алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

№ 1 зертханалық жұмыс. «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру». Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Теориялық материал

Энергияның сақталу заңы:

Энергия жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір денеден

екінші денеге беріледі немесе бірдей мөлшерде бір түрден екінші түрге

айналады.

Егер денелер жүйесіне сыртқы күштер әрекет етпесе және қоршаған

ортамен жылу алмасу болмаса, онда ол тұйықталған және жылулық

оқшауланған болады.

Энергияның сақталу және айналу заңы:

Тұйықталған және жылулық оқшауланған денелер жүйесінің толық

энергиясы-осы жүйеде болатын кез келген өзгерістер кезінде сақталады.

Зертханалық жұмыстың орындалу үлгісі

Температуралары әртүрлі суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстырыңыздар

  • Жұмыстың мақсаты: жылу алмасу барысында ыстық судың суық суға берген жылу мөлшері мен суық судың ыстық судан алған жылу мөлшерін анықтау, алынған нәтижені түсіндіру.
  • Болжам: ыстық судың суық суға берген жылу мөлшері мен суық судың ыстық судан алған жылу мөлшері тең болады.
  • Құрал – жабдықтар: калориметр, өлшеуіш цилиндр (мензурка), термометр, ыстық және суық су, стакан.

4. Жұмыстың орындалу барысы:

    • Калориметрге массасы 100 г болатын ыстық суды, ал стаканға мөлшері дәл сондай суық суды құйыңдар. Ыстық және суық судың температурасын өлшеңдер.
    • Суық суды еппен ыстық судың үстіне құйыңдар, термометрмен араластырып, температурасын өлшеңдер.
    • Орныққан температураны пайдаланып, ыстық судың суық суға берген жылу мөлшері мен суық судың ыстық судан алған жылу мөлшерін есептеңдер.
    • Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.

Өлшеу нәтижелері:

Ыстық су массасы

m, кг

Ыстық судың бастапқы температурасы

t, 0C

Орнаған температура

t20C

Ыстық судың суық суға берген жылу мөлшері

Q, Дж

Суық судың массасы

m1, кг

Суық судың бастыпқы температурасы

t10C

Суық судың алған жылу мөлшері

Q1, Дж

0,1

72

42

12600

0,1

16

10920

Ыстық судың берген жылу мөлшері – 12 600 Дж

Суық судың алған жылу мөлшері – 10920 Дж.

5. Қорытынды

 Температуралары әртүрлі екі дене жылу алмасу барысында тепе – теңдік күйге келуге тырысады. Температурасы жоғары дене өзінің жылу мөлшерінің бір бөлігін беруге тырысады, ал температурасы төмен дене қандай да бір жылу мөлшерін алуға тырысады. Негізгі қалыпты жағдайда бұл екі дене оқшауланған болатын болса, алынған және берілген жылу мөлшерлері энергияның сақталу заңына орай тең болуы тиіс.

 Біз жүргізген тәжрибелеріміздегі жағдайлар мүлдем оқшауланған жағдайда жасау мүмкін емес. Ыстық судың жылуы тек суық суға ғана емес, калориметрге, термометрге, қоршаған ортаға да беріледі.

 5. тәжірибені жүргізуге қандай факторлар әсер етеді?

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------_______________________________________________________

  • тәжірибені жақсартудың екі жолын ұсыныңыз _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Зертханалық жұмысты бағалау критерийлері:

1. Құрал- жабдықтарды қолданып, өлшеу жұмыстарын жүргізе алады. 2. Өлшеу нәтижесін кестеге жинақтап жаза алады.

3. Тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтай алады.

4. Тәжірибені жақсартудың жолдарын ұсынады.

Үй тапсырмасының жауаптары

1. 38 кг

2. 2120 Дж/кгоС


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы