Жобаны жоспарлау және құрастыру. Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін түсіндіруден бастаңыз. Алдыңғы сабақта өткенді қайталаңыз.

Сыныпта талқылау тапсырмасында алдыңғы сабақта жоспарлаған идеяларымен бөлісіп, топта өз рөлдерін анықтауды сұраңыз. Сонымен қатар, шығармашылық жұмыс жоспарын кестеде көрсетуді ұсыныңыз:

Сынып___ « »

Топ:

Оқушының аты-жөні

Топтағы рөлі

Қажетті ресурстар

Қосымша

Орындау мерзімі

Толтырылған кесте бойынша жоспарды сынып алдында таныстырып, талқылатыңыз:

  • Қандай ресурстар қажет?
  • Топта қандай рөл атқарасыз?
  • Қанша мерзімде аяқтайсыз?

Талқылау және музыка шығару тапсырмасында шығармашылық жобаны құру бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылады.

  • Өз жобаңызға қай нұсқаны таңдадыңыз?
  • Сюжет не туралы болады?
  • Қандай көркемдеуші құралдардарды қолдандыңыз? – сұрақтарын ойластыра отырып, музыканы құрастыруды сұраңыз.

Алдыңғы сабақта ойластырған, бағалау критерийлерін ескке түсіріңіз:

  • Жоба тақырыбының сәйкестігі;
  • Топт өз рөлін орындау;
  • Кейіпкерлерді дыбыстау;
  • Сәйкес трейлерді құрастыру;
  • Шығармашылық ой;
  • Көркем орындау.

Сонымен қатар, ұсынылған шығармашылық жобаның екі нұсқасын еске түсірген жөн. Жобаны құрастыру үшін оқушылраға белгілі уақыт беріңіз.

Бірінші нұсқа.

Анимациялық фильмге трейлер құрастыру.

«Алдар Косе.

«Кунфу Панда -3»;

«Гарри Потер» т.б.

Трейлерді жоспарлауға көркемдеуші құралдарды, музыкалық аспаптарды, музыкалық бағдарламаны,дауысты, қолданбалы заттарды қолданыңыз.

Трейлер ұзақтығы 1-1,5 минут.

Жобаны бағалау критерийлері:

Жоба тақырыбына сәйкестігі;

Командалық топта рөлдерді бөледі;

Трейлерді дыбыстау және музыкалық сүйемелдеу жасау;

Шығармашылық тәсіл;

Сөйлеудің өзіндік ерекшелігі;

Рөлдерді ойнау шеберлігі;

Уақытты басқару.

2-нұсқа.

«Комикс» кескіндеме техникасын қолданып, анимациялық фильмге трейлер жоспарлау. Негізгі суреттерді салып, оларды дауыспен дыбыстап, музыкалық аспаптармен суреттеу. Фильмнің мазмұны мен кейіпкерлердің дауысын сақтау.

Жобаны бағалаудың критерийлері:

Жоба тақырыбына сәйкестігі;

Командалық топта рөлдерді бөледі;

Трейлерді дыбыстау және музыкалық сүйемелдеу жасау;

Шығармашылық тәсіл;

Сөйлеудің өзіндік ерекшелігі;

Рөлдерді ойнау шеберлігі;

Уақытты басқару.

Тапсырманы орындауға берілген уақыт аяқталған соң, әрбір топ сынып алдында шығармашылық жобасының жоспарын көрсетеді. Жобаны жоспарын таныстыруда төмендегі сұрақтар көмегімен оқушыларға өз ойын толық жеткізуге көмектесіңіз:

-Жобаның қай нұсқасын таңдадыңыз?

-Мәнерлеп сөйлеудің қандай құралдарын қолданасыз?

-Кейіпкерлерді сіз дыбыстайсыз ба?

-Қандай бағдарламаны қолданасыз?

Өз жұмысын таныстыруда басқа топтардан кері байланыс беруді сұраңыз. Орындалған жоспарға оқушылар, бағалау критерийлеріне сай, жобаны жетілдіру мақсатында өз ұсыныстарын бере алады.

Музыкалық қабілеті жоғары оқушылар музыкалық бағдарламаларды қолданып, кейіпкерлерге музыкалық жабдықтау жасайды. Кейбір оқушылар өз рөлдерін өте жақсы сомдайды.

Сабақ соңында рефлексия жүргізіңіз. Сұрақтарды талдау.

- Топта не сәтті орындалды?

- Қандай қиыншылықтар болды?

- Келесі сабаққа не қажет?

- Өз көрсетіліміңізді қалай ұйымдастырасыз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу