![]() |
|
![]() |
Жылу машиналарын қолданудың экологиялық мәселелері. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Термодинамика негiздерi | ||||||||
Күні: | Мектеп: | |||||||
Сынып: | Оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: | ||||||
Мұғалім: | ||||||||
Сабақ тақырыбы: | Жылу машиналарын қолданудың экологиялық мәселелері | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.2.23 – жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін бағалау | |||||||
Сабақ мақсаты |
| |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Құндылықтарды дарыту: | Бұл сабақ оқушылардың танымдық қабілетін, жауапкершіліктерін және қорытынды жасай алы дағдыларын дамытады. | |||||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: «жылу қозғалтқыштары», «ПӘК» терминдерін жазбаша және ауызша сипаттайды. Пәнге тән лексика мен терминология: ПӘК, іштен жану қозғалтқыштары, зымыран қозғалтқышы. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Жылу қозғалтқыштары дегеніміз ........ ПӘК деп ........... | |||||||
Пәнаралық байланыс: | Биология сабақтарында оқушылар қоршаған ортаны ластайтын процестерді зерделеген болатын, ал физика сабақтарында жылу қозғалтқыштарының қоршаған ортаға әсерін бағалайды. | |||||||
Алдыңғы білім: | Алдыңғы сабақтарда оқушылар термодинамиканың бірінше және екінші бастамаларын өтті, жылу қозғалтқыштарының түрлерін біледі, ІЖҚ жұмыс принципін сипаттай алады. | |||||||
Сабақтың барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 0-5 мин. 5-6 мин | 1. Ой қозғау. Ластанған атмосфераны көрсететін сурет сендерді қандай ойларға жетелейді? Оқушылар жұппен талқылау жасайды. Талқылау нәтижесінде оқушылар жылу қозғалтқыштардың қоршаған ортаны ластайтынын түсінеді. Адамдардың табиғатты аяламайтындығы, оның ресурстарын үнемсіз қолдануы, жылу қозғалтқыштарын ретсіз пайдалану нәтижесі апатты жағдайларға алып келуі мүмкін екенін түсінулері тиіс. 2. Мақсатты болжау. Мұғалім оқушыларды сабақтың оқу мақсатымен таныстырады.
| презентация | ||||||
Сабақтың ортасы 6-16 мин. | 3. Түсіндіру. Оқушылар екі топқа бірігеді: әрбір топ ұсынылған мақаланы оқып ақпаратты жеткізеді. Топ ішінде спикерлер таңдап алынады: аналитик пен эксперт. Аналитик: жылу қозғалтқыштарын қолданудың салдарларын атайды. Эксперт: Қазақстан территориясындағы осы құралдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін баяндайды. | |||||||
16-26 мин. 26-36 мин | 4. Жаңа тақырыпты меңгеру. Оқушылар мұғалім ұсынған мақалаларды өздігінен оқиды. Постер жасайды. Маңызды ақпаратты қиып алады. Эксперттер мен алалитиктер өз баяндамаларын сынып алдында талқылайды. Мақалалар қосымшада:
Постер қорғау. Қорғау нәтижесі бойынша оқушылар соңғы 100 жылда жылу қозғалтқыштары қоршаған ортаға аса зиян тигізіп отырғанын және адамзат өз келешегіне балта шаппау қажет деген қорытындыға өздігінен келеді және өсе келе бұл мәселенің шешім тез арада табуға тырысатын болады. Мұғалім міндеті оқушылардың талқылауына ыңғайлы орта құру және өсе келе бұл мәселеге жауапкершілікпен қарауға ықпал ету. | Мақала | ||||||
Сабақ соңы 36-38 мин | 5. Рефлексия. Өз жетістіктерін өздері анықтау мақсатында ауызша өткізіңіз. Сабақ барысында...
6. Үй тапсырмасы: Болашақтың қозғалтқышы Жылу қозғалтқыштарына қарағанда артықшылықтары қарастыру немесе аппликация жасау. Осы қозғалтқыш жұмыс жасайтын энергия көздерін өздері таңдасын. | |||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Сабақта екі түрлі бағытта екі топ жұмыс жасайды, оқушылардың өз рөлдері болады, сынып әрбір топтың жұмысы бойынша жалпы қорытынды шығарады. |
| |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023