Жылу мөлшері. Меншікті жылусыйымдылығы. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

8.1 Жылулық құбылыстар

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жылу мөлшері. Меншікті жылусыйымдылығы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.5 – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;

8.3.2.6 – заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

  • жылу мөлшерінің заттың тегіне, массасына және оның температурасының өзгерісіне тәуелділігін зерттеу;
  • заттың меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын түсіндіру;
  • жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану.

Бағалау критерийлері

1. Оқушылар тәжірибе арқылы жылу мөлшерінің заттың тегіне, массасына және оның температурасының өзгерісіне тәуелділігін зерттейді;

2. Заттың меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын түсіндіру; 3. Жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар білуі тиіс:

Жылу мөлшерінің заттың тегіне, массасына және оның температурасының өзгерісіне тәуелділігін ауызша болжау.

Заттың меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын ауызша түсіндіру.

Жылу мөлшерінің формуласын қолданып жазбаша есептеулер жүргізу.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Өткізгіштік, конвекция, жылу сәуле шығару, жылулық энергия, жылулық тепе-теңдіктің температурасы, термометр.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Заттың меншікті жылу сыйымдылығы деп ..........

Жылу мөлшері дегеніміз ......

Құндылықтарды

 дарыту

 

 

Бұл сабақ академиялық адалдық,топта жұмыс жасай алу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағытталған.

Орташа қабілетті оқушыларға қолдау көрсету, топта жұмыс істеу ережесін белгілеу арқылы құндылықтарды дарыту жүзеге асырылады.

 Пәнаралық

 байланыстар

Математика пәнімен байланыс:

Физикалық шамалардың мәндерін инженерлік калькулятордың көмегімен дұрыс есептей білу, теңдеуді шешу және сандарды жуықтауды дұрыс орындау.

Бастапқы білім

Оқушылар дененің ішкі энергиясын және оны өзгерту тәсілдерін, жылу берілудің түрлерін алдыңғы сабақтарда қарастырған. Оқушылар ішкі энергияның өзгерісіне және жылу берілудің түрлеріне мысалдар келтіре алуы тиіс.Бар білімдерін жандандыру топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Әр топ жылу берілудің түрлері мен ішкі энергияны өзгертудің тәсілдеріне мысалдар келтіреді.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-8 мин

1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу.Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Әр топ 8.3.2.1 "дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау және 8.3.2.2 жылу берілудің түрлерін салыстыру" оқу мақсаттары бойынша білімдерін демонстрациялайды.

І топ конвекцияны түсіндіреді және мысалдар келтіреді ІІ топ жылуөткізгіштікті түсіндіреді және мысалдар келтіреді ІІІ топ сәуле шығаруды түсіндіреді және мысалдар келтіреді ІV топ ішкі энергияны өзгертудің тәсілдерін тақтаға/постерге жазып сипаттайды және мысалдар келтіреді. Үш топтың жұмысын талдап, жылу берілудің түрлерін салыстырады.

Бағалау критерийлері: Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін дұрыс сипаттайды. Жылу берілудің түрлеріне сәйкес дұрыс мысалдар келтіреді. Жылу берілудің түрлерін салыстырады.

Орындалған тапсырмаларға, жылу берілудің түрлерін салыстыра отырып мұғалім кері байланыс береді.

2. Ой қозғау.

Оқушылар сыну ойлауға тапсырмалар орындайды. Оқушылардан жылу мөлшерінің қандай шамадан тәуелді екенін ауызша болжам жасауларын сұрайды. Аталған бірнеше болжамның ішінен мұғалім кері байланыс бере отырып, зерттеу аймағын айқындайды.

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

  • жылу мөлшерінің заттың тегіне, массасына және оның температурасының өзгерісіне тәуелділігін зерттеу;
  • заттың меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын түсіндіру;
  • жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану.

Презентация

Сабақтың ортасы

8-19

20-35

4. Түсіндіру. Мұғалім демонстрация көрсетеді. Оқушылар көрсетілген демонстрацияға қорытынды жасайды.

1. Көлемі әртүрлі суы бар үш ыдысты қыздырады, бірдей мөлшерде жылу энергиясы берілгенімен, сулардың температурасы әртүрлі қарқынмен көтерілетінін байқауға болады.

2.Екі ыдысқа бірдей мөлшерде су және май құйылған, оларға бірдей қыздырғыштан жылу беріледі

3.Көлемдері бірдей екі ыдысты спирт шамымен және электр плитасы көмегімен қыздыру.

Мұғалім кері байланыс жасай отырып, барлық көрсетілген демострацияға жалпы қорытынды жасайды және жылу мөлшерінің формуласын қорытып шығарады. Заттың меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын түсіндіреді.

5. Сабақты бекіту. Оқушылар төмендегі тапсырмаларды орындау үшін жылу мөлшерінің формуласын қолданады.

Тапсырмалар:

1. Алғашқы температурасы 20°C 6кг суды қайнату үшін жылудың қандай мөлшері қажет? 2. Массасы 120 г күміс кесегі 660С-тан 160С-қа дейін суығанда қоршаған ортаға 1,2 кДж жылу береді. Күмістің меншікті жылу сыйымдылығы қандай? 3. Массасы 4 кг кірпішті t10=630С-қа қыздыруға жұмсалған жылу мөлшері, массасы осындай суды t20=13,20С-қа дейін жылытуға қажетті жылу мөлшеріне тең болса, кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығы қандай болар еді? ссу4200 Дж/кг0С.

Бағалау критерийлері:

1. Есептің шартын дұрыс талдаған. 2. Белгісіз шаманың формуласын дұрыс қорытып шығарған.

3. Берілген шамалардың мәндерін пайдаланып, дұрыс есептеулер жүргізген.

Ерекше қабілетті оқушыларға берілетін тапсырмалар:

  •  Температурасы 420С, массасы 6 кг суға температурасы 720С, массасы 4 кг су құйды. Оған тағыда, температурасы 180С, массасы 20 кг су құйылса, қоспаның температурасы қандай болған? 2.Температурасы 200С болатын 400 л су температурасы 700С, 100 л сумен араластырылған. Қоспаның температурасы қандай?

6. Жетістікті бағалау. "3+1"жаттығуының көмегімен оқу мақсаттарына жетуді бағалау. Оқушылар стикерге бүгінгі сабақта алған жаңа үш ақпаратты және жаңа тақырып бойынша бір түсініксіз болған жағдайды жазады. Қиындықтар туындамаған жағдайда оқушылар осы тақырыпқа қатысты бір-біріне сұрақ қояды. Тапсырманы аяқтаған соң оқушылардың жауаптарына қарай кері байланыс ұйымдастырылады.

Спирт шамы, көлемі әртүрлі ыдыстар термометр, су,май

Қосымша1

Қосымша 2

Сабақтың соңы

35-40

7. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

8. Үйге тапсырма:

Жылу мөлшері. Меншікті жылусыйымдылық тақырыбын қайталау

Тапсырмалар:

  • Массасы 30 кг жезді 200С-тан 11200С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? сж380 Дж/кг0С.
  • Массасы 3 кг температурасы 100С суға массасы 0,9 кг, ал температурасы 1550С-тағы дене салынды. Қоспаның температурасы 150С болса, дененің меншікті жылу сыйымдылығы неге тең? с4200 Дж/кг0С.

Қосымша 3

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Материалды қайталау кезеңінде оқушылар өз ойларымен бөлісе отырып, білу және түсіну дағдыларын көрсетеді.Сабақта зерттеу әдісі арқылы жаңа ақпаратты қабылдайды.Сабақты бекіту кезеңінде орташа қабілетті оқушыларға мұғалім тарапынан кеңес беріледі.

8.3.2.1 "дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау және 8.3.2.2 жылу берілудің түрлерін салыстыру" оқу мақсаттары бойынша алған білімдерін қалыптастырушы бағалау. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бағалау критерийлері арқылы тексеру. "3+1"жаттығуының көмегімен оқу мақсаттарына жетуді бағалау.

Тәжірибе жасағанда және топтық жұмыс барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұры сжүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралыда ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша1

Тапсырмалар:

1. Алғашқы температурасы 20°C , 6кг суды қайнату үшін жылудың қандай мөлшері қажет? 2. Массасы 120 г күміс кесегі 660С-тан 160С-қа дейін суығанда қоршаған ортаға 1,2 кДж жылу береді. Күмістің меншікті жылу сыйымдылығы қандай? 3. Массасы 4 кг кірпішті t10=630С-қа қыздыруға жұмсалған жылу мөлшері, массасы осындай суды t20=13,20С-қа дейін жылытуға қажетті жылу мөлшеріне тең болса, кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығы қандай болар еді? ссу4200 Дж/кг0С.

Қосымша 2

Ерекше қабілетті оқушыларға берілетін тапсырмалар:

1.Температурасы 420С, массасы 6 кг суға температурасы 720С, массасы 4 кг су құйды. Оған тағыда, температурасы 180С, массасы 20 кг су құйылса, қоспаның температурасы қандай болған? 2.Температурасы 200С болатын 400 л су температурасы 700С, 100 л сумен араластырылған. Қоспаның температурасы қандай?

Қосымша 3

Үйге тапсырма

  • Массасы 30 кг жезді 200С-тан 11200С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? сж380 Дж/кг0С.
  • Массасы 3 кг температурасы 100С суға массасы 0,9 кг, ал температурасы 1550С-тағы дене салынды. Қоспаның температурасы 150С болса, дененің меншікті жылу сыйымдылығы неге тең? с4200 Дж/кг0С.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу