаш

Жұмбақ

Шеше-шеше, неше кесе,

Сынды кеше?

(Ж) жұптық бағалау.

Балалар, мұғалім көрсеткен дұрыс нұсқамен тексереді. Дұрыс жауапты -«+»,

Қате жауапты – «-» таңбасын белгілейді.

Қателіктер түзетіледі.

(Т) шығармашылық жұмыс.

1-топ: берілген суреттерді қатыстыра отырып, ертегі құрастыру.

2-топ: денсаулық туралы өлең құрастыру

3-топ: санамақ құрастырады.

4-топ: кез-келген денсаулық туралы мақалды таңдап, сурет немес сызба бойынша мақал мағынасын ашу керек.

Бағалау критерийі:

  • Тапсырманың толық орындалуы;
  • Топтық жұмыс ережесі сақталуы;
  • Уақыт лимитінің сақталуы;
  • Постердің эстетикалық талғамға сай болуы.

Жоғарғы балл -4 балл. Әрбір критерийге 1 баллдан беріледі.

(Т,Ұ) Постермен жұмыс.

Топтар құрастырған постерлерін қорғайды, толықтырушы сұрақтар қойылады, бірін-бірі бағалайды.

(Ж) «Сен маған, мен саған»

Оқушылар бір-біріне меңгерген білімдері бойынша сұрақ қояды, жауап береді.

доп

карточкалар

бейнежазба

слайд

постер құрастыру

слайд

Сабақтың соңы

3 мин

(МК) Кері байланыс.

Жұмысты орындауда не қиын, не жеңіл болды? Неліктен?

+ Мен ................ үйрендім.

-Маған .............. қиын.

Өзін-өзі бағалау

Оқушылар өз жетістіктерін «Жетістік баспалдағына» жүрекшелерді жапсыру арқылы бағалайды.

Жетістік баспалдағы, түрлі-түсті жүрекше пішінді стикерлер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар ережелерді, сұрақтарды өз бетінше құра алады.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу