№ 1 зертханалық жұмыс. «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру». Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Жұмыстың тақырыбы: «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру»

Оқу мақсаты:

– жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу; – тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау.

Мұғалімдер үшін əдістемелік ұсыныстар

Əр түрлі мөлшердегі ыстық жəне салқын суды араластырғанда ыстық суды əрдайым салқын суы (бөлме температуралы) бар калориметрге құяды. Бұндай əдістің бір қатар артықшылықтары бар: салқын су калориметр температурасына ие; ыстық су құйылғандықтан қоспа температурасы əр жағдайда үлкенірек болады.

Қосымша тапсырмада қоспа температурасы көтерілуіне сапалы түсініктеме беріледі. Қосымша тапсырмада берілген теңдеу көмегімен қоспа температурасын есептеуге болады. Өлшенген жəне есептелген мағынаның əрі қарайғы салыстыруы калориметр жылу сыйымдылығын есептеуді қажет ететінің көрсетеді.

Ескертпе

Су мөлшерін дəл өлшеу үшін өлшеуіш цилиндр мен тамызғашты пайдалану керек.

№1 Зертханалық жұмыс

Әртүрлі температурадағы суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру

Бұл зертханалық жұмыста температуралары әртүрлі суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстырасыздар.

  • Массасы 100 г ыстық суды калориметрдің ішкі ыдысына құйыңдар
  • Термометрдің көмегімен ыстық судың температурасын өлшеңдер

t1= 60_ 0C

  • Термометрдің абсолют қателігін көрсетіңдер

t1=_0,5 0C

  • Стақанға дәл сондай мөлшерде суық су құйып және оның температурасын өлшеңдер

t2= 22 0C

  • t1 жəне t2 температурасының орташа мәнін есептеңдер

410C

  • Ыстық суы бар калориметрге суық суды құйып, термометрдің көмегімен араластырып, қоспа температурасын өлшеңдер

t_40_0C

  • t қоспаның жəне (t1+t2)/2 орташа температура мәнін салыстырыңдар

қоспа температурасы орташа температура мәніне жақындайды.

  • Нəтижелеріңізді түсіндіріңдер.

Салқын суға ыстық су өз жылуын береді. Су массаларының қатынасы температура өзгерістерінің қатынасына кері пропорционалды.

j) Ыстық судың t температураға дейін суығанда берген және суық судың t температураға дейін жылығанда алған жылу мөлшерін есептейтін теңдеуді құрыңдар, мәндерін есептеңдер.

Суық судың алған жылу мөлшері Q=c =4200

Ыстық судың берген жылу мөлшері Q=c = 4200=8400Дж

k) Алынған жылу мөлшерін салыстырыңдар.Тиісті қорытынды жасаңдар

 Температуралары әртүрлі екі дене жылу алмасу барысында тепе – теңдік күйге келуге тырысады. Температурасы жоғары дене өзінің жылу мөлшерінің бір бөлігін беруге тырысады, ал температурасы төмен дене қандай да бір жылу мөлшерін алуға тырысады. Негізгі қалыпты жағдайда бұл екі дене оқшауланған болатын болса, алынған және берілген жылу мөлшерлері энергияның сақталу заңына орай тең болуы тиіс.

 Біз жүргізген тәжрибелеріміздегі жағдайлар мүлдем оқшауланған жағдайда жасау мүмкін емес. Ыстық судың жылуы тек суық суға ғана емес, калориметрге, термометрге, қоршаған ортаға да беріледі.

Қосымша тапсырма

  • Жылу балансының теңдеуінен шығатын теңдеуді қолданып, қоспа температурасын есептеңіздер
  • Есептелген және өлшенген қоспа температурасының ауытқуын қалай түсіндіре аласыңдар?

Өлшенген қоспа температурасы əрдайым есептелген қоспа температурасынан аз, өйткені есептеу барысыда калориметрдің жылу сыйымдылығы ескерілмеген.

Үй жұмысы жауабы

4 кг

500 Дж/кгоС



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу