Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Тақырыбы: «Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану»
Сабақтың мақсаты:
6.1.2.22
рационал сандармен арифметикалық амалдарды орындау
Бағалау критерийлері:
Білім алушы
– рационал сандарды қосу және азайту ережелерін пайдалана алады;
– рационал сандарды көбейту және бөлу ережелерін пайдалана алады;
– рационал сандарды қосу және азайту ережелерін пайдалана алады;
-амалдарды орындау ретімен орындай алады;
–өрнектің сандық мәнін таба алады.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушылармен амандасады. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұпта отырып бірін-бірінің дәптерін тексереді. Оқушылар жалпы сыныппен есепті талдап, жауабын айтып отырады.
Мұғалім: Оқушылар біз қандай сандарды білеміз, еске түсірейік:
1.Натурал сандар анықтамасы, Мысалы; 1; 2; 3; ... N
2. Бүтін сандар қандай сандар, белгіленуі Z
3. Рационал сандар қандай сандар, белгіленуі. Q
Мұғалім: Біз сонда қандай сандардықарастырып жатырмыз?
Оқушылар: Рационал сандар
Мұғалім: Олай болса, біз рационал сандарға амалдар қолдануға есептер шығарамыз.
Алдымен презентация бойынша ауызша тапсырмаларды орындайды.
Ауызша есептеу. Тест.
1. Қай сан бүтін сан?
А) 4,3 Б) 0,33 В) -12 Г) 13,7
2. Қай сан натурал сан?
А) -17 Б) 2,56 В) 0 Г) 325
3. Амалдарды орында: -15 +20
А) -5 Б) 5 В) 35 Г) -35
4. Амалдарды орында: -1,5 : 3
А) -5 Б) 0,5 В) -0,5 Г) 5
5. Амалдарды орында: -20 - ( -60)
А) 40 Б) 80 В) -80 Г) -40
6. Қай сан оң санға да, теріс санға жатпайды?
А) -12 Б) –( - 45) В) 0 Г) 78,2.
Қатесін тап:
-1,75 + 1,75 = 0 ( - 12,5) * ( - 10 ) = - 1,25 ( -2,2 ) + 3,5 = - 1,3 -12,12 + ( - 0,78) = - 12,9 -9 * 6 = 54 ( -1/4):(-8/24)=3/4 -12,75 > 0 - 8,75 < 8,75
14 < -14 0 < -111.
Содан соң оқу мақсатын меңгеру мақсатында жалпы сыныппен тест жұмысы орындалады.
Жалпы сыныппен жұмыс
Тест жұмысы
1. Дұрыс тұжырымдаманы таңдаңыз:
а) Екі теріс санның көбейтіндісі - оң сан;
б) кез келген санды нольге бөлгенде ноль шығады;
в) кез келген рационал сан бүтін болады;
г) аb – ның көбейтіндісі нольге тең болады, егер а және b бір мезгілде нольге тең болса;
д) екі теріс санның айырмасы – теріс сан болады.
2. Көбейтіндінің мәнін тап: 1,8 ( -1 ).
а) 2,4; б) 1,35; в) - 2,4; г) - 1,35; д) - 1,2.
3. Өрнектің мәнін тап: 2 • (- 3) + (- 3) • (- 4) - (- 7) • 5.
а) -53; б) - 29; в) 41; г) 53; д) 17.
4. Бөлуді орында: .
а) - ; б) 5; в) 2; г) - 2; д) - .
5. Өрнектің мәнін тап: .
а) - 7; б) 15; в) 1; г) - 15; д) 7.
6. Өрнекті ықшамдаңдар: 4(а - b) – 6а + 4b. а) 10а; б) - 2a + 8b; в) l0a + 8b; г) -2а; д) басқа жауап.
7. Теңдеудің неше түбірі бар? (х + 3)(х + 4) = 0?
а) 2; б) 3; в) 1; г) 0; д) басқа жауап.
8. Қай бөлшекті шектеулі ондық бөлшек түріне келтіруге болмайды.
а) ; б) ; в) ; г) ; д) .
9. Өрнектің мәнін тап: .
а) - 4; б) 2,7; в) - 2,7; г) 4,95; д) - 0,27.
Жұпта отырған оқушылар дәптерлерін алмастырып, бірін-бірі тексеріп бағалайды.
Жұпта орындап тапсырмалары бірдей жұптар бірін-бірі тексереді. Есептерді дұрыс орындаса бір математик ғалымының аты шығады.
1 жұп
|
|
|
|
|
|
|
2 жұп
1)(-2) |
2)14: (-14)-(-32):8= (Х) |
3)(-18+9) : (-3)+3= (Р) |
4)(-4-2) |
5)2 |
6)-4 |
7.(-3) |
Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі.
Мұғалім: Аяқтарыңызды алшақ қойып, бүкіл денеңізбен бір жағыңыздан екінші жағыңызға қарай бұрылыңыз. Көздеріңіз алыстау тұрған бір нәрсеге қадалуы қажет. Ауық-ауық кірпіктеріңізді қағып қойыңыз. Жаттығуды 50 рет қайталаңыз.Толығырақ мына сайттан қарау: http://alashainasy.kz/psychology/kozge-arnalgan-jattyigular-62636
Оқушылар бүгінгі сабақтың оқу мақсатын меңгеру үшін жеке дифференциалданған тапсырмалар беріліп, өз білімдерін шыңдайды және дайын жауап арқылы өзін-өзі бағалайды.
Жеке жұмыс
Есептеңдер:
1) 2,1 : (-0,7) = - 3; | ||
2) – 1,25 : 2,5 = - 0,5; | ||
3) 14,7 : 7 = 2,1; | ||
4) – 2,5 (- 0,4) = 1; | ||
5) : = - 2; | ||
6) : = ; | ||
7) 3,9 = - 2,6; | ||
8) - 2,8 = 3,2; | ||
9) = - 0,175; | ||
10) = - 2,4; | ||
11) 0,25 4 = -1; | ||
12) (- 12,5) (- 8) 7 = 100; | ||
Сабақ соңында үйге тапсырма беріліп, есептің шарты түсіндіріледі.
Үйге тапсырма: «Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану».
№1. Теңдеуді шешіңдер: x – x = 3,6.
№2. Қыз бала дәптердің 36 бетін жазды, бұл барлық дәптер бетінің - і. Дәптердің неше беті бар?
Содан соң оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері бойынша өз ойларын білдіреді.
Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз.
Сабақ өте жақсы ұнады,
бар мүмкіндігімді пайдаландым
Сабақ ұнады,
өз мүмкіндігімше қатыстым
Әлі жұмыс жасауым керек
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Учебник «Математика - 6» Н.Я.Виленкин, Жохов В.И, Чесноков А.С. и др., Москва «Мнемозина», 2010г.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру