Жылу мөлшері. Меншікті жылусыйымдылығы. Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Жылу мөлшері бөлімін қайталауда оқушының оқу дағдысы, сыни түрден ойлауы, берілген есеп шартын сауатты түсінуі, есеп шығаруға икемділігін басқа оқушымен қарым-қатынаста бола отырып, бірлесе шешу жолын анықтай алады.

Ой қозғау. Оқушының мотивациясының жоғарылауына және оқушылардың қызығушылығына жағдай жасау.

Орыс ертегісінен «Түлкі мен қасқыр».

Қасқыр өзеннен мұз ойығын тапты да, оған құйрығын шұңқырға жіберіп, мына сөздерді айта бастады:

«Мен балық ұстаймын, кішкентай және үлкен. Құйрығым,құйрығым тезірек қат. Балық ұстал»

1. Осы сөйлемде жылу алмасудың қандай түрлері бар?

1. Қатаю 2. Жібіту 3. Балқу

2. Неге түлкі мына сөздерді қайта –қайта қайталады: « Ашық аспан, аспандағы жұлдыздар анық па»?

1. Қасқырды жақсы көру үшін

2. Аспан ашық болса, ауа райы суық болады.

3. Аспан ашық болса, ауа райы жылы болады.

«Руслан мен Людмила» -поэма А.С. Пушкин.

”...На месте славного побегаВесной растопленного снегаПотоки мутные теклиИ рыли влажну грудь земли..."

1. Бұл үзіндіде қандай жылу процесі туралы айтылған?

1. Балқу 2. Қайнау 3. Жерді қазу

2. Қар қандай температурада ериді?

1. -5 0С. 2. 0 0С 3. 3,5 0С 4 .90 0С 5. 100 0С

3. Бұл температура қалай аталады.

1. Қайнау температурасы.

2. Балқу температурасы

3. Булану температурасы

Зат

Меншікті жылу сыйымдылығы, Дж/кг* 0С

Балқу және кристалдану тепмературасы, 0С

Меншікті балқу жылуы,

104* Дж/кг

Алтын

130

1063

6,7

Сынып

140

-39

1,0

Қорғасын

140

327

2,5

Қалайы

230

232

5,9

Күміс

250

960

10

Мыс

400

1083

21

Мырыш

400

420

12

Темір

460

1539

27

Болат

500

327

2,5

Алюминий

920

658

39

Мұз

2100

0

34

Су

4200

0

34

Спирт

2500

-114

11

  • Жеке жұмыс. Дифференциалдық тапсырмаларды шешу.

Дескрипторлар:

Оқушылар:

- жылу процестерінің кестесін қолданады

- жылулық тепе-теңдік теңдеуін жазады;

- қажетті математикалық есептерді орындайды;

1.Шай қайнату үшін турист шайнекке массасы 2 кг және температурасы 0 ° C болатын мұзды салды. Бұл мұзды 100 ° C температурада қайнаған суға айналдыру үшін қанша жылу қажет? Шайнекті жылытуға жұмсалатын энергияны ескермеңіз.

2. Меншікті жылусыйымдылықтың өлшем бірлігі

  • kg ·J–1 ·K–1 B. kg ·J K–1 C. kg–1 ·J ·K–1 D. kg ·J–1 ·K

 Жұппен жұмыс.

 3. +27,5 ° C температурада қорғасын кесегін қыздыра бастады, оған тұрақты жылу қуаты берілді. Қыздыру басталғаннан кейін 39 секунд ішінде қорғасын, балқу температурасы +327,5 ° C –қа жетті. Осы кезден кейін неше секундтан кейін қорғасын кесегі ериді? Жылу шығыны жоқ. (Қорғасынның меншікті жылуы - 130 Дж / (кг ° С), қорғасынның меншікті балқу жылуы - 25 кДж / кг.)

 

 4. 0 ° С температурада 2 кг су бар калориметрге -55 ° С температурадағы 300 г мұз салынды. Жылулық тепе -теңдік орнағаннан кейін калориметрде қанша граммм мұз болады? (Мұздың меншікті жылуы - 2100 Дж / (кг ° С), меншікті мұздың еру жылуы - 330 кДж / кг.)

 

 Топпен жұмыс.

 Т5. Калориметрлерге массасы бірдей қатты және сұйық заттары бар екі капсуланы орналастырылады - бірінші калориметрде сұйық зат салынған капсула, ал екіншісінде қатты зат салынған капсула. t = 0 с уақытында бірінші калориметрді салқындату режиміне, екіншісін қыздыруға қосады. Салқындату және қыздыру элементтерінің сыйымдылығы бірдей, жылу шығыны жоқ. Суретте осы денелердің T температураларының t уақытына тәуелділік графиктері көрсетілген. Қатты күйдегі екінші дененің меншікті жылу сыйымдылығының қатты күйдегі бірінші дененің меншікті жылу сыйымдылығына қатынасын анықтаңыз.

Құрылымдық есептер

Т6. Ирландиядағы 3000 жылдық Drombeg шеңберінің жанында Фулахт Фиад деп аталатын таспен қапталған шұңқыр орналасқан. Бұл жерде аңшылар аулаған ет пісірілген деп саналады. Шұңқыр суға толды. Үлкен тастарды отқа қыздырып, суға салып, қайнатып, етті пісіреді. Бұл идеяны тексеру үшін жүргізілген эксперименттерде шұңқырдағы су жиырма екі қыздырылған тасты қосқаннан кейін қайнағаны анықталды. Қосылған тастардың жалпы массасы 198 кг, судың массасы 513 кг болды.

(а) Оттың минималды температурасы шамамен 900 0С болатынын дәлелдеңіз.

Specific heat capacity of water= 4200 J kg–1 °C–1 Average specific heat capacity of stone = 1100 J kg–1 °C–1 Initial temperature of water= 18 C

Temperature of boiling water= 100 C

(4)

(в) Оттың температурасы есептелген мәннен жоғары болуы мүмкін екенін түсіндіріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу