![]() |
|
![]() |
№ 1 зертханалық жұмыс. «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру». Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Оқу мақсаты:
– жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу; – тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау.
№1 Зертханалық жұмыс
Әртүрлі температурадағы суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру
Бұл зертханалық жұмыста температуралары әртүрлі суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстырасыздар.
- Массасы 100 г ыстық суды калориметрдің ішкі ыдысына құйыңдар
- Термометрдің көмегімен ыстық судың температурасын өлшеңдер
t1= _______0C
- Термометрдің абсолют қателігін көрсетіңдер
t1=_______ 0C
- Стақанға дәл сондай мөлшерде суық су құйып және оның температурасын өлшеңдер
t2=____________ 0C
- t1 жəне t2 температурасының орташа мәнін есептеңдер
_______0C
- Ыстық суы бар калориметрге суық суды құйып, термометрдің көмегімен араластырып, қоспа температурасын өлшеңдер
t__________0C
- t қоспаның жəне (t1+t2)/2 орташа температура мәнін салыстырыңдар
- Нəтижелеріңізді түсіндіріңдер.
j) Ыстық судың t температураға дейін суығанда берген және суық судың t температураға дейін жылығанда алған жылу мөлшерін есептейтін теңдеуді құрыңдар, мәндерін есептеңдер.
k) Алынған жылу мөлшерін салыстырыңдар.Тиісті қорытынды жасаңдар
Қосымша тапсырма
- Жылу балансының теңдеуінен шығатын теңдеуді қолданып, қоспа температурасын есептеңіздер
- Есептелген және өлшенген қоспа температурасының ауытқуын қалай түсіндіре аласыңдар?
Үй жұмысы
- ПӘК-і 30 пеште 1,2 т суды 100С-тан 500С-қа дейін қыздыру үшін жағуға қажетті таскөмірдің массасын есепте. с4200 Дж/кг0С, q=30106 Дж/кг.
- Массасы 3 кг температурасы 100С суға массасы 0,9 кг, ал температурасы 1550С-тағы дене салынды. Қоспаның температурасы 150С болса, дененің меншікті жылу сыйымдылығы неге тең? с4200 Дж/кг0С.
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023