Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Тақырыбы: «Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану»
Сабақтың мақсаты:
6.1.2.22
рационал сандармен арифметикалық амалдарды орындау
Бағалау критерийлері:
Білім алушы
– рационал сандарды қосу және азайту ережелерін пайдалана алады;
– рационал сандарды көбейту және бөлу ережелерін пайдалана алады;
– рационал сандарды қосу және азайту ережелерін пайдалана алады;
-амалдарды орындау ретімен орындай алады;
–өрнектің сандық мәнін таба алады.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушылармен амандасады. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұпта отырып бірін-бірінің дәптерін тексереді. Оқушылар жалпы сыныппен есепті талдап, жауабын айтып отырады.
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін логикалық есептер беріледі.
Ауызша тапсырма:
«Сиқырлы квадрат» - берілген сандарды горизонтал және вертикал қосқанда (-23) саны шығуы керек.
-10 | -4 | -9 |
7 | -34 | 4 |
-20 | 15 | -18 |
Оқу мақсатын меңгеру үшін жұпта отырып, оқулық бойынша тапсырмаларды орындау. «Карусель» әдісімен тапсырмалары қатаротырған жұптар бірін-бірі тексереді және бағалайды.
Жұптық жұмыс
Оқушылар жұптаса отырып, тапсырмаларды орындайды. Қатар отырған жұптар бірін-бірі тексереді.
А деңгейі
№585. Есептеңдер:
- (0,6 – 1) 4) 1,4:(-7) + (-0,8) = -1;
- (0,25 – 1):(-5) = 0,15; 5) 3,5
- (1,3 – 0,5) 6) 5,6:(-4) + 0,4 = -1.
№588. Әлияның ойлаған санын (- 6) -ға көбейтіп, оған 8 – ті қосқанда, қосынды (- 67,4) – ке тең болды. Әлия қандай сан ойлады?
В деңгейі
№590. Амалдарды орындаңдар:
1)( 2) (
3) )( 4) )(
№593. Теңдеуді шешіңдер:
- 8 – 5х + х = 16; Ж: - 2.
- 4,8х – 5,5 - х = - 18,8; Ж: - 3,8.
- 12х – 5,9 – 7,5х + 3,2 = - 4,05; Ж: - 0,3.
- 9,1х + 2 - х - 6 = - 52,6. Ж: - 6.
С деңгейі
№595. Бөлшек 0 – ге тең болатындай а – ның мәнін табыңдар:
.
Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі. Төмендегі берілген ресурс бойынша жаттығу жұмысын жасату.
https://www.youtbe.com/watch?v=_lx7d4eIkVEu
Жұптық жұмысты болғаннан соң оқушылар бүгінгі сабақтың оқу мақсатын меңгеру үшін жеке тапсырмалар беріліп, өз білімдерін шыңдайды және өзін-өзі дайын жауап арқылы бағалайды.
Жеке жұмыс
Негізгі деңгей.
Өрнектің мәнін табыңдар: = - 33,5.
Орта деңгей
Өрнектің мәнін табыңдар:
= - 46
Ілгерілеу деңгейі
Өрнектің мәнін табыңдар:
= - 60 .
Сабақ соңында үйге тапсырма беріліп, есептің шарты түсіндіріледі.
Үйге тапсырма: «Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану» №587 есеп.
Содан соң оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері бойынша өз ойларын білдіреді.
Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз.
- Нені білдім, нені үйрендім
- Нені толық түсінбедім
- Немен жұмысты жалғастыру қажет
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011.
- А.П.Ершова, В.В.Голобородько, Математика, 6 класс, «Самостоятельные и контрольные работы», Москва 2016 год
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру