Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану»

Сабақтың мақсаты:

6.1.2.22

рационал сандармен арифметикалық амалдарды орындау

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

– рационал сандарды қосу және азайту ережелерін пайдалана алады;

– рационал сандарды көбейту және бөлу ережелерін пайдалана алады;

– рационал сандарды қосу және азайту ережелерін пайдалана алады;

-амалдарды орындау ретімен орындай алады;

–өрнектің сандық мәнін таба алады.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім оқушылармен амандасады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Психологиялық дайындық: - Кәнеки балалар, бүгін барлығымыз бір-бірімізге не тілейміз?

Оқушылар орындарынан тұрып, мұғалімге қарап: «сізге шығармашылық табыс» және бір-біріне қарап: «бізге көтеріңкі көңіл күй»,-деп айтады.

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұпта отырып бірін-бірінің дәптерін тексереді. Оқушылар жалпы сыныппен есепті талдап, жауабын айтып отырады.

Оқушыларға өткен тақырып бойынша графикалық диктант жүргізу, «ия» немесе «жоқ» деп жауап беру. Жауап берген оқушыларды мадақтап отыру.

1.  Графикалық диктант.

1. Қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең. (иә)

2. Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі - оң сан. (иә)

3) Екі теріс санның қосындысы- теріс сан.     (иә)

4) Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі - теріс сан. (жоқ)

5) Кез келген теріс сан нөлден үлкен.           (жоқ)  

6) Оң санның модулі сол санның өзіне тең. (иә)

7) Теріс көбейткіштер саны жұп болса, көбейтінді оң сан.   (иә)    

8) Теріс санның модулі сол санның өзіне тең. (жоқ)

9) Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі - оң сан. (иә)

10) Кез келген теріс сан оң саннан үлкен. (жоқ)

Оқушылар бір-бірден тақтаға шығып номерленген сұрақтарды суырып алып, сол бойынша жауап береді.

Сұрақ – жауап:

1. Қандай сандар оң сандар деп аталады?2. Қандай сандар теріс сандар деп аталады?3. Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады?4. Қандай сандар бүтін сандар жиынын құрайды?5. Қандай сандар рационал сандар жиынын құрайды?

6. Екі теріс санның қосындысы қалай табылады?

7. Таңбалары әр түрлі сандардың қосу ережесін айтыңдар

8. Қарама-қарсы сандар қосындысы неге тең?

9. Рационал сандар қалай азайтылады?

10. Таңбалары әр түрлі сандарды қалай азайтылады?

11.Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі қалай табылады?

12.Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі.

13.Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу ережесін айту

14.Таңбалары бірдей сандарды бөлу ережесі айту.

Жаңа сабақты меңгерту   

Натурал сандар бар өрнектердің мәндерін табу кезінде қолданылатын қасиеттер мен ережелер рационал сандарға амалдар қолдануда да пайдаланылады.

Рационал сандарға амалдар қолдану үшін әр оқушы мынаны есте ұстауы керек:

1) Арифметикалық амалдардың орындалу ретін білу;

2) Рационал сандарға амалдар қолдануға берілген есептерді шешу әдістерін білу;

3) Тиімді әдісті таңдай білу және есептің шешуін математикалық тұрғыдан сауатты жаза білу;

     Рационал сандарға амалдар қолдануды орындап көрейік:

-264*( 25+(-36) *74)- 145

Мұғалім: Осы өрнектегі амалдардың орындалу ретін кім айтады?

Мұғалім: Амалдарды орындау ретінен басқа тағы нені білу керек?

Сабақты бекіту үшін семантикалық картадағы есептерді орындап, берілген сөзді табу.

“Ойлан, тап!” ойыны. Амалдарды орындап, дұрыс жауап тұрған торкөздегі әріптерді дұрыс орналастырғанда шығатын сөзді табу.

тапсырма

а

а

р

о

ц

и

н

л

1

(-36+45):(-9)

9

-9

-1

1

2

-3

4

-4

2

(23-(-47))·0

70

0

1

-2

60

-70

 -1

 -60

3

-15+(-29)

-54

-34

29

14

-44

-14

34

-29

4

-1,69:1,3

-1,3

13

-13

130

0,13

-0,13

 1,3

-130

5

-4,2·(-2,5)

-105

-1,05

105

10,5

1,05

-10,5

1050

-1050

6

78+(-47)

-125

125

-31

-48

48

115

31

 -115

7

(31-(-14))·1

45

0

1

-2

-45

17

-17

45

8

13+(-37)

14

24

50

40

-50

-40

 -14

-24

 Жаңа сабақты оқу мақсатын меңгеру үшін жұпта отырып, тапсырмаларды орындау. «Карусель» әдісімен тапсырмалары бірдей жұптар бірін-бірі тексереді және бағалайды.

Жұптық жұмыс

1 жұп

№1. Өрнектің мәнін табыңдар:

0,9.

№2. Амалдарды орындаңдар:

1)   -2,75+(-0,25) = - 3.

 2)   -5*(-5):5 = 5.

 3)   18+(-10) = 8.

 4)   -8*(-5) = 40.

 5)   100 + (-100) = 0.

 6)    -13*(-5) = 65.

№3. Теңдеуді шешіңдер:. Жауабы: - 1,2.

2 жұп

№1. Өрнектің мәнін табыңдар:

0,09.

№2. Амалдарды орындаңдар:

1)   0+(-999) = - 999.

 2)   -0,72*(-1) = 0,72.

 3)   0:100 = 0.

 4)   0*(-10) = 0.

 5)   -56 –(-35) = - 21.

 6)   -18+10 = - 8.

№3. Теңдеуді шешіңдер:. Жауабы: 17.

3 жұп

№1. . Өрнектің мәнін табыңдар:

№2. Амаладарды орындаңдар:

1)   -12:3 = - 3.

 2)   -64: 8+34 = 26.

 3)   -5*(-5):(-5) = - 5.

 4)   -10*10 = - 100.

 5)   -25:(-5) = 5.

 6)   -100+99 = - 1.

№3. Теңдеудің түбірін табыңдар:

. Жауабы: 1,5; -0,1.

Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі. Төмендегі берілген ресурс бойынша жаттығу жұмысын жасату.

http://tubov.ru/videoplayer_eS0yZ19CdW94em1j/kzge_arnalan_zhattyular_uprazhneniya_dlya_glaz

Жұптық жұмысты болғаннан соң оқушылар бүгінгі сабақтың оқу мақсатын меңгеру үшін жеке тапсырмалар беріліп, өз білімдерін шыңдайды және өзін-өзі дайын жауап арқылы бағалайды.

Жеке жұмыс

Тапсырма:

№1. Өрнектің мәнін табыңдар:

2

№2. Амалдарды орындаңдар:

0,1.

№3. Теңдеуді шешіңдер:

; Жауабы: -

№4. –6,2 және 3,5 сандарының арасында орналасқан бүтін сандарды көрсетіңдер..

Жауабы: –6; –5;–4;–3;–2;–1;0;1;2;3

Сабақ соңында үйге тапсырма беріліп, есептің шарты түсіндіріледі.

Үйге тапсырма: «Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану» №584 есеп.

Содан соң оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері бойынша өз ойларын білдіреді.

Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз.

1. Қандай жаңа нәрсе үйрендіңдер?

2. Сабақта не ұнады?   

3. Сабақта не ұнамады?

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011.
  • А.П.Ершова, В.В.Голобородько, Математика, 6 класс, «Самостоятельные и контрольные работы», Москва 2016 год


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу