Жылу машиналарын пайдаланудың экологиялық проблемалары. Физика, 8 сынып, презентация.


.

Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау

Оқу мақсаты

8.3.2.23 - Жылулық машиналарының қоршаған ортаның экологиялық жағдайына әсерін бағалау

Бағалау критерийлері

Жылу қозғалтқыштарының халық шаруашылығы үшін маңызы зор екенін біледі;

Көлікте жылу машиналарын кеңінен қолдану қоршаған орта үшін кері нәтижелерге алып келетінін біледі;

Жылу қозғалтқыштарының қоршаған ортаға кері әсерін азайту жолдарын біледі;

Дүние жүзінде қозғалткыштардың ең көп тараған түрі жылу қозғалткыштары. Өндірісі дамыған елдердегі атмосфераға шығаратын зиянды заттардың ең көп бөлігі транспортқа келеді.Мысалы, АҚШ-та, егер барлық ластаушылардың шығаратын зиянды заттарын100 % десек, соның автотранспорт үлесіне 60%,өндіріске 16,2%, электр станцияларына 14,1%,жылытқыштарға 5,6 % келеді және т.б.

Жылу қозғалтқыштары

Қозғалтқыш түрлері

Транспорттың қоршаған ортаға әсері

ауа

автомобильдің дөңгелектерінен көтерілген шаңдардағы қатты бөлшектер

су

Автокөлік жуатын орындардан, автотұрақтардан, гараждардан, жанармай құю станцияларынан, жолдардан ағызылған қалдықтар

тайғанақ мұз кезінде себілетін хлоридтер

Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і <40%, яғни қозғалтқыштың жылуының 60% -дан астамы тоңазытқышқа беріледі

Жанармай жанғанда, атмосферадан оттегі пайдаланылады,соның арқасында ауадағы оттегі мөлшері бірте-бірте азаяды.Тек бір ғана реактивтік лайнер 5 сағ ұшқанда 45 т оттегі пайдаланады.

Жанармайдың жануынан атмосфераға көмірқышқыл газы , азот, күкірт және басқа қосылыстар шығарылады

Жылу қозғалтқыштарын қолдану кезіндегі ластану

Қозғалтқышта қолданылатын отын-сутегі мен көміртегінің әртүрлі қосылыстары, ал олардың толық жанбауынан әртүрлі улы өнімдер пайда болады: көміртегі тотығы, формальдегидтер,акролеин және т.с.

Барлык сұйық отындарда күкірт кездеседі, ал оттегімен және сутегімен қосылып улы күкіртгі газ бен күкіртті сутекті құрайды.Кейбір отындарға детонациясын азайту үшін әдейі антидетонатор қосады, олардың бірқатары улы затгар.Іштен жанатын қозғалтқыштың шығаратын газ қоспасы 60-тан астам әртүрлі заттардан тұрады.Олардың ішіндегі ең улылары: азот тотығы, көмірсутектері, альдегидтер, күйе, бензпиренконцерон.

Зиянды косылыстардың адам организміне тигізетін әсері.

Азот тотығы -түссіз газ, азоттың қос тотығы - қызыл қоңыр газ, өзіне тән көкірек исі бар, Адам организміне енгеннен кейін сумен косылады, тыныс жолдарында азот кышқылын түзеді.Адамның көзіндегі, мұрнындағы, аузындағы шырышты қабықка әсер етеді. Акролеин өте улы, буы ауадан ауырырақ, зиянды жақтары көп. Қорғасын қоспалары өте улы, барлық тірі клеткаларды өлтіреді. Әсіресе бала организміне зиянды, қандағы гемоглобинді және эритроцитті азайтады. Күйе кішкене шан түйіршіктері тәріздес тыныс жолдарын бекітеді және канцерогендік заттарды тасиды.

Соңғы 25 жылда атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері 345 млрд тоннаға артты.Бұл атмосферадағы жылулық балансты бұза отырып ондағы көмірқышқыл газының концентрациясының артуына әкеп соғады.Атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері одан әрі қарай артуы оның температурасының өсуіне, мәселен, «жылыжай эффектісіне» алып келеді.

Ғалымдардың пікірінше, осы жүз жылдың соңына таман ауаның температурасы 6,4 градус жылынып, әлемдік мұхиттардың деңгейі 58 сантиметрге көтеріледі екен.

Температура

Жылу қозғалтқыштарынан туындайтын экологиялық мәселелер 

  Қазақстанда экологиялық жағынан өте лас қалаларға Риддер, Өскемен, Ақтөбе,

Алматы қалалары жатады. Жылу машиналарында отынды жағу кезінде

оттегінің көп мөлшерін қажет етеді, нәтижесінде ауадағы оттегінің мөлшері

жылдан-жылға біртіндеп азайып келеді деген сөз. Мысалы: бір ғана реактивті

лайнер 5 сағат ұшқанда 45 т оттегіні пайдаланады екен. Отын жанғанда пайда

болатын көмірқышқыл газы «жылы жай эффектісін» тудырып атмосферадағы

жылулық балансты бұзып, ауа-райының өзгеруіне, ауаның температурасының

артуына, мәңгі мұздардың еріп, жер бетін топан су алу қаупін тудыруда.

Қуатты электр станцияларының өзенге тастаған қалдықтары ағын судың

Температурасын 50с-ға арттырып, олардағы флора мен фаунаның өзгерісін

тудыруда.Өндіріс кәсіпорындары мен жылу электр станцияларының

оттықтарындағы отын ешқашан толық жанып кетпейді, сондықтан ауаны

күлмен, күйемен ластайды, олардың құрамындағы азот пен күкірт оксидтері

ауадағы ылғалмен қосылып, азот пен күкірт қышқылын түзеді, соның

нәтижесінде қышқыл жаңбырлар жауады. Ол ауа мен суды, жерді ластап

орманның  жойылуына, балықтар санының азаюына, ауылшаруашылық

дақылдары түсімінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.

 

Қоршаған ортаға ірі қалаларда орналасқан өндіріс орындары көп зиянын тигізіп отыр.Қала ауасы онсыз да автокөліктің шығарған лас газынан, түрлі өндіріс орындарының ауаға лақтырған зиянды қалдықтарынан, отынның жанған өнімдерінен ластанған.Қазақстанда экологиялық жағынан өте лас қалаларға Риддер, Өскемен,Ақтөбе,Алматы қалалары кіреді.

Өндіріс орындары

Атмосфераға шығарылған зиянды қалдықтардың ең көбі ұшақтарда және ракеталарда орнатылған іштен жану қозғалтқыштары болып табылады

Ауаның тазалығы үшің күрес қазіргі кезде бүкіл дүние жүзі бойынша жүргізілуде: транспорттың атмосфераны ластауына қарсы күрес, зерттеулер мен конструкциялық жүмыстар т.с.с.Солардың ішіндегі негізгілердің бірі-шығарылатын газдардың зияндылық нормасын анықтау.

Зиянды заттарды нейтрализаторлардың көмегімен нейтрализациялау. Бұл кезде зиянды заттарды ұстап қалатын жэне газдарды зиянсыздандыратын фильтрлер қолдану арқылы зиянды заттарды адам денсаулығына зиянсыз өнімдерге айналдыру.

Ауаның ластануын төмендетуге бағытталған жұмыстар

:

Үйге тапсырма

§26 8-сынып.Физика және астрономия

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу