Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Тақырыбы: Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану
Әдістемелік нұсқау.
Оқушылар:
- құрамында рационал сандары бар санды өрнектердегі амалдар тәртібін анықтай алады;
- рационал сандарға амалдар қолданудың қасиеттерін қолдана алады;
- құрамында рационал сандары бар санды өрнектердің мәндерін таба алады.
Сыныптың дайындығына байланысты сабақты басталуының 2 түрі ұсынылады. Олардың мақсаты: оқушыларға сабақтан сабаққа тез ауысуға және жаңа ақпаратты қабылдауға көмектесу. Сонымен қатар техникалық жабдықтаудың деңгейіне қарай бұл тапсырманы бүкіл сыныппен инетрбелсенді тақтада немесе ноутбуктерде жеке (жұптарда) орындауға болады.
Стартер (базалық деңгей)
Тапсырма: есептер мен жоғарыдағы сандарды сәйкестендіріңіз.
Жауабы:
Стартер (негізгі деңгей)
Тапсырма: дұрыс жауапты таңдаңыз. (жалғыз немесе достармен бірге ойнауға болады)
Ойын ретінде ұсынылатын әрекеттер 6-сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып таңдалды..
Тапсырманың мақсаты: оқылған материалды бекіту; келесі құндылықтарды дарыту: оқу икемділігі, жағдайға талдау жүргізе білу, өз жұмысының сапасына жауапкершілікпен қарау, жақындардың проблемаларын көре және түсіне білу, өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, сынға түсіністікпен қарау, жұпта жұмыс жасай білу
Осы уақытта мұғалім бақылау жүргізу барысында қалыптастырушы бағалаудың «Оқушыларға жеке кеңес беру» техникасын қолданады: оқушылардың түсіну деңгейін тексеру мақсатында оқушылармен жеке сұхбаттасу жүргізеді. Дәл осылайша әрбір оқушыға бұл іс-әрекет бойынша кері байланыс беріледі.
Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын анықтау, бағалау критерийлерін тұжырымдауына талпындыру, сабақ барысын талқылау.
Деңгейлік тапсырмаларды өздеріңе таңдатуға болады. Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар дайындауға болады.
Рефлексия Сабақ барысында кестені толтырыңыз: Оқушының аты-жөні:
Сұрақтарға жауап бергенде, егер бұл тұжырым орындалса – «+», егер орындалмаса – «–» белгілеңіз.
Мысалы,
Сабақ басталуының нәтижелері бойынша оқушылар топтарға біріктіріледі, бұл сыныптағы оқушылар санына байланысты болады. мысалы, егер сыныпта 12 оқушы болса, онда оларды төрт оқушыдан үш деңгейі әр түрлі топтарға біріктіру ұсынылады. (Егер сыныптағы оқушылар саны жазылған көрсеткіштерден артық болса, онда әрбір топты тағы да екі топқа бөлуге болады.) Топ №1 – ең жоғары нәтижелер алған оқушылар, топ №2 – орташа нәтижелер алғандар, топ №3 – төмендеу нәтижелер алғандар). Тапсырманың мақсаты келесі құндылықтарды дарыту: өмір бойы білім алу, жағдайға талдау жүргізе білу, жаңа жағдайға бейімделу, топта жұмыс жасай білу, өз ісінің сапасына жауапкершілікпен қарау, сынға түсіністікпен қарау. Бағалау оқушылармен бірге құрастырылған критерийлер бойынша жүргізіледі. Міндетті критерийлердің ішінде материалдың айқындылық пен қолжетімділігі және әрбір топ мүшесінің өз үлесін қосқаны болу керек. Алдын ала даярлық тапсырма (топтық жұмыс)
№3. Бос орындарды толтырыңыз: Әрбір қасиет қалай аталады? Мұғалім оқушылардың оқу процесін қолдау мақсатында «Температураны өлшеу» техникасын қолданады: оқушылардың іс-әрекеті тоқталады және «Біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қойылады. Осы сұраққа жауап беру арқылы оқушылар өздерінің тапсырманы қаншалықты түсінгені және орындау барысы туралы ақпаратты береді. Топтық жұмыс нәтижелерін көрсету (мұғалімнің қалауынша) Тапсырманың мақсаты келесі құндылықтарды дарыту: топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, өзара құрметтеу, бір-біріне көмек көрсету. Жаңа сабақты меңгеруге ынталандырады. Тақырыпты меңгеру үшін есептер шығару (жеке жұмыс): (Оқушылардың деңгейлері өз бетінше немесе мұғалімнің нұсқаулығымен немесе бір топта жұмыс істеген сыныптастардың нұсқаулығымен анықталады.) Базалық деңгей Өрнектің мәнін табыңыз: Қосымша тапсырма: теңсіздігін қанағаттандыратын барлық бүтін сандардың көбейтіндісін табыңыз. Негізгі деңгей Өрнектің мәнін табыңыз: Қосымша тапсырма: Координаталық түзуіндегі АВ кесіндісінің ұзындығын табыңыз, егер А мен В нүктелерінің координаталары келесі өрнектерге тең болса: Жауаптары: Базалық деңгей Қосымша тапсырма: 0. Негізгі деңгей Қосымша тапсырма: Бағалау критерийлері:
Тапсырманы орындап болған соң оқушылар өз деңгейлері бойынша топтарға біріктіріледі. Олар өз шешімдерімен бөліседі және өзара бағалауды «Екі жұлдық, бір тілек» техникасы бойынша жүргізеді: басқа оқушының жұмысы бойынша екі сәтті және бір жақсартуды талап ететін жақтарын айтады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мұғалім сабақты қорытындылайды, әрбір оқушының жұмысы бойынша кері байланысты береді. Сонымен қатар, топтарға да сабақта жүргізілген жұмысқа рефлексия жасауды ұсынылады. Үй тапсырмасы: Өрнектің мәнін тиімді тәсілмен тауып, жауабын жазыңыз: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пайдалы сілтемелер мен әдебиеттер тізімі
- learningapps.com
- https://learningapps.org/2084904
- https://learningapps.org/1393256
- https://learningapps.org/2021960
- Выговская В.В Поурочные разработки по математике: 6 класс. – М.: ВАКО, 2011. – 544 с. – (В помощь учителю).
- Смирнова Е.С. Самостоятельные и контрольные работы по математике. 6класс. – 2-е изд. испр. и доп. – М.: УЦ «Перспектива», 2006 – 184 с.
- Ершова А.П., Голобородько В.В. Самостоятельные и контрольные работы по математике для 6 класса. – 5-е изд., испр. – М.: Илекса, - 2010 – 192 с.
- Математика. 6-сынып. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық/Т. Алдамұратова. – Алматы: Атамұра.
- Математика. 6-сынып. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық/А. Әбілқасымова. – Алматы: Мектеп баспасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру