алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Жылу мөлшері. Меншікті жылусыйымдылығы. Физика, 8 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Жылу мөлшері. Меншікті жылусыйымдылық.

Қайталау жүргізу.

8.3.2.1 "дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау және 8.3.2.2 жылу берілудің түрлерін салыстыру"

І топ конвекцияны түсіндіреді және мысалдар келтіреді ІІ топ жылуөткізгіштікті түсіндіреді және мысалдар келтіреді ІІІ топ сәуле шығаруды түсіндіреді және мысалдар келтіреді ІV топ ішкі энергияны өзгертудің тәсілдерін тақтаға/постерге жазып сипаттайды және мысалдар келтіреді. Үш топтың жұмысын талдап, жылу берілудің түрлерін салыстырады.

Бағалау критерийлері:

Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін дұрыс сипаттайды.

Жылу берілудің түрлеріне сәйкес дұрыс мысалдар келтіреді.

Жылу берілудің түрлерін салыстырады.

Ой қозғау

Жылу мөлшері қандай физикалық шамалардан тәуелді, ауызша болжам жасаңдар.

Сабақтың мақсаты:

-жылу мөлшерінің заттың тегіне, массасына және оның температурасының өзгерісіне тәуелділігін зерттеу;

-заттың меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын түсіндіру;

-жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану.

Жылу берілу кезінде дененің алатын немесе жоғалтатын энергиясы жылу мөлшері болып табылады және оны Q әріпімен белгілейді. Жылу мөлшері ішкі энергия өзгерісінің өлшемі.

Жылу берілу кезінде дененің алатын немесе жоғалтатын энергиясы жылу мөлшері деп аталады.

Белгіленеді:

Q

Өлшем бірлігі:

1 Дж

Дене 20 кДж

жылу мөлшерін

алды(берді)

Процесс нәтижесінде

жұмыс атқаралмастан

дененің ішкі энергиясы

20 000 Дж

артты немесе кеміді.

Жылу мөлшері

Q шамасы неден тәуелді?

Әртүрлі температура

Q ~ t 0C

t1 0С > t2 0С

Q1> Q2

m1 = m2

Әртүрлі заттар

Q ~ заттың тегіне

Денені қыздыруға қажетті немесе суығанда бөлінетін жылу мөлшері, заттың тегіне, массасына және оның температурасының өзгерісіне тура пропоционал.

Q1 > Q2

Тәжірибелер көрсету

Қорытынды:

Q1 > Q2

Q ~ m

Массасы 1 кг заттың температурасын 1 0С қа өзгерту үшін қажет жылу мөлшерін көрсететін физикалық шама.

Белгіленеді: с. Өлшем бірлігі: 1 Дж / кг 0С

Меншікті жылусыйымдылық

Жылу мөлшерін есептеу

Q=cm(t2-t1)

Тапсырмалар:

1. Алғашқы температурасы 20°C 6кг суды қайнату үшін жылудың қандай мөлшері қажет? 2. Массасы 120 г күміс кесегі 660С-тан 160С-қа дейін суығанда қоршаған ортаға 1,2 кДж жылу береді. Күмістің меншікті жылу сыйымдылығы қандай? 3. Массасы 4 кг кірпішті t10=630С-қа қыздыруға жұмсалған жылу мөлшері, массасы осындай суды t20=13,20С-қа дейін жылытуға қажетті жылу мөлшеріне тең болса, кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығы қандай болар еді? ссу4200 Дж/кг0С.

Қосымша тапсырмалар:

1. Температурасы 420С, массасы 6 кг суға температурасы 720С, массасы 4 кг су құйды. Оған тағыда, температурасы 180С, массасы 20 кг су құйылса, қоспаның температурасы қандай болған? 2.Температурасы 200С болатын 400 л су температурасы 700С, 100 л сумен араластырылған. Қоспаның температурасы қандай?

Бағалау критерийлері:

1. Есептің шартын дұрыс талдаған. 2. Белгісіз шаманың формуласын дұрыс қорытып шығарған.

3. Берілген шамалардың мәндерін пайдаланып, дұрыс есептеулер жүргізген.

Жетістікті бағалау.

"3+1"жаттығуы. Стикерге бүгінгі сабақта алған жаңа үш ақпаратты және жаңа тақырып бойынша бір түсініксіз болған жағдайды жазыңдар.

Рефлексия

нені білдім, нені үйрендім

нені толық түсінбедім

немен жұмысты жалғастыру қажет

Жылу мөлшері. Меншікті жылусыйымдылық тақырыбын қайталау

Тапсырмалар:

Массасы 30 кг жезді 200С-тан 11200С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? сж380 Дж/кг0С.

Массасы 3 кг температурасы 100С суға массасы 0,9 кг, ал температурасы 1550С-тағы дене салынды. Қоспаның температурасы 150С болса, дененің меншікті жылу сыйымдылығы неге тең? с4200 Дж/кг0С.

Үйге тапсырма


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы