Жобаны жоспарлау және құрастыру. Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.


6 сынып Музыка Жобаны жоспарлау және құрастыру(1) 4 сабақ

Мазмұны

  • Сабақ жоспары
  • Дидактикалық материалдар
  • Презентация

Кіріспе

Нұсқаулықта Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, Бағдарламаны іске асырудан

күтілетін нәтижелер туралы ақпарат берілген. Ұсынылған материалдар «Музыка» пәні

мұғалімдеріне өз сабақтарын жоспарлап, өткізуге көмектесетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшам сабақ арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі.

Сабақ тақырыбы

Жобаны жоспарлау және құрастыру

Оқу мақсаты:

6.2.1.1 – музыкалық-шығармашылық жұмыс жасау үшін идеялар ұсыну, жоспарлау және музыкалық материалға интепретация жасау;

Сабақ барысы:

Сабақтың басында оқушылармен сергіту сәтін өткізіңіз. Оқушылармен бейнебаянды қолдана отырып сергіту сәтін өткізіңіз. Сергіту сәті оқушылрағна жағымды көңіл-күй мен дене шынықтыруына ықпал етеді. Сергіту сәтін 2-3 минут уақыт аралығанда өткізіңіз. Сергіту сәтінен кейін оқушылармен өткен тақырыптарды еске түсірулерін сұраңыз. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойыңыз. Өткен тақырыптырда еске түсіргеннен кейін сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып өтіңіз. Сабақта орындалатын іс-әркетті анықтап алыңыз.

Жобаны бастамас бұрын оқушыларға жобаға арналған бірнеше тақырыпты ұсыныңыз. Жобаға арналған бағалау критерийлерімен таныстырыңыз. Бағалау критерийлерін ашып түсініп алуына жол беріңіз. Сұрақтар туындаған жағдайда оқушыларға бағыт-бағдар беріңіз. Жоба барысында орындалатын іс –әрекетке кіріспес бұрын сыныптан жобаға арналған жоспар құрастыру керек екендігіне көз жеткуін қадағалаңыз.

Оқушыларға 10 минут аралығында жобаға арналған жаңа идеяны ойластыруға уақыт беріңіз. Жаңа идеяны топ ішінде бөлісуіне нұсқау беріңіз. Идеяны А4 қағаз бетіне түсіріп жазуына ықпал етіңіз. Әр оқушы өзінің ойын қағаз бетіне түсіре отырып, ерекше ойлау дағдысын дамытуына жол беріледі. Әр оқушы топ ішінде өзінің идеясын жазып болғаннан кейін топ ішінде жеке идеяларды талқылай отырып, бір шешімге келулері тиіс. Егер оқушылар арасында «мен өзім жалғыз жасағым келеді » деген ойлар туындаса, онда сіз сол оқушыға жол бересіз, белгілі бір оқушы өзі жеке жұмыс жасай алады.

Келесі кезеңде, топ ішінде ұсынылған идеяларды негізге ала отырып, жобаға арналған жоспар құрастыруға ниет етіңіз. Жобаға арналған жоспарды әр сабақтарда қолдануы жөнінде ескерте кетіңіз. Құрастырылған жоспарды сынып алдында таныстыруын ұсыныңыз.

Рефлексия.

Оқушылармен сабақ барысында орындалған іс-әрекеттерді талқылаңыз. Қиындық туғызған тапсырмаларға көңіл бөліңіз «Ақылдың 6 қалпағы» әдісін қолдана отырып, оқушылардан кері байланыс алыңыз. Бұл әдіс арқылы оқушылардың жобаға қаншалықты дайын екенін анықтауға болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу