алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Жылу машиналарын пайдаланудың экологиялық проблемалары. Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Сабақ жоспары. Жылу машиналарын пайдаланудың экологиялық проблемалары

Оқу мақсаты: Жылулық машиналарының қоршаған ортаның экологиялық жағдайына әсерін бағалау

Жылу қозғалткыштары және қоршаған ортаны қорғау.

Дүние жүзінде қозғалткыштардың ең көп тараған түрі-жылу қозғалткыштары. Өндірісі дамыған елдердегі атмосфераға шығаратын зиянды заттардың ең көп бөлігі транспортқа келеді.Мысалы, АҚШ-та, егер барлық ластаушылардың шығаратын зиянды заттарын100 % десек, сонын автотранспорт үлесіне 60%,өндіріске 16,2%, электр станцияларына 14,1%,жылткыштарға 5,6 % келеді жэне т.б.

 -Қозғалтқыштағы отынның жануы өте күрделі процесс. Қозғалткышта қолданылатын отын-сутегі мен көміртегінің әртүрлі қосылыстары, ал олардың толық жанбауынан әртүрлі улы өнімдер пайда болады: көміртегі тотығы, формальдегидтер,акролеин және т.с.

Барлык сұйық отындарда күкірт кездеседі, ал оттегімен және сутегімен қосылып улы күкіртгі газ бен күкіртгі сутекті құрайды.Кейбір отындарға детонациясын азайту үшін әдейі антидетонатор қосады, олардың бірқатары улы затгар.Іштен жанатын қозғалтқыштың шығаратын газ қоспасы 60-тан астам әртүрлі заттардан тұрады.Олардың ішіндегі ең улылары: азот тотығы, көмірсутектері, альдегидтер, күйе, бензпиренконцерон.

 -Зиянды косылыстардың адам организміне тигізетін әсері. Азот тотығы -түссіз газ, азотгың қос тотығы - қызыл қоңыр газ, өзіне тән көкірек исі бар, Адам организміне енгеннен кейін сумен косылады, тыныс жолдарында азот кышқылын түзеді.Адамның көзіндегі, мұрнындағы, аузындағы шырышты қабықка әсер етеді. Акролеин өте улы, буы ауадан ауырырақ, зиянды жақтары көп.Қорғасын қоспалары өте улы, барлық тірі клеткаларды өлтіреді. Әсіресе бала организміне зиянды, қандағы гемоглабинді жэне эритроцитті азайтады. Күйе кішкене шан түйіршіктері тәріздес тыныс жолдарын бекітеді және канцерогендік заттарды тасиды.

 -Ауаның тазалығы үшің күрес қазіргі кезде бүкіл дүние жүзі бойынша жүргізілуде: транспорттың атмосфераны ластауына қарсы күрес, зерттеулер мен конструкциялық жүмыстар т.с.с.Солардың ішіндегі негізгілердің бірі-шығарылатын газдардың зияндылық нормасын анықтау.

 -Шығарылатын зиянды заттарды азайтудың кейбір физика-химиялық эдістері.

Зиянды заттарды нейтрализаторлардың көмегімен нейтрализациялау.Бұл кезде зиянды затгарды ұстап қалатын жэне газдарды зиянсыздандыратын фильтрлер қолдану арқылы зиянды заттарды адам денсаулығына зиянсыз өнімдерге айналдыру.

Қозғалткыштардың әртүрлі типтері үшін барлық жағдайлары бірдей болғанда атмосфераға шығарушы затгардың мөлшері отынның шығынына байланысты, Сондықтан отынды үнемдеу дегеніміз, сайып келгенде атмосфераға шығарылатын зиянды затгарды азайту болып шығады.

 -Отынның альтернативті түрін іздеу мәселесі-газ отынын, синтетикалық спиртгерді, аммиакты және сутегіні қолдану мүмкіндігін іздеуге мәжбүр етті.

Жылу қозғалтқыштарын қолдану кезіндегі ластануы

Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і <40%, яғни қозғалтқыштың жылуының 60% -дан астамы тоңазытқышқа беріледі

Жанармай жанғанда, атмосферадан оттегі пайдаланылады,соның арқасында ауадағы оттегі мөлшері бірте-бірте азаяды.Тек бір ғана реактивтік лайнер 5 сағ ұшқанда 45 т оттегі пайдаланады.

Жанармайдың жануынан атмосфераға көмірқышқыл газы , азот, күкірт және басқа қосылыстар шығарылады.

Зиянды косылыстардың адам организміне тигізетін әсері.

Азот тотығы -түссіз газ, азоттың қос тотығы - қызыл қоңыр газ, өзіне тән көкірек исі бар, Адам организміне енгеннен кейін сумен косылады, тыныс жолдарында азот кышқылын түзеді.Адамның көзіндегі, мұрнындағы, аузындағы шырышты қабықка әсер етеді. Акролеин өте улы, буы ауадан ауырырақ, зиянды жақтары көп. Қорғасын қоспалары өте улы, барлық тірі клеткаларды өлтіреді. Әсіресе бала организміне зиянды, қандағы гемоглобинді және эритроцитті азайтады. Күйе кішкене шан түйіршіктері тәріздес тыныс жолдарын бекітеді және канцерогендік заттарды тасиды.

Ауаның ластануын төмендетуге бағытталған жұмыстар

  • Ауаның тазалығы үшің күрес қазіргі кезде бүкіл дүние жүзі бойынша жүргізілуде: транспорттың атмосфераны ластауына қарсы күрес, зерттеулер мен конструкциялық жүмыстар т.с.с.Солардың ішіндегі негізгілердің бірі-шығарылатын газдардың зияндылық нормасын анықтау.
  • Зиянды заттарды нейтрализаторлардың көмегімен нейтрализациялау. Бұл кезде зиянды заттарды ұстап қалатын жэне газдарды зиянсыздандыратын фильтрлер қолдану арқылы зиянды заттарды адам денсаулығына зиянсыз өнімдерге айналдыру.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы