Қазақ тілі және әдебиеті 2 сынып 5-бөлім Дені саудың – жаны сау Теледидардан спорт хабарын тамашалаймын САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: Дені саудың – жаны сау | Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын. | |||||||||||
Оқу мақсаты | 1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну | |||||||||||
Сабақтың мақсаттары | 2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру 2.2.9.1 дереккөздер (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мен ақпаратты табу жолын анықтау, берілген тақырып/сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу | |||||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы:
| |||||||||||
Тілдік мақсат | Бұл сабақтағы тірек сөздер «қам су, қара су, зауқы соғу, Брюссель». Осы сөздермен барынша көп жұмыс жүргізіледі. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Батылдық, табандылыққа тәрбиелеп, өз денсаулығына жауаптылықпен қарауды үйрету, салауатты өмір салтын ұстану дағдысын қалыптастыру. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дене шынықтыру | |||||||||||
Алдыңғы білімдер | Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою дағдылары бар | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Суреттерді көрсетіп, сабақтың тақырыбын болжату. Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Сабақтың мақсатын қою. | |||||||||||
Сабақтың ортасы
| (Ж) Сілтеме бойынша бейнематериалды көрсету, сұрақтар қою. -Бейнематериал не туралы? -Спорттың адам өміріне пайдасы қандай? -Сендер спорттың қай түрін ұнатасыңдар? (Т) Сабақтың басында көрсетілген суреттер бойынша әңгіме құруды сұрау.
(МК,Ұ) Оқушыларға «Шыбық тимес шыңқ етер» өлеңін тыңдату. Тыңдап болғаннан кейін төмендегі сұрақтарға жауап беруді сұрау. -Бұл өлең не жайында? -Өлеңде не жазылған? - Өлеңдегі бала қандай? - Саматқа ұқсағыларың келеді ме? - Саматтың достарының жасағаны дұрыс па? Сөздікпен жұмыс. Өлең ішіндегі түсінбеген сөздерді сөздіктен тауып, мағынасын түсіндіру. «Қам су, қара су, зауқы соғу, Брюссель» деген тірек сөздердің мағынасын анықтау жұмысы жүргізіледі. Сөздермен ауызша сөйлем құрауды ұсыну. (Ж) Венн диаграммасы бойынша өлең мен суретті салыстырады.
(Ө) Жұмбақтарды шеш. Табанға қанжар байладым, Бетінде айна ойнадым (коньки) Бала біткен соғады, Жеңіл шарды домалақ. Ұрсаң ұшып жоғары, Жерге түсре домалап (доп) Үйге: Карточкамен жұмыс. Қажетті сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді аяқта. Балалар ... алды. Мен ... тебемін. Біз таудан ... сырғанаймыз. Мұз айдынында ... тебеміз. Айбек ... киді. Мен ... сатып алдым. Мен ... спортымен айналысамын. Қажетті сөздер: доп, велосипед, шаңғымен, коньки, былғары қолғап, спорттық форма, еркін күрес.
| |||||||||||
Сабақтың соңы | Сабақтың мақсатына оралу, сабақты қорыту.
| |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Сұрақтарға жауап беруге қиналатын оқушыларға бағыт бере отырып, жеке қолдау көрсету. | Оқушылар жұптасып жұмыс жасаған уақытта түртіп алу арқылы бағалау. Жеке жауап бергенде комментарий беру арқылы бағалау. Оқушылардың жұмыс жасау барысын, іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау. | Белсенді тақтаны шектеулі уақытта пайдалану. Осы сабақта 2 минут қолдануды жоспарлаймын. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?