Санның модулі. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рационал сандар | Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ | ||
Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
Мұғалім: | |||
Сабақ тақырыбы | Санның модулі | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 6.1.1.9 санның модулі анықтамасын білу және оның мәнін табу. | ||
Сабақмақсаттары | Санның модулінің анықтамасын білу және оның мәнін табу. | ||
Сабақтың түрі | Жаңа білімді қолдану және бекіту. | ||
Бағалау критерийі | Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді :1. 1. Санның модулінің анықтамасын біледі; 2. Оң және теріс сандардың модулін таба алады; 3. Модулі бар өрнектің мәнін табады. | ||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология | ||
Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілік. Құрмет. | ||
Бастапқы білім | Оң сандар және теріс сандар. Координаалық түзу. Қарама-қарсы сандар. Рационал сандар. | ||
Сабақбарысы | |||||||||||||
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі (5-минут) |
| ||||||||||||
Сабақтың басы (5-минут) |
Оқушыларға сұрақтар қою және өткен мақсаты қайталау мақсатында жаттығулар орындау арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашамыз. 1.Координаталық түзу дегеніміз не? 2.Түзудің бойындағы нүктелерді қалай атайды? 3. Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады? 4. а санына қарама-қарсы сан қалай белгіленеді? 5. Оң санға қарама-қарсы сан қандай сан? Мысал келтіріңдер. 6. Теріс санға қарама-қарсы сан қандай сан? Мысал келтіріңдер. 7. Қандай сан өзіне өзі қарама-қарсы болады? Сабақтың тақырыбы: Санның модулі. Сабақтың мақсаты: Санның модулінің анықтамасын білу және оның мәнін табу. | 1-7 слайд | |||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут | Математика тарихынан: Модуль латынша modulus - қазақша "мөлшер" деген мағынаны білдіреді. Кейбір жағдайда "модульдің" орнына абсолюттік шама деп те атайды. Бұл терминді 1806 жылы француз Математикгі Жорж Аргон енгізген. 1.А ,В және С нүктелерінің координаталары қандай? 2.Координаталар бас нүктесінен А, В және С нүктелеріне дейінгі қашықтық неге тең? 3.- 5 санының модулі 5-ке тең, -3 санының модулі 3-ке тең, 4 санының модулі 4-ке тең. Анықтама: а санының модулі деп координата бас нүктесінен А(а) нүктесіне дейінгі (бірлік кесіндідегі) қашықтықты айтады. Белгіленуі: Мысалы: ; Нөл санының модулі неге тең? Не себептен? Қандай сан, санның модулі бола алмайды? Оң санның модулі неге тең?85 Теріс санның модулі неге тең? 56 Берілген сандар: 4 және - 4; 94 және - 94; - 42 және 42 1) Осы сандар қалай аталады? 2) Сандардың әрқайсысының модулін табыңыз. 3) Модульдерін салыстырыңыз. 4) Қандай қорытынды шығарасыз? |-а|=|a| Ара қашықтық оң санмен немесе нөл санмен жазылатыны белгілі. Онда санның модулі координаталық түзуде берілген санды кескінейтін нүктенің санақ басынан қашықтығы болатындықтан, модуль теріс санмен жазылмайды. Координаталық түзуде о санын кескіндейтін нүкте санақ басы мен (О нүктесімен) беттеседі. Онда . Нөл санының модулі 0-ге тең. | 8-13 слайд | |||||||||||
Сабақты бекіту 15 минут |
(мүмкін болған жағдайда мүғалім бағыт береді)
Тапсырма1. Сандардың модулін табыңыз: 1); 7). Тапсырма 2. Сандық осьте кескінделген А, В, С, К нүктелерінің координаталарын табыңыз және модуль белгісін қолданып санақ басынан нүктеге дейінгі қашықтықты жазыңыз. Тапсырма 3. Өрнектің мәнін табыңыз: 1) |-8|-|-5| ; 2) |-10|*|-5|; 3)|240|:|-80| ; 4)|-710|+|-290| Тапсырма 4. х-тің қандай мәнінде теңдік орындалады: 1) 3; 2) 5; 3) ; 4) ; 5) 6)1,5 Тапсырма 5. 1) Модульдері 5-тен кіші бүтін сандардың А жиынын жазыңдар. А жиынының элементтерінің санын көрсетіп жазыңдар. 2) Модульдері 5-тен кіші натурал сандардың В жиынын жазыңдар. В жиынының элементтерінің санын көрсетіп жазыңдар. 3) А және В жиындарының қайсысы ішкі жиын екенін көрсетіп жазыңдар. | 14-16 слайд Қосымша-1 | |||||||||||
Сабақтың соңы 5-минут | Сабақты қорытындылау:
Келесі сабақта осы өтілген тақырыпқа байланысты есептер шығарып, тақырып кеңінен ашылады. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: «Мен бүгін бәрін түсіндім»- «+» таңбасымен «Түсінбедім» - «-» таңбасымен «Түсінбегендерім бар»- 0 санымен белгілейді Үй жұмысы: №1 1. Мына сандардың модулдерін өсу ретімен жазыңыз: 6,4; -5,8; 3,9; -7,1; 0. 2. Мына сандардың модульдерін кему ретімен жазыңыз: 7,3; -4,5; 5,9; -8,1; 0. №2. Амалды орындаңыз: 1) 2) 3) | Қосымша 2 | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Топтық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. | Оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалаймын. Бағалау критерийі бойынша жұптар бін-бірі бағалайды. Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы өзін – өзі бағалайды. | Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын. | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру