Жылу мөлшері. Меншікті жылусыйымдылығы. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Сабақ тақырыбы: Жылу мөлшері. Меншікті жылусыйымдылығы.

Оқу мақсаттары:

  • жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;
  • заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру.

Демонстрациялық тапсырмалар

1. Көлемі әртүрлі суы бар үш ыдысты қыздырады, бірдей мөлшерде жылу энергиясы берілгенімен, сулардың температурасы әртүрлі қарқынмен көтерілетінін байқауға болады.

2.Екі ыдысқа бірдей мөлшерде су және май құйылған, оларға бірдей қыздырғыштан жылу беріледі

3.Көлемдері бірдей екі ыдысты спирт шамымен және электр плитасы көмегімен қыздыру.

Сабақты бекіту үшін берілетін тапсырмалар:

Қосымша1

1. Алғашқы температурасы 20°C, 6кг суды қайнату үшін жылудың қандай мөлшері қажет? (2,016 МДж)

2. Массасы 120 г күміс кесегі 660С-тан 160С-қа дейін суығанда қоршаған ортаға 1,2 кДж жылу береді. Күмістің меншікті жылу сыйымдылығы қандай? 3. Массасы 4 кг кірпішті t10=630С-қа қыздыруға жұмсалған жылу мөлшері, массасы осындай суды t20=13,20С-қа дейін жылытуға қажетті жылу мөлшеріне тең болса, кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығы қандай болар еді? ссу4200 Дж/кг0С.

Ерекше қабілетті оқушыларға берілетін тапсырмалар:

Қосымша2

1.Температурасы 420С, массасы 6 кг суға температурасы 720С, массасы 4 кг су құйды. Оған тағыда, температурасы 180С, массасы 20 кг су құйылса, қоспаның температурасы қандай болған?

2.Температурасы 200С болатын 400 л су температурасы 700С, 100 л сумен араластырылған. Қоспаның температурасы қандай?

Үйге тапсырма. Қосымша3

  • Массасы 30 кг жезді 200С-тан 11200С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? сж380 Дж/кг0С.
  • Массасы 3 кг температурасы 100С суға массасы 0,9 кг, ал температурасы 1550С-тағы дене салынды. Қоспаның температурасы 150С болса, дененің меншікті жылу сыйымдылығы неге тең? с4200 Дж/кг0С.

Құрылымдық тапсырмалар:

1. Суретте металл шатыр берілген. Оның бір жағына күн түсіп тұр.

  • Күннен Жерге жылу қандай тәсілмен берілетінін және неге басқа тәсілмен берілмейтінін түсіндір.
  • Қызған металл шатыр бетінен металл шатырдың өзіне жылу қандай тәсілмен берілетінін жаз
  • Түн бойы шатыр суып 1,2 × 106 Дж оның температурасы 20 ° C.өзгереді, металдың меншікті жылу сыйымдылығы 400 Дж / (кг ° С) болса, шатырдың массасын есепте.

Масса = ............................кг [2]

Тест тапсырмалары

  • Массалары бірдей әртүрлі екі сұйық бірдей химиялық стақанға құйылды. Олар қуаты бірдей қыздырғышпен 200С тан 300С қа дейін қыздырылды. 2- сұйықты 1- сұйыққа қарағанда екі есе кӛп уақыт қыздырды.

Қай тұжырым дұрыс?

А) Сұйықтардың екеуіде бірдей энергия мӛлшерін алды

В) 1- сұйық 2-сұйыққа қарағанда кӛп энергия алды

С) 1-сұйықтың жылу сыйымдылығы 2-сұйықтың жылу сыйымдылығына тең

Д) 1-сұйықтың жылу сыйымдылығы 2-сұйықтың жылу сыйымдылығынан кіші

  • Суреттегідей электрлік қыздырғыш кӛмегімен бірдей химиялық станқанға құйылған суды және майды бірнеше минут қыздырды.

Судың және майдың температуралары бірқалыпты артып отырды. Майдың температурасының артуы суға қарағанда кӛп болды.

Неліктен осылай болды?

А) майдың қайнау нүктесі суға қарағанда жоғары

В) майдың жылу сыйымдылығы судың жылу сыйымдылығынан үлкен С) майдың қайнау нүктесі суға қарағанда тӛмен

Д) майдың жылу сыйымдылығы судың жылу сыйымдылығынан кіші

  • Мыстың меншікті жылу сыйымдылығы 400 Дж/(кг·0С). 100 г мысты 200С қа қыздыру үшін қандай жылу мӛлшері қажет?

А) 8000 Дж

В) 800 Дж

С) 80 Дж

Д) 800 кДж

  • Жылу сыйымдылығының ӛлшем бірлігін ХБЖ дегі негізгі бірліктер арқылы жазыңыз.

А) кг×м2×с-2×К-1 В) кг×м2×с2×К-1

С) кг×м2×с2×К

Д) кг×м-2×с-2×К-1

  • Массасы 5 кг цинк бӛлігін 100С қа қыздыру үшін 20 кДж энергия берілді. Цинктің меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңыз.

А) 400 Дж/(кг·0С)

В) 4000 Дж/(кг·0С)

С) 200 Дж/(кг·0С)

Д) 2000 Дж/(кг·0С)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу