№ 1 зертханалық жұмыс. «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру». Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар

бөлімі: 8.1 Жылулық құбылыстар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№ 1 зертханалық жұмыс. «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.8 – жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу;

8.1.3.2 – тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау;

8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

  • жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу;
  • тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау.

 Бағалау

 критерийлері

 1. Жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттейді.

 2. Жылулық тепе-теңдік формуласын есептеулер жүргізуде дұрыс қолдана алады.

 3. Физикалық құрал-жабдықтармен өлшеу жұмыстарын жүргізе алады.

 4. Тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар білуі тиіс:

Оқушылар температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін ауызша болжау. Тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды жазу.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жылулық энергия, жылулық тепе-теңдіктің температурасы, термометр, жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторлар.................

Жылулық тепе-теңдік деп.........................

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

Бұл сабақ академиялық адалдық, жұпта жұмыс жасай алу, ұйымшылдық, ынтымақтастық және жауапкершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған.

Орташа қабілетті оқушыларға қолдау көрсету, жұпта жұмыс істеу ережесін белгілеу арқылы құндылықтарды дарыту жүзеге асырылады.

 Пәнаралық

 байланыстар

Өлшеу нәтижелерінің мәндерін инженерлік калькулятордың көмегімен дұрыс есептей білу, теңдеуді шешу, салыстырмалы қателікті есептеу және сандарды жуықтауды дұрыс орындау.

Бастапқы білім

Жылу мөлшері мен меншікті жылу сыйымдылықтың физикалық мағынасын және салыстырмалы қателік пен абсолют қателік ұғымын біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

3-5 мин

5-6 мин

1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу. Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.

- Жылу мөлшері дегеніміз не?

-Меншікті жылу сыйымдылықтың физикалық мағынасы қандай?

-Жылулық тепе-теңдікті түсіндір.

Оқушылар екі немесе бірнеше денелердің жылу алмасуы кезінде аса қызған дененің(денелердің) беретін жылу мөлшері азырақ қызған дененің(денелердің) алған жылу мөлшеріне тең болатынын түсіну керек(егер жылудың шығыны болмаса):  

∣∣Qберген∣∣=∣∣Qалған∣∣.

2. Ой қозғау. Нақты тәжірибелерде аса қызған дененің(денелердің) берген жылу мөлшері азырақ қыздырылған дененің(денелердің) алған жылу мөлшеріне тең болмаудың себебі неде?

Оқушылардан ауызша болжам жасауларын сұрайды.

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

  • жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу;
  • тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау.

 Берілген теңдік жылу балансының теңдеуі деп аталады және жылу алмасу кезінде энергияның сақталу заңын өрнектейді.  

∣∣Qберген∣∣>∣∣Qалған∣∣.

Сабақтың ортасы

6-36 мин

4. Сабақты бекіту. Оқушылар жұппен зертханалық жұмыс орындайды. «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру»

Бағалау критерийлері:

1. Құрал- жабдықтарды қолданып, өлшеу жұмыстарын жүргізе алады. 2. Өлшеу нәтижесін кестеге жинақтап жаза алады.

3. Тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтай алады.

4. Тәжірибені жақсартудың жолдарын ұсынады.

Тапсырманы аяқтаған соң оқушылардың жауаптарына қарай кері байланыс ұйымдастырылады.Оқушылар жылу алмасу кезінде жылудың бір бөлігі қоршаған ортаға, ал бір бөлігі – жылу алмасу жүретін ыдысқа берілетінін түсінуі тиіс.

Калориметр, суық суы бар ыдыс, термометр, сыныпқа бір ыстық суы бар шәйнек

Қосымша1

Сабақтың соңы

36-40 мин

5. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

6. Үйге тапсырма:

Жылу мөлшері. Меншікті жылусыйымдылық тақырыбын қайталау.

1. ПӘК-і 60 пеште 500С-ғы 1 т шойынды балқыту үшін қанша таскөмір жағу керек? сш540 Дж/кг0С, qт=30106 Дж/кг, tб011500С.

2. Массасы 120 г жез калориметрге массасы 100 г, температурасы 200С керосин құйылды, сонан соң осы калориметрге массасы 200 г, температурасы 960С темір кесегі салынды. Сол кезде керосиннің температурасы 400С болса, керосиннің меншікті жылу сыйымдылығы қандай? Сж380 Дж/кг0С.

Қосымша2

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың жұмысын сырттай бақылау. Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы бағыт беру.

Оқушылардың материалды меңгергендіктерін сұрақтар қою арқылы тексеру.

Зертханалық жұмыстың орындалуын бағалау критерийлері арқылы тексеру.

Зертханалық жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау Ыстық сумен тәжірибені абайлап жасау. Термометрді қолдану барысында өте мұқият болу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімд ісабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу