Жобаны жоспарлау және құрастыру. Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 7 - сабақ.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Берілген сабақтың мазмұны оқушылардың осыған дейінгі тақырыптың негізінде құрастырылған. Бұл сабақ тарау бойынша жасалатын шығармашылық жобаға дайындық болып есептеледі.
Сабақтың басында оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстырыңыз. Алдыңғы сабақта рефлексияда көрсетілген оқушылардың сұрақтарына жауап беріңіз.
Сабақтың тірек сөздерін талқылаңыз: интерпретация, шығармашылық, жақсарту, ұсыныс.
Оқушыларды карточкалар көмегімен 3 топқа бөлу - "Оркестр", "Опера", "Балет". Берілген тақырыптармен таныстырып, талқылап, қысқа сюжет құрастыруға уақыт беріңіз. Әр топтағы сюжет мазмұнын тыңдап, талқылаңыз.
- Сюжет не туралы болады?
- Сюжеттеріңіз опера/балеттің қай кезеңіне қарай құрастырылған?
- Қайсы шығарманы аспаппен сүйемелдеуге таңдадыңыз?
Содан кейін, шығармашылық жобаға дайындалған, төмендегі бағалау критерийлерімен таныстырып, парақшаларды топтарға таратыңыз.
1 топ – шулы аспаптар көмегімен оркестрге арналған композиция орындау;
2 топ - "Біржан- Сара" операсы негізінде құрылған қысқа көрініс көрсету;
3 топ - "Щелкунчик" балеті негізінде құрылған қысқа көрініс көрсету.
Бағалау критерийлері:
- Жоба тақырыбына сай сюжет;
- Сюжетке музыканың сәйкестігі;
- Топтық жұмыс;
- Топтағы ансамльдік орындау;
- Музыканың көркемдеуші құралдарын ескеріп көрсету.
Осы тарауда өткен музыкалық шығармаларды оқушылардың естеріне түсіріп, қайталаңыз.
Талқылау.
Оқушылар топта шығармашылық жобаға байланысты өз идеяларын ұсына отырып, топтағы рөлдерін анықтайды. Соның нәтижесінде таратылған жұмыс графигін толтырады.
Орындау және талқылау.
Оқушыларға өз тақырыптарының кез келген жерінен үзінді орындауға тапсырма беріңіз.
Төмендегі сұрақтар бойынша талқылаңыз:
- Сыныпқа сіздердің орындауларыңыз ұнады ма?
- Өздеріңізге қандай баға бересіздер?
- Музыкалық сүйемелдеу қандай болғаны дұрыс?
- Сіздің тобыңыз жобада нені жақсарта алады?
- Басқа топқа қандай ұсыныстар бере аласыздар?
- Қандай?
Көрініске арналған декорация, костюм элементтерін, сонымен қатар оркестр дайындауға шулы аспаптарды алдын-ала дайындау қажет. Бөлімнің қорытындысы болып саналатын шығармашылық жобаны дайындауға оқушыларға керекті уақыт беріп жұмыстарын дұрыс бағытта жасауына ықпал жасаңыз. Өз жоба жоспары, орындауы бойынша топтар бір-біріне кері байланыс беруін ұсыныңыз.
Үй тапсырмасы.
Әр топ өзіне керекті ресурстарды дайындау және музыкалық сүйемелдеуді құрастыруды дайындауды сұраңыз.
Сабақ соңында рефлексия жүргізіңіз:
- Қиындық туғызған сәттер?
- Шығармашылық жұмысты жасаудағы келесі қадамдар?
- Шығармашылық жұмысты қалай қорғайсыздар?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?