Жылу қозғалтқыштары. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

Термодинамика негiздерi

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жылу қозғалтқыштары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.22 – жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау; 8.3.2.20 – іштен жану қозғалтқышының, бу турбинасының жұмыс істеу принципін сипаттау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

  • жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принциптерін сипаттау;

жылу қозғалтқышының жұмысы: отынның жанған кезіндегі бөлінетін ішкі энергияның механикалық энергияға айналуын сипатттау;

жылу қозғалтқыштарының халық шаруашылығына тигізетін пайдасы мен қоршаған ортаға келтіретін зиянын білу

 Жетістік критерийлері

  • Қарапайым жылу қозғалтқышының не екенін біледі.
  • жылу қозғалтқыштардың жұмыс істеу принциптерін біледі.
  • Екі және төрт тактілі іштен жану қозғалтқышының жұмысын сипаттайды.
  • Жылу қозғалтқыштардың адам өмірінде және экология мәселесіндегі мағынасын түсінеді.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

жылу қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсінеді және сипаттайды;

зерттеу нәтижесіне ауызша және жазбаша талдау жасай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: Жылу қозғалтқышы,жылу электрстанциясы, ішкі энергия, жылу,жұмыс,термодинамиканың бірінші заңы,термодинамиканың екінші заңы

Глоссарий:

жылу

тепло

heat

ішкі энергия

внутренняя энергия

internal energy

жылу қозғалтқыш

тепловые двигатели

heat engines

жұмыс

работа

work

термодинамиканың

бірінші заңы

первый закон термодинамики

the first law of thermodynamics

термодинамиканыңекінші заңы

второй закон термодинамики

второй закон термодинамики

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Энергия... нәтижесінде ауыстырылады.

Жылу қозғалтқышы тиімсіз, өйткені …

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақта оқушылардың ойын жүйелеп сыныптастарының алдында қорғай алуы, топпен жұмыс жасай білу және зерттеушілік қабілеті мен өз жұмысының нәтижесін сараптай алу құндылықтары дарытылады.

Бастапқы білім

Оқушылар термодинамиканың бірінші және екінші заңдарын пайдалануды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

1. Сабақ өткенді қайталаудан басталады.

7 сыныптағы «Механикалық қозғалтқыштардың» физикалық жұмыс істеу принципін еске түсіру.

1.Энергияның бір денеден екінші денеге және бір түрден екінші түрге ауысуы.2.Әртүрлі жағдайларда өтетін физикалық және химиялық процестердің энергиялық эффектілері.3.Термодинамиканың 1-ші заңы М.В. Ломоносов 1748 ж. ашқан жалпы энергия сақталу заңының салдары болып келеді.

Жауаптары.1. Энергия жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол тек қана бір түрден басқа түрге қатаң эквивалентті мөлшерде ауысады.2. Кез-келген оқшауланған жүйеде энергияның жалпы қоры тұрақты сақталады.3. Бірінші текті мәңгілі қозғалтқыш болуы мүмкін емес. Кез-келген процесс үшін жүйенің ішкі энергиясының көбеуі ∆U=U2-U1 жүйеге берілген жылу мөлшері мен жүйемен атқарылған жұмыс мөлшерінің (А) айырымына тең.

2. Ой қозғау(D) Қарапайым бу қозғалтқышын көрсету және оның жұмысы барысында туындайтын энергияны талқылау.

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге оқу мақсаты анықталады.

  • жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау;
  • іштен жану қозғалтқышының, бу турбинасының жұмыс істеу принципін сипаттау

Сабақтың ортасы

3-8 минут

8-13 минут

13-23 минут

23-35 минут

Сабақтың соңы

35-40 минут

4. Түсіндіру

(G)Егер де оқушылар энергия ағыны үшін Сэнки диаграммасымен (жылу қозғалтқышының жұмыс жасау принципі) таныс болса, онда оларды жылу қозғалтқышының әр түрлерінде энергияны беруді талқылауда пайдалану, мысалы, бу қозғалтқышы, жылу электр станциялары және іштен жану қозғалтқышы. Олардың барлығы жылу энергиясының бір қарапайым схемасының дәлелі, жылу қозғалтқышына қолайлы болуы тиіс. Одан басқа, блок-сызбаны пайдалану.

Талдау және демонстрация:

Бу турбиналары

Егер бу қозғалтқышының қарапайым моделі болса, оның жұмыс істеу принципін көрсете отырып энергияның түрленуін көрсетуге болады. Ал, болмаса бейне таспа бойынша көрсету. Барлық жағдайда отынның жанған энергиясы жұмыстық сұйыққа (кәдімгі су) беріледі, одан бу өндіріледі.

Бу турбинаны айналдырып, одан шыққан соң конденсацияланып бу қазанына қайтып келеді. Энергияның айтарлықтай бөлігі турбинаға берілмейді. Ол айналадағы қоршаған денелерге беріледі. Оны «суытқыш» деп атайды. Сондықтан жылу электростанциялардың эффективтілігін көтеру үшін конденсацияланған суды жылу құбыры арқылы қайтарылады.

Сэнки диаграммасы бойынша энергияның берілуін сипаттау.

(D) Мысалы: Бу двигателін пайдалана отырып энергияның берілу процессін көрсету үшін генераторды бу двигателіне жалғай арқылы электр шамының жануын көрсетуге болады.

 Жылу қозғалтқыштары туралы түсінік беріп, олардың жұмыс істеу принциптерімен таныстырып, іштен жанатын қозғалтқыштардың екі және төрт тактысын түсіндіру.

Жылу қозғалтқыштардың қолдануы: ұшақтарда және тікұшақтарда

Пар және газ турбиналары:электростанция, кемелерде, тепловоз.Реактивті: авиация, ракета.

Экологиялық проблемалар: қозғалтқыштардағы пайдаланатын отындарының жанған кездегі бөлініп шығатын әртүрлі газдар қоршаған ортаға зияны.

Проблемалар болмау үшін не істеу керек? (сүзгілер орнату арқылы зиянды газдарды біршама азайтуға болады, отында толдық жандыруға жақандату керек, т.б.)

5. Сабақты бекіту. Таратпа материал

6. Рефлексия. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Сабақта өзінің алған білімі қандай деңгейде екенін адамдарды бояу арқылы көрсетеді.

Жаңа білім – көк қарындаш

Көңіл-күйі – жасыл қарындаш

7. Үйжұмысы:

Жылу қозғалтқыштарыдың кемшілігі мен артықшылығын талдау

Презентация

PowerPoint

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып өзара бағалау жасайды.

Кері байланыс арқылы

Практикалық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

G = топпен жұмыс

I = жеке жұмыс

W = толық сыныппен жұмыс жасау

E = оқушы тәжірибесі

D = мұғалімнің демонстрациясы

(f) = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін әрекет

= қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңес



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу