Жобаны жоспарлау және құрастыру. Музыка, 6 сынып, қосымша материал.


6 сынып Музыка

Жобаны құрастыру және таныстыру 8 сабақ

Мазмұны

  • Сабақ жоспары
  • Дидактикалық материалдар
  • Презентация

Кіріспе

Нұсқаулықта Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, Бағдарламаны іске асырудан

күтілетін нәтижелер туралы ақпарат берілген. Ұсынылған материалдар «Музыка» пәні

мұғалімдеріне өз сабақтарын жоспарлап, өткізуге көмектесетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшам сабақ арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі.

Сабақ тақырыбы:

Жобаны құрастыру және таныстыру

Оқу мақсаты:

6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.2.2.2– компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялаужәне интерпретация жасау

Сабақ барысы:

Сабақты ұйымдастыру шараларынан бастаңыз. Ең алдымен сынып ішінде жағымды психологиялық ахуал туғызып, оқушылардың назарын толығымен сабаққа аударуын қадағалаңыз. «Ыстық орындық» әдісі арқылы оқушылардан өткен тақырыптар баойынша бірнеше сұрақтар қойып, еске түсіруді ұсынамыз. .Сыныпты бүгінгі сабақтың тақырыбы мен алға қойылған мақсаттарды атап өтіп, оқушылардың алдағы уақытта орындайтын іс-әркеттерімен таныстырыңыз. Оқушыларға жобалық жұмыстың басталуы туралы атап өтіңіз. Шығармашылық-жобаның мақсаты мен бағалау критерийлеріне назар аудартыңыз. Жоба соңында қандай нәтижеге жетені жөнінде сөз қозғаңыз. Оқушылар жобаны бастамас бұрын жобаға арналған жоспар құру керек. Жаңа идеяны ұсынуды сұраңыз. Кейін әр оқушы немесе әр топ өзінің идеясын ұсынған соң, әр топқа жеке тақырыпша таратып, орындалатын іс-әрекетті орындауды ұсыныңыз. Оқушылар өздерінің дағдыларын өткен бөзлім бойынша көрсетуіне жол беріңіз. Әр компьютерлік бағдарламаларын,театр, кино, бейнелеу өнері тақырыптарын қолдануы керек. Жобаны орындауға 20 минут уақыт беріңіз. Жобаны орындауға арналған бағалау критрерийлерін ұсыныңыз. Жобаны орындап болған соң оқушылар өздерінің жұмыстарын сынып алдында таныстырады.

Рефлексия.

Рефлексияны жобаға арнап өткізіңіз. Жобаны кездескен қиындықтар мен шешу жолдарын анықтап алыңыз. Рефлексияны жазбаша түрде алуды ұсынамыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу